Түркіменстан мен Өзбекстанның Қазақстанмен шекаралары жабылды
Қазақстандық ақпарат құралдары Қазақстанның Түркіменстан мен Өзбекстан Республикаларымен арадағы шекараларының жабылғанын хабарлады.
Ахар сайтының хабарлауы бойынша, Маңғыстау облысы әкімшілігінің қоғаммен байланыс бөлімі сәрсенбі күні Түркіменстан мен Өзбекстан Республикаларының Қазақстанмен арадағы шекараларын жапқанын хабарлады.
Аталмыш хабарға сәйкес, Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы шекараның жабылуы Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедовтің 29 мамыр, жексенбі күнгі сапарымен , ал Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның жабылуы екі ел арасындағы шекарада орын алған ауыр кептеліске байланысты деп хабарланды. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы әкімшілігінің қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауы бойынша, кезекті хабарлауға дейін Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстан Республикалары арасындағы шекара жабық болады.