Ресейлік спортшылар олимпиада медальдарын қайтарды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i8671-Ресейлік_спортшылар_олимпиада_медальдарын_қайтарды
2 ресейлік спортшы 2012 жылғы Лондон олимпиадасындағы допинг тестерінің нәтижесі оң болып шыққан соң өздерінің медальдарын қайтарды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 01, 2016 18:12 Asia/Almaty
  • Ресейлік спортшылар олимпиада медальдарын қайтарды

2 ресейлік спортшы 2012 жылғы Лондон олимпиадасындағы допинг тестерінің нәтижесі оң болып шыққан соң өздерінің медальдарын қайтарды.

Швейцарияның Лозанна қаласындағы спорт соты шешім қабылдаған соң 50 шақырымдық жаяу жүруден алтын медальдың иегері Сергей Кирдяпкин және 20 шақырымдық жаяу жүрістің күміс медаль иегері Ольга Каниськина өз медальдарын жеңіл атлетика әлемдік федерациясына қайтарды.

Халықаралық спорт сотының шешімі бойынша допинг тестерінің нәтижесі оң болып шыққаннан кейін осы екі спортшының 2009 жылдан 2012 жылға дейінгі қол жеткізген барлық атақ-нәтижелері қайтарып алынды.