Сегіз жылдық Қасиетті қорғаныс кезеңінің батырлары 1
Әрбір халықтың тарихында жарқыраған, мақтанышқа толы кезеңдер бар. Бірақ кейбір халықтар жәуәнмәрттік және зұлымдықпен күресетін рухы мен батылдық және өз елдері мен діндерін қорғауда жанкештілік танытуы мен әлем халықтарының арасында өркениет қалыптастырушылығына байланысты үлкен рөлге ие.
Әрбір халықтың тарихында жарқыраған, мақтанышқа толы кезеңдер бар. Бірақ кейбір халықтар жәуәнмәрттік және зұлымдықпен күресетін рухы мен батылдық және өз елдері мен діндерін қорғауда жанкештілік танытуы мен әлем халықтарының арасында өркениет қалыптасырушылығына байланысты үлкен рөлге ие. Ирандықтар осындай халықтардың қатарына жатады.
Иранның ислам революциясы 20 ғасырдағы әлемдегі ең үлкен өзгерістердің бірі болды. Иранның ислам революциясы әлем екі алпауыт құдіреттің: батыс пен шығыстың арасында бөлінген кезде орын алды. Осындай жағдайда Иранның ислам революциясы «не шығыс емес», «не батыс емес» деген ұранмен ислам республикасы болып жеңіске жетті. Бірақ патшалық жүйе құлатылған алғашқы күндерден бастап ислам республикасының жаңадан бой көтерген жүйесін жою үшін екі алпауыт құдірет пен олардың одақтастары, яғни батыс пен шығыс тарапынан дұшпандықтар басталды. Саяси топтарға тәуелді, Ираннан тыс жердегі қолдаушыларына сүйенген революцияға қарсы топтар ИИР-ның жаңа құрылған жүйесінің бағандарына соққы жасауда ештеңеден аянып қалмады. Революцияға қарсы топтар Иранның шекаралық облыстарында лаңкестік әрекеттерімен қоса, Иранның кейбір облыстарында бөліну туралы талаптар қойып, соны күшейтіп, кеңейтуге талпыныс жасады. Курдистан мен Хузестан облыстары осындай облыстардың қатарында болды.
Сол уақытта осындай жағдайға байланысты Иранның революцияшыл жастары елді басқаруда патшалық жүйенің күйреген органдарын ұйымдастыру үшін талпыныс жасаумен қатар елді басқару жолында тағы да басқа бірнеше шепте соғысуы керек болды. Осындай жағдайда «Басидж» Ислам революциясы Сақшылар корпусының жаңадан аяқ басқан ұйымдарының бірі ретінде ислам революциясының жетістіктерін қорғауда халықтық күштерді ұйымдастыру үшін құрылған болатын.
Ислам революциясының жеңісінен кейінгі жағдайда, яғни Иранда 2500 жылдық жүйе құлағаннан кейін халықтық әскери және тәртіп сақшылары органдарын құру ислам революциясы дұшпандарының Иран ислам республикасының жаңадан бой көтерген жүйесін құлатуды көздеген қастандықтарын залалсыздандырып, жеңіліске ұшыратты. Әсіресе Саддам режимінің ИИР-на қарсы таңған соғысы мен сегіз жылдық Қасиетті соғыс барысында әскери және халықтық тәртіп сақшылары ұйымдары бірлесіп, ИИР-ның аумағына жасаған шабуылмен қарсыласуда Иранның Иракпен шекарасындағы 1200 км жерде ерекше рөл атқарды. Сол себепті Иранның Иракпен шекаралық бес облысы соғысқа шырмалғанда соғысты басқару жауапкершілігіне олардың есімдері ИИР-ның шарықтаулар мен құлдырауларға толы тарихында қалған, аңыз-әпсана және қаһармандар түрінде Иран халқының есінде қалған адамдар ие болды. Егер «баас» режимі тарапынан ИИР-на жасалған шапқыншылықпен қарсыласудағы, сонымен қатар революцияға қарсы топтармен күрестегі осы қаһармандар болмағанда ИИР-ның тарихы да басқаша болар еді.
Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс кезеңі ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің айтуы бойынша, Иран халқының мақтаныштарының шыңы болды. Саддамның «баас» режимінің ИИР-ның жеріне шабуылының 36-шы жылдығына арналған бағдарламалар жиынтығында сегіз жылдық қасиетті қорғаныс кезеңінің кейбір батырлары мен қолбасшыларын еске алуды мақсат еттік. ИИР-да Саддам режимінің ИИР-на шабуыл жасаған аптасының жылдығы Қасиетті қорғаныс апталығы деп аталған.
Ислам тұрғысынан джиһад пен қорғаныс өте жоғары құндылық саналып, діни қасиетті ең маңызды істердің қатарында аталады. Шаһид Моттахари бұл жайлы былай деп жазды: «Ислам егер біреу бетіңнің оң жағынан ұрса, сол жағыңды ұсын дейтін дін емес; Құдайдың ісін Құдайға, патшаның ісін патшаға тапсыр дейтін дін емес; сонымен қатар қасиетті әлеуметтік идеясы жоқ дін емес, немесе қорғаныс жолындағы талпыныс пен сол идеяны таратуды қажет деп санамайтын дін емес. Құран Кәрім қасиетті үш түсінікті өзінің көптеген аяттарында бірге келтіреді: иман, хиджрат және джиһад. Құран көзқарасы бойынша, адам – иманға тәуелді жаратылыс иесі. Барлық нәрседен бұрын бұл жаратылыс иманға тәуелді. Ол өзінің иманын құтқару үшін хиджрат етеді. Қоғамның иманын құтқару үшін, қоғамды имансыз қара күштің шеңгелінен құтқару үшін джиһадқа шығады».
Ирандық жастар туған жерін азат етіп, имандары мен революцияларын қорғау үшін ғана «баастық» басқыншылармен соғысу үшін майданға барған жоқ. Сол себепті де сегіз жылдық бұл соғыс Қасиетті қорғаныс деп аталды. Теңсіз соғыстағы алдыңғы шептегі қолбасшылардың бірі доктор Мостафа Чамран болды.
Мостафа Чамран хиджри шамси жыл санағы бойынша 1311 жылы Теһранда Сарпулак деген ауданда дүниеге келді. Ол Саве ауылынан Теһранға көшіп келген Чамран Савуджидің перзенті болған. Чамран бастауыш білімді Ентесарие мектебінен алып, Дар ал-Фонун мен Альборз мектептерінде оқыды. Мостафа Чамран орта мектепті аяқтап, аттестат алған соң Теһран университетінің техникалық факультетінде білімін жалғастырып, электр механигі мамандығы бойынша диплом алды. Мостафа Чамран техникалық факультетте бір жыл сабақ берді. Ол білім алуының барлық кезеңінде озат оқушы болды. Чамран озат оқушыларға берілетін грантты пайдаланып, Америкаға аттанды. Ол Калифорниядағы әлемнің ең танымал ғалымдарынан білім алып, Американың ең беделді университеті Берклиде ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысқаннан кейін электроника және плазманың физикасы мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.
Доктор Чамранның докторлық диссертациясының тақырыбы сол кезде Батыстағы ең өзекті ғылым саналған плазма мен магнетрон физикасы тақырыбы болды.
Чамран ғылыми саладағы талпыныстары мен білім саласындағы жетістіктерімен қатар саяси және қоғамдық салаларда да әсерлі құзырға ие болды. Ол жасөспірім кезінен бастап Һедаят мешітінде марқұм Талеғанидің тәпсір сабағы сынды исламдық сабақтарға қатысып, Теһран университеті студенттерінің исламдық қоғамдастығының алғашқы мүшелерінің бірі болды. Чамран Америкада да сабақтың көптеген қиындықтары мен елден жырақта болғанына қарамастан өзінің саси күрестерінен бас тартпағанымен қатар, тіпті Америкадағы ирандық студенттердің ирандық ассамблеясы, Америкадағы мұсылман студенттердің исламдық ассамблеясы сынды ұйымдар құрды. Доктор Чамран университетті аяқтаған соң NASA-ға қарасты жасанды спутниктер мен басқарылатын зымырандар және үшқырлы радиолокациялық радарлар саласында зерттеу жасайтын "Bell Labs атты зерттеу орталықтарының бірінде жұмыс істеп, бірнеше университет оны сабақ беруге, тіпті толық профессорлық дәрежеде шақырғанымен, ол кісі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуды құп көрді. Доктор Чамран өзінің саяси күрестеріне байланысты Мохаммад Реза Пехлевидің қатты қысымында болып, оқу гранты аяқталып, стипендиясы тоқтатылып, соңында тағдырды шешуші таңдауда тіпті америкалық көптеген ғалымдар қызғанатындай өзінің ғылыми және қоғамдық жағдайын шах режимімен күрес үшін тастап, Мысырға аттанды. 1963 жылдан кейін Джамал Абд ул-Насердің уақытында Мысырға барған ол екі жыл бойы партизандық соғыстардың дайындық сабақтарынан өтіп, кейін 1965 жылы Ливанға барып, имам Мұса Садрдың көмегімен және Ливан шиіттерінің «Шетафт» және «Махруман» қозғалысымен бірге, кейін Амол ұйымымен бірге сионистік режиммен күрестің негізін қалады.
Ислам революциясының жеңісінен кейін шәһид Чамранның өмірінің үшінші кезеңі басталды. Ол отаннан жырақта болған 21 жылдан кейін Иранға оралып, өзінің революциялық және ғылыми тәжірибелерін елге қызмет етуге арнап, барлық талпыныстарын ислам революциясын қорғайтын алғашқы топтарды тәрбиелеуге жұмсады. Ол революция істерінің премьер-министрінің орынбасары болып, үлгі боларлық жанкештілік және батырлықпен революцияға қарсы қастандықтарды залалсыздандыруға, Күрдістанның ушыққан жағдайын түзетуге атсалысып, Паве қаласында ұмытылмайтын қарсыласудың дастанын тудырды. Бұл қала ислам революциясының жеңісінен кейін революцияға қарсы топтардың белсенділіктері артқан орталыққа айналды. Революция күштері мен революцияға қарсы топтар арасында қатты шайқас болды. Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейнидің доктор Чамранға тапсырған міндеттерінің бірі Паве қаласында революцияға қарсы күштердің қоршауынан армия мен халықтық күштерді шығару болды.
Доктор Чамран мен халықтық күштердің қарсыласуы соңында Паве қаласын революцияға қарсы күштердің қоршауынан азат етті. Паве оқиғасынан кейін имам Хомейни доктор Чамранды Қорғаныс министрі етіп тағайындады. Ол осы лауазымда да елдің армиясын дамыту және қорғаныс күштерін ұйымдастыруда кең ауқымды іргелі шараларды жүзеге асырды.
Доктор Чамран билік, атақ-даңқ пен байлық талап еткен адам болған жоқ. Сол себепті де қандай лауазымға тағайындалмасын барлығында ислам революциясының жетістіктерін қорғау үшін революцияға қарсы топтармен күреске әзір болды. Таңған соғыс пен Саддам режимі шабуылының басталуымен доктор Чамран Хузестан облысының орталығы Ахвазда «баастық» армиямен күресу үшін соғыс штабын құрды. Доктор Чамран Ирактың «баас» армиясының шабуылымен күресіп, елді қорғау үшін Хузестанға келген халықтық күштерді ұйымдастырып, шапқыншыларға тосқауыл қоюда табысқа жетті. Кейбір аймақтарда да «баастық» шапқыншыларды кейін қууда да жетістіктерге қол жеткізді. Исламның даңқты сардары миссияларының бірінде соғыс майданында минометтің жарылуы салдарынан өзінің арманы болған Алланың жолындағы шәһидтікке жетті.
Ислам революциясының негізін қалаған имам Хомейни доктор Чамранның қайтыс болуына орай жолдауында: «Ғазиз Чамран пәк, риясыз, саяси топтарға тәуелсіз ақидамен, илаһи үлкен мақсатқа жету сенімімен Алланың жолындағы джиһадты өмірінің басынан бастап, соңында аяқтады. Ол тіршілікте мағрифат нұрымен, Құдаймен байланыста қадам басып, соның жолында джиһадқа шығып, өз жанын пида етті. Ол абыроймен өмір сүріп, абыроймен шәһид болып, Хаққа жетті. Өнер деген – саяси айғай-шусыз және шайтандық өзін-өзі көрсетушіліксіз Құдай жолында джиһадқа шығып, өзін мақсат жолында пида ету. Бұл Құдай жолындағы ерлердің өнері. Ол ұлы Құдайдың алдына абыройммен аттанды. Марқұмның рухы шат, есімі мәңгілікке сақталсын!».