Инче-Борунның рельстік дәліздегі мүмкіндіктері таныстырылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i8716-Инче_Борунның_рельстік_дәліздегі_мүмкіндіктері_таныстырылды
Инче-Борунның Иран мен Түркіменстан және Қазақстанның рельстік дәлізіндегі мүмкіндіктерін қарастырып, таныстыру мақсатындағы форум Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысының орталығы Горганда өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 02, 2016 14:31 Asia/Almaty
  • Инче-Борунның рельстік дәліздегі мүмкіндіктері таныстырылды

Инче-Борунның Иран мен Түркіменстан және Қазақстанның рельстік дәлізіндегі мүмкіндіктерін қарастырып, таныстыру мақсатындағы форум Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысының орталығы Горганда өтті.

Форумға Иран, Түркіменстан мен Қазақстанның өнеркәсіп және сауда бөлімі саласының бизнесмендері мен саудагерлері және басшылар қатысты. Каспий теңізінің шығысында салынған Инче-Борун темір жолының үш елдегі ұзындығы шамамен 910 километрге жетеді. Осы темір жолдың 120 км Қазақстанда, 700 км Түркіменстанда. «Солтүстік-оңтүстік» рельстік өткел деп те аталатын 82 километрлік бөлігі Иранда.

Горган-Инче-Борун темір жолы Орталық Азия елдерін Парсы шығанағы мен Азияның оңтүстік-шығыс елдеріне қосады.

Ирандағы Қазақстан темір жолы өкілдігінің басшысы да осы уақытқа дейін Иран мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы құнының жылына бір миллиард доллардан төмен болғанын айтып, екі елдің келісім жасауымен бұл санның бес миллиард долларға жететінін мәлімдеді. Гүстан облысындағы Қазақстанның консулы О.Оңалбаев та тауар айналымын арттыру үшін барлық мүмкіндіктердің, әсіресе темір жол мүмкіндіктерінің барынша қолданылуы керектігін айтты.