Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i8653-Астанада_Жоғары_Еуразиялық_экономикалық_кеңестің_отырысы_өтті
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жоғары экономикалық кеңесінің отырысы Астанада өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 01, 2016 13:07 Asia/Almaty
  • Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жоғары экономикалық кеңесінің отырысы Астанада өтті.

Бұл отырысқа Қазақстан, Ресей және Беларусьтің мемлекет басшыларымен бірге Армения және Қырғыз Республикасының Президенттері қатысып, Еуразиялық экономикалық одақтың ағымдағы мәселелерімен бірге бұл одақтың басқа шетелдермен сауда ынтымақтастықтарын кеңейту мәселесін қарастырды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің басшыларынан құрылған бұл одақтың жоғары органы - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі өзінің жылдық отырыстарында одақтың алдағы бағдарламаларын қарастырып, бекітеді.

Еуразиялық экономикалық одақ географиялық тұрғыдан 20 миллион шаршы шақырым көлемге ие болып, бұл одақтың жерлерінде 180 миллионнан астам адам өмір сүреді. 2013-ші жылы аталмыш одақтың ішкі өнімі шамамен 4 миллиард долларға жетті. Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысының басталуымен Дүниежүзілік сауда ұйымының заңдары бойынша бұл одаққа мүше елдердің арасындағы сауданы жақсартатын және мүшелерінің көбіне жеңілдік беретін үлкен нарық қалыптасады. Еуразиялық экономикалық одақтың шекараларында тауарлардың, инвестиция мен жұмыс күшінің еркін қатынасы және энергетика, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы мен тасымалдау салаларында ортақ саясат қалыптастыру аталмыш одақтың мақсаттары ретінде аталды.

Еуразиялық экономикалық одақтың негіздері бойынша біртіндеп кедендік заңдарды жою, сонымен бірге осы одаққа мүше елдердің арасында ортақ шетелдік тарифтер орнату бұл одақтың келесі мақсаттарына жатады. Осы кезге дейін бұл одақтың негізгі құрушыларының арасында қалыптасқан кедендік негіздерді барлық мүшелерінің арасында бірдей қалыптастыру қарастырылуда.

Кейбір бақылаушылар Ресейдің бұл одақты іргетасын қалаушыларының бірі ретіндегі мақсатын Мәскеудің кеңес Одағының бұрынғы республикаларымен экономикалық және саяси ынтымақтастықтарын жандандыру деп санайды. Басқа жақтан Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысының басталуы туралы ресми жариялағаннан шамамен бір жылдан кейін мүше елдерінің ортақ үлкен нарығын құрды.

Еуразиялық экономикалық одақ осы кезде Кеңес одағының бұрынғы республикаларының арасында серіктестік орнатушыға айналуда деп айтуға болады. Еуразиялық экономикалық одақ шын мәнінде мүше елдерінің өткен жылдары ынтымақтастыққа жетіп, экономикалық дамуға қажетті жағдай тудыруының нәтижесі.

Кейбіреулер Еуразиялық экономикалық одақтың жылдам дамуына бұл елдердің жерлерінде азат сауда жүйесінің орнатылуы себеп болды деп санайды. Расында бұл әрекет экономикалық ынтымақтастықтың келесі дәуірінде кедендік одаққа жағдай тудырады. Басқа жақтан Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері Мәскеуге, ал Мәскеу оларға тәуелді болып, табиғи ресурстарды өнімге айналдыруға шоғырлануда. Осыған орай одақтың мүшелері халықаралық қаржы ұйымдарының олардың әртүрлі бөлімдеріне инвестиция салуын күтуде.