Иран өкілі АҚХА-нің Басқарма кеңесінің отырысында мәлімдеме жасады
(last modified Thu, 09 Jun 2016 08:00:26 GMT )
Маусым 09, 2016 14:00 Asia/Almaty
  • Иран өкілі АҚХА-нің Басқарма кеңесінің отырысында мәлімдеме жасады

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иран ислам республикасының өкілі «алтылық» елдерінің өз міндеттемелерін өзара толығымен орындауын «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының негіздемесі және осы келісімнің маңызды бөлімі деп атады.

 

ИРНА- ның хабарлауынша, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иран өкілі Реза Наджафи АҚХА- ның Басқарма кеңесінің Иран туралы сәрсенбі күнгі отырысында: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы күшіне енгізілген күннен Иран келісімдегі өз міндеттемесін толығымен орындауды жалғастырып келе жатыр. Осы жайтты АҚХА қадағалап, растап отыр.

Теһран сан рет ескерткендей, «алтылық» елдерінің өз міндеттемелерін өзара толығымен орындауы «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының негіздемесі және осы келісімді сақтау үшін оның маңызды бөлімі болып табылады» деді.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иран өкілі сионистік режим өкілінің Басқарма кеңесінің отырысында ядролық қаруларды таратуға алаңдаушылық білдіруін масқара деп атап: «Осы режим ешқашан жаппай қырып-жоятын қаруларды қолдануы мен өрістетуін қойған емес. АҚХА-ның инспекторларына өзінің рұқсатсыз, жасырын ядролық нысандарын аралауға жол бермей, ондаған ядролық оқ тұмсығын ұстап отыр.

Сионистік режим осы уәждерімен аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке шынайы қауіп болып табылатын Израильдің ядролық қарулар бағдарламасын жасыра алмайды» деді.