Иран АҚШ-тың қоқан-лоққыларына кесімді түрде жауап береді
Маусым 04, 2016 18:30 Asia/Almaty
ИИР Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары: «Иран АҚШ-тың әскери қоқан-лоққыларына төтеп беруге дайын»,-деп мәлімдеді.
ИИР Қарулы күштерінің ақпарат өкілі сардар сейіт Масуд Джазаери АҚШ-тың президенттігіне үміткер бір қайраткердің Иранға әскери шабуыл жасау туралы жуырда айтқан сөздеріне реакция білдіріп: «АҚШ-тағы Иранға қарсы барлық таңдау жолдары бір жарнамалық шоу ғана.
Иран халқы мен Қарулы күштері ешқашан соғысты қаламайды, бірақ өзінің қару-жарақтық және қорғаныстық дайындығынан бір сәтке де қапы қалған емес. АҚШ-тың әскери қоқан-лоққылары жүзеге аса қалған жағдайда оған төтеп беруге дайын»,-деп баса айтты.