Назарбаев: Иран Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i9547-Назарбаев_Иран_Шанхай_Ынтымақтастық_Ұйымына_мүше_болады
Қазақстан республикасының Елбасы Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болуы үшін бастапқы шаралардың жасалғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 18, 2016 09:45 Asia/Almaty
  • Назарбаев: Иран Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болады

Қазақстан республикасының Елбасы Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болуы үшін бастапқы шаралардың жасалғанын хабарлады.

ИРНА- ның «Россия сегодня» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық отырыс аясында: «Үндістан мен Пәкістан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ағымдағы айдағы отырысында ресми мүшелікке өтеді. Иран да содан кейін осы ұйымға қосылатын болады.

Иранның мүше болып кіруімен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жалпы 3 млрд халқымен ірі алпауытқа айналады. Мұндай ұйыммен ынтымақтастық жасау пайдалы болмақ» деді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының екі күндік отырысының 16- шы кезеңі 23- ші маусымда Өзбекстанның астанасы Ташкентте басталады.

Иран 2005 жылдан бері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында бақылаушы мүше мәртебесіне ие болып, осы ұйымға мүшелікке өтуге өтініш білдірген.