Маусым 29, 2016 14:49 Asia/Almaty
  • Рамазан керуенімен 28

Мешітте болудың сырын діни тұлғалардың сөздерінен табуға болады.

Мешітке баратындар әр жанұя мен әр әулеттің гүлі саналады. Олар періштелермен бірге отыру құрметіне ие болып, Алланың сүйіктісіне айналып, илаһи зияратшы аталып, сират көпірінен оңай өтіп, жәннәттың туын көтерушілерінің қатарына қосылады. Алланың елшісі: «Илаһи періштелер олармен бірге болуды жақсы көретін, мешітке үзбей баратын адамдар бар. Олар мешіткте келмей қалған кезде періштелер оларды іздеп, олардың науқастанғанын көрсе оларға көмектеседі»,- деп айтқан болатын. («Бихар әл-Анвар», 80-ші том). Жамағат намазында адамдар бір сапқа тұрып, олардың ұлт, тіл, қаржы және басқа да ерекшеліктері мен артықшылықтары шетте қалып, жүректері достық сезімдеріне толады. Мүміндер бір-бірін ғибадат саптарынан көріп, көңіл-күйлері өзгеріп, үміт сезіміне бөленеді. Жамағат намазы – сап бірлігі, жүректердің жақындауы және бауырмалдық рухтың        нығаюы.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   Мешітке бару қоғамдық қарым-қатынасқа себеп болатын достық кездесу болып табылады. Мұсылмандарды қоғамдық қарым-қатынасқа жігерлендіретін көптеген рауаяттарды кездестіруге болады. Рауаяттардың бірінде: «Егер бір адам жамағат намазының имамының артынан намаз оқыса, намазының әр рәкеті жүз елу намаздың, егер екі адам қосылса әр рәкәті алты жүз намаздың сауабына ие болады. Жамағат намазға қатысушылардың саны көбейген сайын намаздың сауабы да көбейеді. Егер жамағат намазындағы адамдардың саны он адамға жетіп, одан асса  мұндай намаздың сауабын бүкіл теңіздер сияға айналып, ағаш, талдар қаламдарға айналса да жаза алмайды»,- деп айтылған. Рамазан айы ерекше көңіл күйге ие. Сол себепті мүміндер намаздарын мешітте жамағатпен оқуға талпынады. Қасиетті рамазан айының басталуымен әртүрлі мешіттерде арнайы бағдарламалар өткізіледі. Бұл айда мешіттер рухани және білім орталықтарына айналады. Ораза тұтушылар мешіттерге көбірек барып, намаз оқумен бірге уағыз айтылатын жиындарға қатысады. Құран Кәрімнің аяттары мен пәк имамдардың  сөздері бойынша, ықылас – діннің негізі және оның мықты тірегі. Құран Кәрім Исламның ұлық пайғамбарына: «(Мұхаммад с.ғ.с.): “Шәксіз мен дінді нағыз Аллаға арнап, құлшылық қылуға бұйырылдым” де»,- деді. («Зумәр», 11-ші аят). Ахлақ ғалымдары ықыласты ішінен ластығы көрінбейтін таза сүтпен салыстырды. Таза ниет пен ғамал да осыған ұқсас. Олар тек илаһи мақсатпен орындалады. Ықыласы таза адамдар – Алладан басқа ешкімге үміт артпайтын адамдар. Олардың ішкі және сыртқы болмысы бір. Олардың жүздерінен өкініш пен шаршағандары көрінбейді. Олар халықтың сөздеріне назар аудармайды. Ықыласқа қарама-қарсы рия өзін көрсету, яғни адам іс-әрекетін басқалар көріп, мақтастын деген ниетпен орындайды. Бұл адамдар мақтаудан ләззат алып, қуанышқа бөленеді. Рия – адамдарды адастыру үшін қолданатын шайтанның құралдарының бірі. Шайтан адамның мадақ пен мақтауды жақсы көретіндігін өз мүддесіне пайдаланып, оны өзінің қараңғы құдығына түсіреді. Шайтан адамның ғамалын ластау үшін барлық мүмкіндігін пайдаланып, әрекет жасайды. Кейде ол басқалар көрсін деп, адамды намазын асықпай оқуға жігерлендіреді. Алайда шайтанның әрекеттері жасырын түрде жасалып, құлшылық етуді өзіне жамылғы етеді. Мәселен, ол адамға былай дейді: «Сен ұлы адамсың. Саған халық қарайды. Егер намазың мен  басқа ғибадаттарыңды әдемі көрсетсең, басқалар саған қосылып, олардың да сауабына ортақ боласың». Кейде шайтанның әрекеттері бұдан да шиеленісті әрі жасырын болып келеді. Мәселен намаз оқитын адамға: «Жамағат намазына барма, өйткені ол жерде ниетің ластанады. Намазыңды үйінде ғана оқы. Намазды жамағатпен оқысаң, мұстахабатарыңды орындама, рияға ұшырамас үшін намазыңды жылдам оқы» дейді.  Қасиетті рамазан айы адамның ықыласпен  ораза тұтуымен  бірге  басқа ғамалдарда да ықыласты тәжірибеден өткізуі үшін мұрсат тудырады. Ораза – рия жасауға мүмкіндік қалдырмаған  жалғыз ғибадат. Өйткені  оразаның белгіленген уақытта ішіп-жеуден тартынуы аадмның өзі жарияламаса басқалардың көзіне түспеуі мүмкін. Хазірет Фатима (ғ.с.) ораза туралы: «Алла Тағала  ықыласты тәрбиелеу үшін оразаны уәжіп етті»,- деп айтқан болатын. Күндердің бірінде Абузар Ғафари Қағбаның қасында: «Үнсіздік танытуымның пайдасы жоқ. Халыққа насихат айтқаным дұрыс болар. Олар хақ деп білгендері туралы айтулары керек.  Өйткені пайғамбарлар мен илаһи әулиелер халықты дұрыс жолға нұсқауға келді. Бұл нұсқаулар сөз жүзінде және іс жүзінде жасалуы керек. Осы кезде халық Мәсджед әл-Харамда жиналып, мені естіп отырған кезде мұрсатты пайдаланғаным дұрыс болар»,- деген оймен  орнынан тұрып, Қағбаның қасында тұрып, өзінің жүрекке қонымды даусымен: «Уа, халайық! Мен Джонадах Ғафаридің перзентімін. Қайырымды әрі мейірімді бауырларыңның қасына келіп, ақыл-кеңесімді тыңдаңдар» дегенде халық Исламның ұлық пайғамбарының әйгілі сахабасының сөзін тыңдауға жиналып: «Абузар, ақыл-кеңесіңді айт»,- десті. Абузар жағдайды қолайлы көріп, не туралы айтамын деп ойлады. Намаз, ораза, джиһад туралы немесе... Ол: «Адамдарды жақсылыққа қарай жігерлендіретін нәрсе, яғни ақырет туралы айтқаным дұрыс болар. Бірақ сөзімді қалай бастаймын, жүректерді дайындау үшін не деймін?» деп ойлайды. Дәл сол кезде ойына халықтың сапарға шығып, әрқашан керуендерді дайындайтыны есіне түсіп, ол сөзін осы мәселеден бастауды ойлады. Абузар халықтан: «Уа, халайық! Егер араларыңдағы біреуің сапарға шығатын болса, мақсатына жеткенше жеткілікті әрі қажетті қор жинайды, дұрыс па?»- деп сұрақпен бастағанда халық: «Әрине, жолымызға қажетті мөлшерде керек заттарымызды өзімізбен бірге аламыз»,- деп жауап береді. Абузар: «Уа, халайық! Қиямет күнінің сапары бұл сапарлардан алысырақ. Ол сапарға не нәрселер қажет?»- деген сұрақпен сөзін жалғастырды. Жиналған жұрт: «Әй, Абузар! Бұл сапарға не қажет? Айт, біз де білейік»,- дегенде Абузар: «Алланың үйін зиярат жасап, ыстық әрі ұзақ күндері ораза ұстаңдар. Қиямет күні үшін түн ортасында екі рәкәт намаз оқыңдар. Өздеріңді қабір азабынан сақтау үшін жақсы сөйлеп, жаман сөздерден алыстаңдар. Осылай етсеңдер барлығын қиямет күніне дейін тақуа боласыңдар. Уа, халайық! Дүниеде екі жиынды таңдаңдар. Біріншісі, халал ырзық талап ететін, екіншісі ақыреттеріңдегі бақыттарың үшін. Біліңдер, үшінші жиын сіздерге зиян келтіреді. Уа, халайық! Мүліктеріңді екіге бөліңдер: ақыретте бақытты болу үшін және халал ырзыққа ие болу үшін. Егер үшінші жол болса, ол сендерге зиян әкелетінін біліңдер. Уа, халайық! Дүниені екі сағатта өтеді деп біліңдер: енді қайтара алмайтын өтіп кеткен сағаттар мен тірі болатындарың белгісіз алдағы сағаттар. Сол себепті осы уақыттағы сағаттарды бағалап, Аллаға бағынбаудан абай болып, күнә жасамаңдар»,- деді.

Тегтер