Там 11, 2016 17:22 Asia/Almaty
  • Ислам әлеміндегі бірлік (17)

Бұл бағдарлама аятолла Бруджерди мен шейх Шалтуттың жақындастыру идеясын аяқасты етіп, мұсылмандар арасында қайшылық, соғыс пен қантөгістің орын алуында әсерлі рөл атқарған сүнниттер мен шиіттер арасында екі бұрмаланған ағым – тәкфирлік және англиялық шиизм жайлы сөз қозғаймыз.

Өткен екі бағдарлама барысында шиіт және сүннит ғұламалар арасында ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясын құру идеясы мен оның мұсылмандардың бірлігін нығайтудағы рөліне тоқталып,  оның екі негізін қалаушы, яғни Мысырдың ұлы мүфтиі және Джаме ул-Азхар шейх Шалтут пен шиіттердің ең ұлы тұлғаларының бірі аятолла Бруджердидің ойларын талқыладық. Өткен бағдарламада осы екі діни ғұламаның жақындастыру тәсілі, соның ішінде шейх Шалтуттың әйгілі де маңызды пәтуасының мұсылмандарды интеграциялау мен исламдық бірлік теориясының іргетасын қалауда әсерлі болғанын айттық. Осы пәтуа бойынша, сүннитердің төрт мазхабының өкілдері басқа мазхабтар, соның ішінде иснаашариттік имамие мазхабына бет бұра алады, яғни осы мазхабтың діни заңгерлерінің үкімдерін ұстана алады.  Бүгінгі бағдарламада аятолла Бруджерди мен шейх Шалтуттың жақындастыру идеясын аяқасты етіп, мұсылмандар арасындағы қайшылық, соғыс пен қантөгістің орын алуында әсерлі рөл атқарған  сүнниттер мен шиіттер арасында екі бұрмаланған ағым – тәкфирлік және англиялық шиизм жайлы сөз қозғаймыз.

Тәкфирлер немесе салафиттер сүнниттер арасындағы саяси-идеологиялық ағымдардың бірі болып табылады. Олар шейх Шалтуттың жақындастыру тәсілін қабылдамай, оның пәтуасы мен шиіттерді қабылдау туралы үкімін теріске шығарып, мұсылмандар арасында қайшылық отын тудырды. Салафизм кейбір сахабалар мен олардың туыстарының ойлау және амал ету тәсілін қазіргі заманғы өмірде пайдалану қажет деп санайды. Осы ойды ұстанушылар бір жағынан сүнниттердің төрт мазхабы фикһінің үкімдерінен шығып, басқа жағынан сахабалардың түсінігі негізінде иджтихад жолын ашып,  кейбір бұрыс та жеке талғамға негізделген әсірешіл пәтуалардың пайда болғаны үшін бұрмаланған саналады. Әрине, бұл ағымның тарихи тамыры да бар. Мұндай ойдың қалыптасуы х.қ.ж.с.б. 4 ғасырдан басталды. Кейін ибн Тимие мен оның шәкірттері тарапынан таратылып, артынан Мұхаммад бен Абдул-Ваххаб пен Сауд әулеті  билеушілері тарапынан қазіргі заманда қайта жандандырылды.

Салафилерді Мұхаммад бен Абдул-Ваххаб есіміне байланысты ваххаби деп те атайды. Осы арада «тәкфиршілер» деп әдетте ваххабилік салафиттердің әртүрлі түсінігі бойынша мұсылмандарды өз ойына қосылмайтыны үшін баршаға мәлім заңды критерийлерге керісінше діннен шыққан кәпір деп айыптайтын адамдар аталады.

Юсеф әл-Қарзави – осы бұрмаланған жұқпалы ағымның ислам әлемінде теориялануында әсерлі рөл атқарған адамдардың бірі. Ол шейх Шалтуттың пәтуасына күмән келтіру арқылы ислам әлемінде шиіттермен жауласу ағымдарының жандануына себеп болды. Әл-Қарзави өзінің басқаруымен құрылған «Болашақ ғұламалар» атты жастар одағы тарапынан Каирде өткізілген жиналыста: «Шейх Махмуд Шалтут джафар мазхабын ұстану туралы пәтуа шығармады»,-деді. Ол осындай пәтуа шығару туралы сұраққа жауабында: «Бұл пәтуаны маған алып келіңдер. Пәтуа оның қай кітабында келтірілген? Мен оны көрмедім. Қайсың бұл пәтуаны белгілі бір кітап немесе журналда көрдім деп айта аласыңдар?. Мен жылдар бойы шейх Шалтутпен бірге өмір сүрдім. Оған ең жақын адамдардың бірі болдым. Мен оның мұндай пәтуаны  айтқанын көрмедім. Шейх Шалтуттың 4 кітабын баспаға мен дайындадым. Исламабад исламдық университетінің бұрынғы ректоры шейх Ахмад әл-Асал менің әріптесім болды. Шейх Шалтут кітабының бірінші басылымының кіріспесінде мені мен оған алғыс айтылған»,-деді.

Бірақ әл-Қарзави мен басқа тәкфиршіл үлемдердің шейх Шалтуттың пәтуасына күмән келтіруі қорғауға боларлық тарихи дәлелдерге ие емес. Барлық деректер бұл пәтуаның дұрыстығынан хабар береді. «Әл-Башаер» басылымы 2009 жылдың 14 наурызында әл-Азхар ғалымдарының бірі шейх Джамал Құтбтың атынан былай деп жазды: «Бұл екеуі шейх Шалтуттың барлық жазбаларын жинастырмаған. Шейх Шалтутке дейін әл-Азхар университетінде шиизм мен зейдие фикһінің оқытылғанын ешкім теріске шығара алмайды». Мақала жарияланғаннан бір күн өткенде шейх Асам Талиме атынан «Islam Online»  сайтында бір мақала жарияланды, оның тақырыбы «Ия, шейх Шалтут джафари мазхабын ұстануға рұқсат берді» деп аталады. Ол өз мақаласында: «Мен мұнда шейх Шалтуттың пәтуасының дұрыстығы мен бұрыстығы туралы сөз қозғағым келмейді. Сөзім бұл пәтуаның  шығарылуын дәлелдеу мен теріске шығару жайлы болмақ. Алдымен шейх Шалтуттың осындай пәтуаны шығарғанын айтуым керек. Бұл пәтуа «Ресале ул-ислам» журналында Каирдегі Ислам мазхабтарын жақындастыру үйі тарапынан толық нұсқада «Тарихи пәтуа» деген атпен басылып шықты. Осы мақаланың кіріспесінде бас редактор былай деп жазған: журналдың бастапқы беттерін бір маңызды тарихи оқиғаға арнаймыз, онда Джаме ул-Азхар ұлы ұстаз шейх Махмұд Шалтут (Құдай өмірін ұзартып, ислам үмбетіне оның даналығы, ғылымы мен талпынысын пайдалануын ұзарта түссін) пәтуа шығарды»,-деген.

Шейх Асам осы мақаланың жалғасында былай деп еске салады: шейх Шалтуттың өз пәтуасына сенгені анық, бұл шығарған соң, іс бітті деген пәтуа емес. Ол басылып шыққаннан біраз өткен соң «әл-Мұджтама әл-араби» журналы онымен көлемді сұхбатты жариялады. «Әл-Ахрам» газеті де осы сұхбаттың толық нұсқасын басып шығарды. Бұл мақаланың авторы сұхбаттың соңында «Әл-Азхардың талпыныстарына керісінше шейх Шалтуттың туындылары толық жинастырылмаған. Әл-Қарзави  мен Асалдың мұндай пәтуаны көрмедік деп айтуы мынадай себепке байланысты: Асал 1960 жылы,  әл-Қарзави 1961 жылы Катарға барған, ал шейх Шалтут 1963 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған. Бұл аралықта шейх Шалтут маңызды мақалалар мен сұхбаттар жариялаған, олар әлі жинастырылмаған. Әл-Қарзави мен Асал жинаған шейх Шалтут кітаптарының жиынтығы оның пәтуа шығарғанға дейінгі кезеңге  тиесілі. Сол уақытқа дейін шейх Шалтуттың осы екі адам жинайтындай пәтуа шығармағаны анық».

Шиіттермен жауласу – тәкфирлік ағымдардың негізгі өзектерінің бірі. Бұл тәсіл мұсылмандар арасына іріткі салып, соғыс пен қантөгіс жасауға тиімді оттық болып табылады. Бұл ауытқыған ағымның шиіттерді теріске шығару үшін қолданатын дәлелдерінің бірі «Шиіттер  Құранның бұрмаланғанына сенеді» деген жалған уәжде жатыр. Бір мазхабты ұстанушылар Құранға сенбейді деп айыпталған кезде оларға қатысты басқа да қате сенімдерді оңайлықпен таратып, оларды тоухидтен тыс сенімдерге айыптауға болады. Ал бұл жағдайда марқұм шейх Садуқ (р) пен қазіргі замандағы марқұм имам Хомейни (р.) және оның шәкірті марқұм аятолла Маарефат сияқты шиіттердің ұлы ғұламалары Құран Кәрімнің бұрмаланбайтыны және оны бұрмалаудан қорғалуы тиістігін баса айтқан. Сонымен қатар шиіттік ойларды яһудилік деп санау  салафилер тарапынан сан рет айтылған  басқа бір жөнсіз айып болып табылады. Бұл тақырыпты әдетте Абдулла ибн Саба әңгімесі аяғында келтіреді. Осы жалған әңгіме бойынша,  мұсылманға айналған йемендік бір яһуди алғаш рет шиіттік ойларды яһудилік тағылымдар негізінде баяндаған, осылайша ол шиіттік ойдың негізін қалаған. Кейбір салафилер, соның ішінде Сауд Арабиясындағы Ум ул-Қара университетінің ұстазы Саади Мехди әл-Хашеми осы әңгімені пайдаланып, шиіттік ағымды таратушыларды яһуди санаған.  Әрине ғұлама Аскари (р.) өз зерттеулерінде Абдулла ибн Саба тұлғасының жалған болғанын көрсетті. Шиіттерге тағылатын айыптар мен уәждердің қалғаны әдетте осы екі негізгі өзектің айналасында өрбиді.

Алайда мұсылмандардың бірыңғай сапына іріткі салу ағымы  тек сүнниттер ішіндегі салафилер мен тәкфиршілермен шектелмейді.  Шиіттердің арасында да ислам дінінің ұлылары мен пайғамбардың сахабаларына тіл тигізетін жолдаулар айтып, мұсылмандар арасында қайшылық пен  кекшілдік отын өршітетін адамдар мен топтар бар. Мысалы, қорғауға болмайтын бір әрекетте бір адам шиіттік дінбасының киімін киіп, ақпарат құралдары алдында сүнниттер арасында қатты қадірленетін Ислам пайғамбарының жұбайы Айшаға тіл тигізетін сөздер айтты. Бұл сөздер сүнниттердің әсіресе араб елдерінде шиіттерге қарсы шығуына себеп болды. Кувейт бұл адамды азаматтықтан айырды. Әсірешіл реакционерлер осы адамды өлтіру үшін жүлде тағайындады. Ең қызығы көбінің сенімінше,  шиіттік дінбасының киімін киіп, ислам әлеміне іріткі салуға көмектескен адам діни қызметкер емес, ол Кувейттен қашып,  Англиядан пана алу арқылы сол елде шиіттік ғылым орталықтарында дәріс алмастан, шиіттік дінбасының киімін киіп алып, көптеген мінберлерде тіл тигізе сөйлеп, ислам қоғамына іріткі салуға талпынып жүр. Барлық отаршыл әлем исламға қарсы сапқа тұрып, оны жоюды көздеген шақта осы әрекет пен басқа да ағымдық және мазхаби шаралардың ислам қоғамында бүлік тудыру үшін жасалып жатқан отаршылардың тәсілі екені анық. Бұл ағымды англиялық шиизм деп атаған орынды.

Әрине осы аралықта кейбір тұлғалар мен хабардар діни және саяси орталардың осы қастандықтарды залалсыздандырып, мұсылмандар арасындағы бірлікті нығайту үшін жасалып жатқан талпыныстардағы позитивті рөлін естен шығармау қажет. Мысал ретінде Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи шиіттік үлгілердің мерейін асырып, мұсылмандардың ойларын нұрландыру үшін  бір тарихи пәтуа шығарып, Сауд Арабиясындағы шиіттік ғұламалардың пайғамбардың жұбайы Айшаға тіл тигізу оқиғасына қатысты үкім жайлы қойған сұрағына: «Сүннит бауырлардың символдарына тіл тигізу, соның ішінде ислам пайғамбарының жұбайына (Айшаға) жала жабу – харам.  Бұл мәселе барлық пайғамбарлар, әсіресе хазірет Мұхаммадтың жұбайларына қатысты»,-деп жауап берді.   

Бұл пәтуа ислам әлемінде, соның ішінде Джаме ул-Азхар мен араб елдері университеттері мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі исламның көрнекті тұлғаларының ауқымды қолдауына ие болып, ислам қоғамында ағымаралық бүліктің басталуына тосқауыл қойды. Шиіттердің тағы бір көрнекті діни үлгілері аятолла Макарем Ширази, аятолла Сейіт Садық Рухани мен шиіттік діни оқу орындарының ойшылдары да осы пәтуаны қолдау жолында әрекет етті.

Әл-Азхар университеті мақтауға тұрарлық әрекет жасап, шиіттік діни үлгілерді осы университетті көруге шақырды. Университеттің бұл әрекеті әртүрлі реакцияларға ұшырады. Осы реакциялардың бірі тәкфиршіл үлемдердің ұстанымы болды.  Алайда әл-Азхар университеті ректорының орынбасары Аббас Шуман бұл шақыруды бір қажетті іс деп атап: «Шиіт мазхабы – ислам мазхабтарының бірі, шиіттер – мұсылмандар. Әл-Азхар ешбір мұсылманды кәпір деп санамайды. Бұл ислам орталығы имамие және зейдие шиіттерін исламның ресми мазхабтарының бірі санайды. Осы уақытқа дейін оларға қатысты магистратура және докторантура сатыларында көптеген дипломдар жазылып, әл-Азхар кітапханаларында сақталынған»,-деп еске салды.   

Шиіттердің мұсылмандардың бір тобы екендігі жайлы ақиқат әл-Азхардың барлық ғұламалары тарапынан мойындалды. Шиіт ғұламаларын отырыс өткізуге шақыру осы ақиқатты растау үшін жасалып отыр.

Тегтер