Флоренция университетінің 500 мүшесінің өтініші бойынша сионистік режиммен ғылыми ынтымақтастық тоқтатылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i81126
ParsToday - Италиядағы Флоренция университеті мүшелерінің өтінішінен кейін университеттің сионистік режимдегі бірнеше ғылыми мекемелермен ынтымақтастығы тоқтатылды.
(last modified 2025-07-23T13:59:05+00:00 )
Шіл 21, 2025 15:49 Asia/Almaty
  • Флоренция университетінің 500 мүшесінің өтініші бойынша сионистік режиммен ғылыми ынтымақтастық тоқтатылды

ParsToday - Италиядағы Флоренция университеті мүшелерінің өтінішінен кейін университеттің сионистік режимдегі бірнеше ғылыми мекемелермен ынтымақтастығы тоқтатылды.

ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Флоренция университетінің мәлімдемесінде бұл әрекеттің «академиялық бойкот» түрінде және басып алынған Палестина жерлерінде болып жатқан оқиғаларға наразылық ретінде жасалғанына тоқталып: «Университеттің бес факультеті Палестина территориясында болып жатқан оқиғаларға қарсылық белгісі ретінде Израильдің бірнеше университеттерімен қолданыстағы келісімдерді кейінге қалдырды немесе тоқтатты»,- деп айтылды.

Флоренция университетінің оқытушылары, қызметкерлері, зерттеушілері мен студенттері қол қойған петиция бүкіл академиялық қауымды сионистік режимнің Газа тұрғындарына қарсы қылмыстары үшін ұжымдық жауапкершілікке тартуға шақырады.

Үндеуде: «Біз Израильдің Газа секторындағы мектептерге жасалып жатқан шабуылдарын ерекше айыптаймыз, өйткені Газада тұратын палестиналықтардың білім алуына қазір барған сайын қауіп төніп тұр», - делінген.

Хабар көздері бұған дейін Дублиндегі беделді Троица университетінің қамқоршылар кеңесінің сионистік режимнің Газадағы соғыс кезінде халықаралық және гуманитарлық заңдарды бұзуының жалғасуына наразылық білдіріп, Израиль университеттері мен компанияларымен байланыстарды үзуге келісті деп хабарлаған болатын.

Шешім Израиль мекемелерімен білім беру, ғылыми-зерттеу, коммерциялық және инвестициялық серіктестіктер мен студенттер алмасу келісімдерін тоқтатуды қарастырады. Шешімге сәйкес, Тринити университеті бұдан былай Израиль институттарымен ынтымақтастықты жеңілдетпейді немесе қолдамайды.

Бұл шешім Швейцариядағы Женева университеті де Газадағы соғысқа байланысты басып алынған Палестинаның маңызды университеттерінің бірімен ынтымақтастығын үзгеннен кейін жарияланды.