«Қасиетті қорғаныс» соғысының қолбасшылары 6
(last modified Mon, 30 Sep 2019 17:23:30 GMT )
Қыр 30, 2019 23:23 Asia/Almaty
  • «Қасиетті қорғаныс» соғысының қолбасшылары 6

Сардар Хосейн Хамадани – қасиетті қорғаныс кезіндегі қолбасшылардың және Ислам революциясы Сақшылар корпусының аға кеңесшілерінің бірі.

Алаңның айналасы мен Теһран күре жолының кіреберісі кептеліп тұр. Барша жиналды. Қарттар мен дүниеге 8 жылдық қасиетті қорғаныс соғысынан кейін келген жастар. Әркім әртүрлі мақсатпен келді. Кейбіреулер соғысқа бірге қатысқан жанкешті жолдасымен қоштасуға келсе, басқалар 20 жылдан кейін шәһидтерді күтіп алу кеңістігін еске алу үшін. Көптеген жасөспірімдер мен жастар ата-аналары мен әртүрлі орталардан естіген рухани көңіл-күй күйді сезіп, түсіну үшін жиналды. Шәһид жиһады және төгілген қанымен ерекше көңіл күйдің орнауына себеп болады. Барша қолбасшының құрметіне келді. 

Сардар Хосейн Хамадани – қасиетті қорғаныс кезіндегі қолбасшылардың және Ислам революциясы Сақшылар корпусының аға кеңесшілерінің бірі. Ол өмірінің соңғы жылдары қасиетті кесенелердің қорғаушысы ретінде Сириядағы хазірет Зейнабтың кесенесін қорғап, бұл елде халықтық ерікті күштерді құруға көп көмектесті. Ол Сақшылар корпусының қолбасшылары ретінде өзінің әріптестері сардар Қасем Солеймани мен сардар Ғоламәли Рашид және тағы басқа ондаған шәһид достары сияқты ұлттық қауіпсіздікті қорғап, бұл жолда үлкен табыстарға жетті. Ол өз міндетін орындауымен бірге Иранның айбыны туралы жолдауды әлемдіктерге жеткізді.

Хосейн Хамадани хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1333 жылы (1954 ж.) дүниеге келді. Жастық шағында имам Хомейнидің ой-пікірімен танысып, Хамаданға қудаланған «михраб шәһиді» деп аталған аятолла Маданидің ахлақ және ахкам сабақтарына қатысты. Бригада генералы Хосейн Хамадани Хамадан мен Күрдістандағы Сақшылар корпусының негізін қалаушы әрі мүшелерінің бірі. Ол 1359 жылдан бастап Иран-Ирак соғысына қатысты. Ислам революциясы жеңіске жеткен соң Хамадан облысының Ислам революциясы Сақшылар корпусын құруды бастады. Өзі де Хамадан облысы Сақшылар корпусы жоғары кеңесі мүшелерінің бірі ретінде жұмысқа белсенді кірісті. Ол сақшылардың көмегімен облысты тағұт пен бұзақылық элементтерінен тазартумен айналысты. Ол өзін бұрын САВАК сан рет  тұтқындап, құдаланған соң тағұт нөкерлерін жақсы танитын. Сардар Хамадани соғыстан бұрын Күрдістан аймағының мақұрым халқына көмекке аттанып, революцияға қарсы топтардың қастықтарын залалсыздандырды. Ирактың БААС режимінің Иранға қарсы соғысы басталысымен Күрдістан аймағына аттанды. Көп кешікпей «Мотлағ әл-Фаджр» операцияларын басқарып, жеңіске жеткізді. Ол сондай-ақ, «Сарпол Заһаб» майданында да дұшпанмен күресті. Ахмад Моттаваселиан, шәһид Хеммат, шәһид Шахбазимен бірге Мұхаммад Расулалла (с.ғ.с.) атындағы 27-ші дивизияны құруда маңызды рөл атқарды. Сардар Хамадани Сақшылар корпусының бірліктері құрылған соң Хамадан облысының Ансар әл-Хосейн (ғ.с.) атындағы 32 дивизияның бірінші қолбасшысы ретінде БААС режиміне қарсы соғыс майданына енді.

Сирия дағдарысы басталып, сол елдің үкіметі Ираннан көмек сұрағанда сардар Хамадани Сирияға аттанатын болды. "Батыс Азия аймағындағы соғыстардың дарасы" атанған сардар шәһид Хосейн Хамадани Сирия мен Иракта халық күштерін құрып, тәкфиршілердің алға ілгерілеуінің алдын алуға және олар басып алған жерлерді қайтаруда маңызды үлес қосты. Тәкфиршіл лаңкестік топтар Ирак пен Сирияда алға ілгерілеп, сарапшылардың көбі Ирак пен Сирия үкіметін құлайды деп санаған жағдайда сардар Хамадани халықтық қорғаныс күштерін құру идеясымен Сирияға еніп, отанын қорғайтын халық күштерін құрып, тәкфиршіл топтардың шабуылдарына қарсы тұрып, олардың басқыншылықтарының алдын алып, басып алынған жерлерді қайтару үдерісін бастады. Хамаданимен бірге болған Әли Сабеттің айтуынша, "бұл үлкен қолбасшы хазірет Зейнабтың қасиетті кесенесін қорғаумен бірге Сирия армиясы үшін бағдарлама құрып, Сирияда ерікті халықтық күштерін құру міндетін атқарып, Сирияның 16 облысының күштерін ұйымдастырды. Сардар сионизм мен ан-Носрат майданы сол арқылы қаржылай және қарумен қамтамасыз етіліп отырған ХАМАС секторындағы дұшпанның маңызды күретамырын жойған соң Сирияда сайлау өткізуге қажет тыныштық орнатылды".

The Wall Street Journal газеті сардар Хамадани туралы: "Генерал Хамадани Ислам революциясы Сақшылар корпусының дара қолбасшыларының бірі болды. Ол Сақшылар корпусының офицері  ретінде қызмет етті. Шәһид Хамадани жүйелі күштердің әскери жасақтармен амалдарындағы соғыс тәсілінің маманы",- деп жазды.

Хиджри шамси күнтізбесінің 1394 жылы меһрдің 16 күні (2015ж.) сардар Хосейн Хамадани Сирияның Алеппо қаласында шәһид болды. Аятолла Хаменеи шәһид Хамаданидің қатерге толы майдандардағы батырлығы мен жанкештілігіне тоқталып: "Алла Тағала шәһид болу жолын өзінің пәк пенделерінің алдарынан ашық қойды. Сондықтан шәһид Хамадани сынды адамдардың Алладан басқаның жолында қаза болуы өкінішті болатын еді",- деді.

 

 

 

Тегтер