Иран америкалықтар үлгісінде келіссөздер жүргізбейді
ParsToday - ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:«АҚШ пен Израиль режимінің әрекеттері дипломатияны жойды»,- деді.
Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақаи дүйсенбі күні Russia Today арнасына берген сұхбатында: «Басқа елдің жоғары лауазымды тұлғалары мен басшыларына тіл тигізу және дөрекі сөйлеу, өте жағымсыз әрі қабылданбайды. Мұндай әрекет Америка Құрама Штаттарына немесе оның шенеуніктеріне құрмет көрсетпейді және мүлдем қабылданбайды»,- деп мәлімдедіParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бақаи: «Біз келіссөздер үдерісінің ортасында болдық және АҚШ өкілдерімен кездесуге тиіс едік, бірақ кенеттен сионистік режим АҚШ-тың қолдауымен және Маскатта өтуі тиіс келіссөздердің алтыншы кезеңіне екі күн қалғанда Иранға шабуыл жасады»,- деді.Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранның келіссөз үстелінен ешқашан кетпегенін айтып: «Біз әрқашан дипломатияны қолдадық, бірақ АҚШ пен Израильдің әрекеттері дипломатияны жойды, бұл шын мәнінде дипломатияға опасыздық болды»,-деп қосты.
Шартсыз бағыну - келіссөз емес
Осы аяда Иранның БҰҰ-дағы елшісі Амир Саид Иравани жексенбі күні CBS News телеарнасына берген сұхбатында Теһран мен Тель-Авив арасындағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге бағытталған АҚШ президентінің қысымын Теһран әлі күнге дейін неге қабылдамай отыр деген сұраққа былай деп жауап берді: «Сөзсіз, бағыну - келіссөз емес, бұл олардың саясатын бізге таңу». Иравани: "Егер олар келіссөздер жүргізуге дайын болса, біз де дайынбыз. Бірақ егер олар өз шарттарын таңуға ниеттенсе, олармен келіссөз жүргізу мүмкін емес»,- деп қосты.
Тахтраванчи: Америкалықтармен кездесу жоспарымыз жоқ
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Маджид Тахтраванчи Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының алдында сөз сөйлегеннен кейін Америка қайраткерлерінің Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің уақытының белгіленуі туралы уәждеріне қатысты: «Талқыланып жатқан мәселелер бойынша келісім жасалған жоқ, олардың айтқандары да шындыққа жанаспайды»,- деді.