АҚШ Конгресінің соғысқұмар және Иранға қарсы сенаторы Линдси Грэм өлді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i84992-АҚШ_Конгресінің_соғысқұмар_және_Иранға_қарсы_сенаторы_Линдси_Грэм_өлді
ParsToday - Жаңалықтар көздері соғысқұмар және Иранға қарсы, республикашыл АҚШ сенаторы Линдси Грэмнің өлгенін хабарлады.
(last modified 2026-07-12T12:47:17+00:00 )
Шіл 12, 2026 16:19 Asia/Almaty
  • АҚШ Конгресінің соғысқұмар және Иранға қарсы сенаторы Линдси Грэм өлді

ParsToday - Жаңалықтар көздері соғысқұмар және Иранға қарсы, республикашыл АҚШ сенаторы Линдси Грэмнің өлгенін хабарлады.

ParsToday Fars News Agency-ге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Линдси Грэмнің кеңсесі 11 шілде күні кешке АҚШ сенаторы Линдси Грэм кенеттен аурудан қайтыс болғанын мәлімдеді.

Оңтүстік Каролинанің республикашыл сенатор Грэм өзінің саяси мансабында АҚШ Конгресіндегі Иранға қарсы ең қатал сенаторлардың бірі ретінде танымал болды. Ол АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан (JCPOA-дан) шығуын және барынша қысым жасауын қолдаушылардың бірі, сонымен қатар Иранға қарсы әскери күш қолданумен сан рет ашық түрде қорқытты.

Оның Тегеранға қатысты саясаты санкцияларды қолдану, ашық әскери қоқан-лоққы көрсету және аймақтағы Иран мүдделеріне қарсы Израильдің кез келген дұшпандық әрекетін сөзсіз қолдау болды.

Сонымен қатар, Израильдің ішкі қауіпсіздік министрі Бен Гвир американдық сенатордың өліміне қайғырып: «Бүгін Израиль өзінің ең жақын достарының бірін жоғалтты», - деді.