Ирандағы президенттік сайлау (18)
(last modified Sat, 10 Jun 2017 19:26:05 GMT )
Маусым 11, 2017 01:26 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау (18)

Сайлау кезеңі ерекшеліктерінің бірі – түрлі  саяси жүйелерді салыстыру мүмкіндігінің туындауы. Бұл ойшылдар үшін басқа елдердің саяси жүйелерін түрлі қырлардан талқылауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі бағдарламада аймақтағы кейбір елдер, соның ішінде, сайлау тарихына ие бірнеше елдің қатарына кіретін Пәкістан мен Үндістан елдерінің саяси жүйелеріне шолу жасаймыз.

Ирандағы сайлау жүйесініңкейбір көршілес елдердің, соның ішінде, Үндістан, Пәкістан, Түркия мен тағы басқа елдердің жүйелерімен ұқсастықтары бар. Ұқсастықтардың болуы қалыпты іс болғанымен, түрлі елдердегі сайлауларды бір-бірінен ажырататын нәрсе – олардың ауқымдылығы мен қоғамның барлық топтарының жасампаздығы. Осылайша, бір мемлекетте өмір сүріп жатқан халық діні, нәсілі мен қауымдарына қарамастан, ешқандай кемсітушіліксіз сайлау тағдырын анықтауға қатыса алады.

Аймақ пен Иранның төңірегіндегі көптеген елдер, соның ішінде, Үндістан қауымдар, діндер мен мәдениеттердің көп болуына байланысты Иранмен ұқсас. Мысалы, Үндістанда мәдениеттері әртүрлі және ислам, индуизм, буддизм және мәсихи сияқты түрлі діндерді ұстанатын қауымдар өмір сүреді. Бұл әртүрлілік бұл елдің 72 ұлттан құралған мемлекет деп аталуына себеп болды. Үндістан осы тұрғыдан әлемдегі ең үлкен демократия ретінде танылған. Иранда да түрлі қауымдар, соның ішінде, түріктер, лурлар, күрдтер, балучтер, арабтар және шиіттік, сүнниттік ағымдар, зороастризм, яһуди және мәсихи діндер мен мазхабтарды ұстанатын түрлі топтар өмір сүреді. Сол себепті сайлау жүйесінде осы топтарды да назардан тыс қалдырмау маңызды болып табылады.

Саяси мәселелердің маманы Әли Реза Давуди былай дейді: «Біздің алдымызда бірнеше бөлік бар:бірінші бөлік – демократиялық жүйелер. Иранда діни демократия орнаған. Мұндай жүйелердің тұрақтылығы әдетте шетелдерде жасалып жатқан қастықтарға қарсы сол елдің тіректерін нығайту мақсатындағы белсенділіктің артуына байланысты. Үндістан сияқты елдердің басты көрсеткіштерінің бірі – осы үлгіні пайдалануы. Бұл елдерде діни қағидалардың әмірі жүрмейтіні анық. Бірақ, олар ірі алпауыттармен күресуге бар күштерін салады. Бұл жүйелерден  алпауыт елдермен күреске негізделген демократиялық жүйені көреміз. Егер оған діни үкімдер келіп қосылса онда жағдай өзгереді».

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Үндістанда 150 миллион мұсылман өмір сүреді. Бұл елдің барлық халқының 14 пайызын құрайды. Бірақ Үндістан мұсылмандарының сайлауға қатысты алаңдаушылықтарының бірі –олардың сайлауға қатысып отырған партиялар мен үміткерлерге жасаған өтініштеріне немқұрайдылық танытылуы. Әдетте партиялар мен үміткерлер сайлау алдында мұсылмандарға Парламентте орын беру арқылы олардың қоғамдағы орнын нығайту және мұсылман жастармен әділ қатынас орнату сияқты уәделер берілгенімен, олар ешуақытта жүзеге асырылмайды.

Ал мұсылмандар Үндістанның Уттар-Прадеш сияқты ірі штаттарының халықтарының басым бөлігін құрайды. Сол себепті жергілікті және мемлекеттік партиялардың олардың дауыстарын өздеріне тартуға қатысты талпыныстары артып келеді. Алайда Үндістандағы мұсылмандар қоғамы өздеріне тек сайлау күні дауыс беруге арналған бюллетеньді толтыратын адамдар ретінде ғана қаралуын қаламайды.

Үндістанның Конституциясына сәйкес, премьер-министр елдің атқарушы  билігіндегі ең жоғарғы лауазымды тұлға, ал президент тек формалды лауазым саналады. Үндістанның саяси жүйесінің осындай құрылымы мен Иранның атқарушы билігіндегі президенттің рөлін сараптайтын болсақ, айырмашылықтарды көреміз. Осындай айырмашылықтардың біріне Иранда президент  халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайлануы, алҮндістанда президент көптеген жайттарда формалдытұлға ретінде әрекет етіп,атқарушы биліктің толыққанды басқарушысы болуы жатады. Иранда Парламент тәуелсіз әрі олпрезидентке қатысты импичмент жариялауға құқылы, тіпті оны қызметінен босата алады. Бірақ президенттіңПарламентті таратуға құқығы жоқ.  Үндістанмен салыстырғанда бұл Иран Конституциясының мықты тұсы.

Үндістан саяси жүйесі негізінде парламенттік республика жүйесі болып табылады. Сол себепті президент тікелей халық тарапынан емес, атқарушы билік тарапынан сайланады. Үндістанның президенттік сайлауы арнайы есептеулермен ғана өтеді. Себебі екі Палатаның өкілдерінің дауыстары бірдей бағаланбайды.

Палаталардың орталық өкілдерінің дауыстары штаттардан келген өкілдердің дауыстарына қарағанда жоғарырақ бағаланады. Соңында ең көп дауыс жинаған үміткер Үндістан президенті лауазымына тағайындалады.

Үндістан Конституциясының 53-бабында бұл ел президентінің өзінің заңдық күшін бірқатар жайттардан басқа көптеген жерлерде тікелей түрде пайдалана алатындығы жазылған. Алайда іс-жүзінде бұл өкілеттіктер жүзеге асырылмайыды. Президенттің барлық өкілеттіктерін премьер-министр бастаған министрлер кабинеті орындайды.

Саяси мәселелердің маманы әрі университет ұстазы доктор Меренди былай дейді: «Әлемде демократиялық ел боламыз деп шу көтермеген, бірақ бұл алаңда бірқатар табысқа қол жеткізген елдер бар. Мың түрлі діні мен мың түрлі наным-сенімі бар Үндістан демократия алаңында салыстырмалы түрде дамыған ел. Дегенмен, кейбір азшылық топтарға, соның ішінде, діни және исламдық топтарға қатысты бірқатар шектеулер қойылған. Бұл ел осындай көзқарастар мен діндердің әртүрлілігіне қарамастан, демократияны ілгерілете алды.  Саддамнан кейін енді есін жинап жатқан Ирак  та Арабстан мен араб елдері және Түркия қолдап отырған лаңкестердің іс-әрекеттеріне қарамастан, сайлау жүйесін дамытып, басқа елдермен салыстырғанда табысқа жете алды. Мысалы, Малайзияда Махатхир Мухаммад бір президенттік кезеңін табысты өткізгеннен кейін биліктен кетіп, оны келесі адамға тапсырды. Бұл елдің демократиясы дасалыстырмалы түрде дамыған. Алайда біздің Махатхир Мухаммад мырзаға тағар мініміз бар. Бұл елде ваххабилік ағымдар ықпал ете бастады. Исламдық ағымдарға берілетін кейбір еркіндіктер берілмеді.

Үлгі тұтарлық аймақтық елдердің бірі – Никарагуа. Никарагуа революциясы Ислам революциясымен шамамен бір уақытта жеңіске жетті. Сандинистер билікке келіп, толық еркіндік берді. Толық еркіндіктің берілуі кезекті сайлауда америкалықтардың қолдауымен батысшыл Виолетто Чаморро ханымның жеңіске жетуіне себеп болды. Сандинистер де оны қабылдады. Осы адамдар сайлаудың келесі кезеңінде тағы да жеңіске жетіп, билік тізгінін қолдарына алды. Бірақ мұндай оқиғалар біздің елдерде, яғни, батыстық емес елдерде ғана орын алады. Себебі, батыселдерінің өздерінде мұндай еркіндік берілмейді. Ағымдағы жағдайға үзілді-кесілді қарсылық білдіретін бір ағымның билікке келіп, билік басында қалуына Еуропада ешуақытта жол берілмейді. Бірақ біздің ел немесе Никарагуа сияқты елдерде мұндай оқиға орын алды. Қалай болғанда да, олардың жүйелері де ресми түрде танылды».

Пәкістан да Үндістан сияқты ұлыбританиялықтардың отаршылдығы кезінде құрылған ұйымдардың жемісін көріп отыр.

Бұл жүйедегі президенттік сайлаудың жобасы төмендегідей: алдымен ауылдық кеңестер мен қалалық комитеттер өз өкілдерін сайлайды. Халықтың тікелей дауыс беруімен сайланған бұл өкілдер Мәжіліс өкілдерін сайлайды. Олар өз кезегінде халықтың дауыс беруінсіз үкімет басшысы мен ел президентін тағайындайды. Бұл сайлау жүйесі кейінірек Үндістан мен Пәкістанның  алғашқы Конституциясы саналатын 1935 жылы бекітілген Конституцияда өзгертіліп, мал-мүлік пен жоғарғы білім деңгейіне ие болу үміткерлер үшін қойылатын басты талап ретінде тіркелді. Сайлау құқығына есімдері тізімге енгізілген адамдар ғана ие болды. Тізімде есімдері тіркелмеген адамдар дауыс бере алмады. Ал Иранда Теһран сияқты үлкен қалада барлық адамдар сол қала өкілдерінің жеңіске жетуі немесе жеңілуіне әсер ете алады. Үміткерлер қала тұрғындары тарапынан сайланады.

Ислам республикасы жүйесіндегі сайлау қоғамның барлық топтарының қатысу қағидасына сүйенген. Себебі, Ислам республикасы жүйесі қоғамдық сана мен халықтың дауысына жүгіну арқылы құрылған. Белсенділікке қатысты осындай көзқарас Ислам республикасы жүйесінде сайлаудың маңызды екенін көрсетеді. Сол себепті сайлаудың нәтижесі діні, нәсілі мен қауымына қарамастан бүкіл халықтың қолдауына ие болады. Осы маңызды іске атсалысқан барлық адамдар өздерінің қоғамдық, саяси және діни парызын орындайды. Ислам жүйесіндегі белсенділік дегеніміз – осы. 

 

 

 

Тегтер