Сионистік режимнің Иранға шабуылы неліктен кері нәтиже берді?
(last modified Wed, 02 Jul 2025 12:54:52 GMT )
Шіл 02, 2025 18:54 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Иранға шабуылы неліктен кері нәтиже берді?

ParsToday – Америкалық басылым өз мақаласында сионистік режимнің 12 күндік соғыста Ираннан жеңілу себептерін талқылады.

Американың "Foreign Policy" журналы сейсенбі күні: «Сионистік режим мен Иран арасындағы соңғы соғыс Тель-Авив үшін жағымсыз нәтижелерге ие болды және бұл режим өзінің стратегиялық мақсаттарына жете алмады»,- деп жазды.

ParsToday агенттігінің хабарлауынша, осы америкалық басылымның мақаласында былай деп жазды: «Соғыс Израильдің жаппай шабуылынан басталды, оның ішінде жасырын операциялар мен Иран нысандарына әуе шабуылдары жасалды. Бірақ Иран көп ұзамай Израиль мен Америка базаларына зымырандық шабуылдармен жауап берді. Бұл ауыр аймақтық шиеленіске әкелді. Иран осылайша қарсыластарына өз шекарасынан тыс жағдайды ушықтыруға қауқарлы екендігі туралы хабарлама жіберді».

Америкалық басылым былай деп қосты: «Израиль қайраткерлерінің мәлімдемелеріне қарамастан, Иранның ядролық бағдарламасына нақты зиян келгені хабарланған жоқ. Батыс барлау қызметінің бағалауы бойынша, бұл бағдарламаның негізгі даму нысандары бұзылмаған. Сол сияқты Израиль Иранның тежеу күшін әлсірету мақсатына жете алмады».

Foreign Policy сондай-ақ былай деп жазды: «Осы шабуылдарға жауап ретінде Иран парламенті Атом Қуаты халықаралық агенттігімен ынтымақтастықты тоқтатуды мақұлдап, ядролық екіұштылық стратегиясын қабылдады. Бұл стратегия Израиль өзінің ядролық қуаты туралы түсініктеме беруден бас тартып, инспекторлардың кіруіне жол бермей, бұрыннан ұстанған ұстанымына ұқсас».

 

Иранның зымырандық қуаты

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл шабуылдың ядролық нәтижесі нақты болмаса да, Иранның зымырандық мүмкіндіктері анық көрсетілді. Оның баллистикалық зымырандары АҚШ пен Израильдің әуе қорғанысын айналып өтіп, әскери базаларға, барлау штабтарына, мұнай өңдеу зауыттары мен ғылыми-зерттеу институттарына соққы бере алды.

Foreign Policy хабарлағандай, «Иранның жауап шабуылдары әуежайларды, әсіресе Бен Гурионды жауып, Израиль экономикасын тығырыққа тіреді. Израиль АҚШ-тың THAAD ұшқыш зымырандарына кемінде 500 миллион доллар жұмсады. Израильдің цензура орталығы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тосқауыл қойғанымен, соғыс кезінде 41 мыңнан астам өтемақы талап етілді».

Трамптың бұрынғы кеңесшісі Стив Бэннон да соғысты тоқтату Израильді құтқару үшін қажет екенін және Израильде қорғаныс жетіспейтінін айтты. Трамп та Израильдің қатты зардап шеккенін мойындады.

 

Иран ұлтшылдығының күшейуі

Америкалық журнал сөзін жалғастырып: «Иран-Израиль соғысы Иранның ішінде күтпеген әлеуметтік салдарларға ие болды және Батыстың күткеніне қайшы, саяси өзгерістер отын тұтандыру немесе билеуші режимнің күйреуі орнына ұлтшылдық сезімдер мен ұлттық бірлікті арттырды. Бұл соғыс Иранның ішкі тұрақтылығын бұзбады,  керісінше халқының арасындағы ынтымақты арттырды және Израильдің шабуылына наразылық кең таралған ұлттық мобилизацияға әкелді. Оған әртістерден спортшыларға, діндарларға, тіпті Z ұрпағына дейін әртүрлі әлеуметтік топтар қатысты.

Бұл есепке сәйкес, ирандықтар Израильдің шабуылдарынан баспанасынан айырылғандарды елеусіз қалдырмады және бұл олардың әлеуметтік жауапкершілік сезімін күшейтті.  Бейбіт тұрғындардың, балалардың, дәрігерлердің шәһид болуы ирандықтардың "соғыс оларды азат ету емес, елдерін жою" деген сенімін күшейтті.

Foreign Policy соңында былай деп жазды: «Израиль бұл соғыстың Ирандағы билеуші режимнің құлауына әкелетінін есептегенімен, нәтижелер мүлдем керісінше болды. Иранды әлсіретудің орнына Израильдің өз мақсаттарына жетудегі әлсіз жақтарын ашып, Иранның ішкі майданының ынтымағын нығайтуда тиімді рөл атқарды».