Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толығымен қосылуы үшін Ресей жоба ұсынды
Maм 24, 2016 16:37 Asia/Almaty
Ресей президенті Владимир Путиннің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы ісі жөніндегі арнайы өкілі Бахтияр Хакимов тілшілерге: "Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қосылуы мәселесін осы ұйым Сыртқы істер министрлерінің Ташкенттегі отырысында талқыға салуды мақсат етіп отыр.
Иран 2008 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қосылу үшін ресми өтініш білдірген болатын. Иран Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүшелікке шынайы үміткер болып отыр. Оның үстіне қазіргі кезде Иранға қарсы халықаралық санкциялардың күші жойылып жатыр" деді.
Тегтер