Назарбаев: Иран Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болады
Қазақстан республикасының Елбасы Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болуы үшін бастапқы шаралардың жасалғанын хабарлады.
ИРНА- ның «Россия сегодня» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық отырыс аясында: «Үндістан мен Пәкістан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ағымдағы айдағы отырысында ресми мүшелікке өтеді. Иран да содан кейін осы ұйымға қосылатын болады.
Иранның мүше болып кіруімен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жалпы 3 млрд халқымен ірі алпауытқа айналады. Мұндай ұйыммен ынтымақтастық жасау пайдалы болмақ» деді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының екі күндік отырысының 16- шы кезеңі 23- ші маусымда Өзбекстанның астанасы Ташкентте басталады.
Иран 2005 жылдан бері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында бақылаушы мүше мәртебесіне ие болып, осы ұйымға мүшелікке өтуге өтініш білдірген.