Маусым 29, 2016 16:17 Asia/Almaty
  •  Жетекшілік хадисі 82

Исламның ұлық пайғамбары мұсылмандарға айтқан ақыл-кеңестерінің бірінде: «Сараңдықтан абай болыңдар. Сендердің алдыңдағылар сараңдықтың кесірінен өлген болатын»,- деген.

Сараңдық  оларды өтірік айтуға мәжбүрледі, сондықтан олар өтірік айтты. Сараңдық оларды  зұлымдыққа және жақындарымен қарым-қатынастарын тоқтатуға  мәжбүрледі. Сол себепті олар жақындарынан алыстады»,- деп айтқан болатын. Сараңдық – қаржы мен мүлікті пайдаланудан тартыну. Құран Кәрімде сараңдыққа кең түрде назар аударылып, кейбір жайттарда жақсылық пен жиһадтан тартыну деп қарастырылған. Құранның көзқарасынша, сараңдық  Алланың адамға сыйлаған әрбір нығметі мен әрбір жақсылығына қатысты болуы мүмкін. Алла Тағала адамға материалдық және рухани салаларда көптеген нығмет сыйлайды. Адам оларға сараңдық білдіріп, оларды дұрыс пайдаланбайды және басқаларға да рұқсат етпейді. «Әл-Имран» сүресінің 180-ші аятында бұл мәселеге көңіл бөлініп: «Алланың кеңшілігінен өздеріне берген нәрселеріне сараңдық істегендер, олардың сараңдық қылған нәрселері қиямет күні өздерінің мойындарына оралады»,- деп айтылған. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Сараң өзінің қолында бар нәрсеге де, халықтың қолындағы нәрсеге де сараң болады. Басқаның қолындағы нәрсені армандап, оны адал немесе харам жол арқылы қолына түсіргісі келеді»,- деген. Кейбір адамдар  дүние-мүлікке салынып, тіпті ақшадан басқаны танымайтын сынды. Мұндай адамдар ақша олар үшін емес, өздерін ақша үшін деп санайды. Олар ақшаға ие болу үшін денсаулығы мен өмірлерін аямайды. Бірақ керісінше ақшаларын денсаулықтары мен бақыты үшін жұмсамайды. Имам Әли (ғ.с.) сөзінің бірінде: «Кедейшілікті өзіне қарай тартып, соның артынан жүрген байлықтан айрылған сараңға таңғалдым. Ол бұл дүниеде кедей сынды өмір сүріп, ақыретте бақуатты адам ретінде жауап береді»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 73-ші том). Көп мүмкіндіктерге ие болып, басқалармен бөліспейтіндер сараң саналады. Илаһи ыза олардың жәннәтқа кіруін мақұрым етеді.  Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Үйге ие бола тұра,  оның есігін өмір сүретін мекенді қажет ететін мүміннің алдынан ашпаған адам туралы Алла Тағала: «Періштелерім! Пендем дүниеде басқа пендеме  сараңдық білдіріп, есігін ашпады. Өзімнің ғизаатыммен ант етемін, ол еш уақытта жәннәтқа кірмейді»,- деген»,- деп айтқан болатын. («Бихар әл-Анвар», 74-ші том). Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Басқалар қажет ететін  нәрсе қолында бола тұра оған сараңдық білдірген адамға Жаратушы ашу-ыза танытады»,- деген. Исламдық хадистерде сараңдық туралы дене түршіктірерлік рауаяттарды кездестіруге болады. Соның бірі Исламның ұлық пайғамбарының хадисі.

Хазірет Алланың үйін тәуәп етіп жүрген кезде Қағбаның пердесіне жармасып тұрып: «Уа, Алла! Осы үйдің құрметімен ант етемін, күнәларымды кешір»,- деп сұрап тұрған ер адамды байқайды.

Алла елшісі ол адамнан:

- Қандай күнә жасадың?,- деп сұрайды.

Ер адам:

- Ол үлкен күнә,- дейді.

Хазірет:

- Күнәң үлкен бе,  әлде құрлық жерлер үлкен бе? - деп сұрайды.

- Алла елшісі, күнәм үлкен,- деп жауап береді. Хазірет:

 -Күнәларың үлкен бе, теңіздер үлкен бе?- деп келесі сұрағын қойды.

- Күнәларым.

- Күнәң аспандар мен ғарыштан да үлкенірек пе?

- Күнәларым үлкен.

- Күнәң үлкен бе, әлде Жаратушы үлкен бе?

- Алла ең үлкен, ең жоғары әрі ең құрметті.

- Әр нәрседен үлкен деп сипаттаған күнәңді айт.

- Уа, Алланың елшісі! Мен бай адаммын, бірақ мұқтаж адам қасыма келген кезде өрттің жалынымен бетпе-бет келген сындымын.

 - Менен әрі тұр, мені өзіңнің өртіңе түсірме. Мені халықты дұрыс жолға нұсқауға міндеттеген Алламен ант етемін, егер тіпті жер бетіндегі ең қадірлі мекен, яғни Алланың үйінің қасында тұрып, екі мың жыл ғибадат жасап, тіпті ағаштардың шөлін қандыратындай көзіңнен жас ағып, сараң болып өлсең Алла Тағала сені өртке тастайды. Алланың «Сараңдық жасаған адам өзіне сараңдық жасайды. Сараңдықтан алыс болған адам иманды адам» деп айтқаны туралы білмейсің бе?» дейді.

Тегтер