Қазақстанның бизнесмендері Фарс облысынан азық-түлік өнімдерін импорттауға әзірліктерін мәлімдеді
Қазақстандық бизнесмендер Фарс облысынан азық-түлік өнімдерін импорттауға әзірліктерін мәлімдеді.
ИРНА-ның мәліметінше, Қазақстанның бизнесмендері мен экономика саласының мамандар тобы сейсенбі күні Иранның Фарс облысының орталығы Шираз қаласында орналасқан үлкен өнеркәсіптік қалашықтың өнім шығаратын бірліктерінің кейбіреулерін аралап, екіжақты сауда айналымын арттырып, азық-түлік импорттауға әзірліктерін мәлімдеді.
Қазақстанның азық-түлік өнімдерін тарататын ірі компанияларының бірінің басшысы елінің Иранмен экономикалық қарым-қатынастарын нығайтуға дайын екендігін мәлімдеп: «Фарс облысы ауылшаруашылық саласындағы Иранның потенциалы жоғары аймағы болып табылады. Оның үстіне Қазақстан бұл өнімдер үшін лайықты нарық саналады",- деді.
Фарс өнеркәсіптік қалашықтар компаниясы директорының орынбасары Сейед Хашем Мусави да Иран мен Таяу Шығыс аймағының азық-түлік саласындағы бірқатар бірліктердің Фарс өнеркәсіптік қалашықтарындағы жұмыстарына тоқталып: «Жаңа технологияларға ие бұл өнеркәсіптік бірліктердің бизнес пен экономика салаларында ынтымақтастық қалыптастыру үшін жақсы мүмкіндіктері бар. Олардың өнімдері мен қызмет көрсету тәсілі халықаралық деңгейде танымал»,- деп мәлімдеді.