Ресейдің ұжымдық байланыс агенттігі Иранға алғыс айтты
Ресейдің баспа және ұжымдық байланыстар агенттігі Ресейдің Теһран халықаралық кітап көрмесіне арнайы қонақ ретінде қатысуға Иранның ынтымақтастық жасағаны үшін алғыс айтты.
Ресейдің баспа және ұжымдық байланыстар агенттігі Иранның Мәденит және исламдық бағдар министрінің мәдени орынбасары Аббас Салехиге хат жолдап, Ресей федерациясы президентінің арнайы өкілінің Теһрандағы 29- шы халықаралық кітап көрмесіне қатысуы үшін ынтымақтастық жасағанына алғыс білдірді.
Ресейдің баспа және ұжымдық байланыстар агенттігі осы ел өкілінің Иранның мәдени тұлғаларымен және құжаттар мен ұлттық кітапхана ұйымының төрағасы Реза Салехи Әмиримен отырыстар өткізгеніне ризалық білдіріп: "Теһран мен Мәскеу осы отырыстарда маңызды келісімдерге қол жеткізді. Келісімдер екі елдің гуманитарлық ілім саласында ынтымақтастықтарды кеңейтуіне зор көмектеседі" деді.
Теһрандағы 29- шы халықаралық кітап көрмесі мамыр айының 4- 14 күндері аралығында өтті. Ресей осы көрмеге арнайы қонақ ретінде қатысты.