Ресей доллар мен евроны пайдаланбай сауда жасау үшін үлкен қадамдар жасауда
https://parstoday.ir/kz/news/world-i8749-Ресей_доллар_мен_евроны_пайдаланбай_сауда_жасау_үшін_үлкен_қадамдар_жасауда
Ресей федерациясы соңғы жылдары сауда айналымдарын доллар мен евроны пайдаланбай, екі жақты қаржы келісімін пайдаланып қалыптастыру жолында үлкен қадамдар жасады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 03, 2016 02:55 Asia/Almaty
  • Ресей доллар мен евроны пайдаланбай сауда жасау үшін үлкен қадамдар жасауда

Ресей федерациясы соңғы жылдары сауда айналымдарын доллар мен евроны пайдаланбай, екі жақты қаржы келісімін пайдаланып қалыптастыру жолында үлкен қадамдар жасады.

Иранның хабар агенттігінің мәліметі бойынша Қытай мен Ресей екі жыл бұрын бір келісімге қол қойған болатын. Соған байланысты доллардың рөлі екі елдің экспорттық төлемдерінде қатты төмендеді. Құны 815 миллиард рубльді (150 миллиард юань) құраған екіжақты қаржы келісімінің қорытынды мәтініне екі ел басшылары қол қойды. Ресейліктер Беларусь, Қазақстан, Армения, Тәжікстан және Қырғызстан сынды ТМД-ның бес елімен көп жақты қаржы келісіміне ие, яғни аталмыш елдер арасында сауда мәмілелері доллар мен евроны қажет етпей, тараптардың ұлттық валюталары арқылы жасалады.

Осы уақытқа дейін халықаралық сауда байланыстарында алпысқа жуық екі жақты қаржы келісіміне қол қойылды.

Ресейдің өзінің шетелдік банктік жүйесін нығайту және батыстың валюталарына деген тәуелділігін азайту бағытындағы талпынысы Кремльдің стратегиялық саясаты саналады.

Ресей осы саясатты жүзеге асыру арқылы валюталық айналымындағы Swift-тің әсерінің деңгейін төмендетпек.