Испаниялықтар сионистік режимнің «Тұрақтылық флотилиясы» белсенділерін заңсыз тұтқындауына наразылық білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i84042-Испаниялықтар_сионистік_режимнің_Тұрақтылық_флотилиясы_белсенділерін_заңсыз_тұтқындауына_наразылық_білдірді
ParsToday – Испанияның Барселона қаласында жүздеген адамдар сионистік режиммен заңсыз ұсталған гуманитарлық «Тұрақтылық флотилиясы» белсенділерін босату үшін шеруге шықты.
(last modified 2026-05-03T15:29:50+00:00 )
Maм 03, 2026 19:37 Asia/Almaty
  • Испаниялықтар сионистік режимнің «Тұрақтылық флотилиясы» белсенділерін  заңсыз тұтқындауына наразылық білдірді

ParsToday – Испанияның Барселона қаласында жүздеген адамдар сионистік режиммен заңсыз ұсталған гуманитарлық «Тұрақтылық флотилиясы» белсенділерін босату үшін шеруге шықты.

ParsToday-дің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Испанияның Барселона қаласында жүздеген адамдар «Израильді тоқтатыңдар. Терроризмді тоқтатыңдар», «Еуропа Одағы; Израильді қолдауды тоқтат» немесе «Тұтқындарды босатыңдар» сияқты ұрандарымен наразылық білдіріп, Израиль режимімен халықаралық суларда заңсыз ұсталған «Тұрақтылық флотилиясы» белсенділерін босатуды талап етті.

Бұл наразылық акциясына қатысушылар Барселонадағы Еуропа комиссиясының орналасқан мекеннің алдына жиналып, Палестина туларын көтеріп, Тель-Авив әрекетіне наразылық білдіріп, аштық жариялаған екі белсендіні босатуды талап етті.  

Абукешк және Авила – «Тұрақтылық флотилиясының» екі белсендісі жексенбіде сионистік басшылардың тұтқын мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау үшін Ашкелон сотының отырысына қатысады.