Қыр 11, 2016 17:20 Asia/Almaty
  •  Ислам әлеміндегі бірлік 22

Шиіттер мен сүнниттердің қайшылықтарын жандандырып, әскери әрекеттері арқылы Исламның негіздері мен мұсылмандардың бірлігіне тарихи соққы беріп, сионистік режимнің аймақтағы жағдайын нығайтуына себеп болып отырған ДАИШ тәкфіршіл тобының әрекеттері мен пайда болуының себептеріне шолу жасаймыз.

 «Ирак пен Шамдағы исламдық үкімет» (ДАИШ) деп аталған топ Ирактағы әл-Қаида тобының «Тауһид пен жиһад» деп аталған бөлімшесінің басшысы Абумасуб Зарқавимен 2004-ші жылы құрылды. Аталмыш топты басқарған Зарқави Асаме бен Ладен басқарған әл-Қаида тобына бият етіп, әл-Қаиданың осы аймақтағы өкілі болды. 2006-шы жылдың соңында бұқаралық ақпарат құралдары Абу Омар Бағдади басқарған «Ирактың исламдық үкіметі» деп аталған әскери топтың құрылғаны туралы хабарлады. АҚШ Иракты басып алған кезде америкалық күштерге қарсы жиһадтық топ ретінде танымал болған әл-Қаида арнасы АҚШ-тың бұл елдегі орналасуына қарсы көптеген ирактық жастарды  өзіне тартып, Иракта ең күшті топ құрды. 2006-шы жылы Зарқави америкалық әскерилердің қолынан өліп, топтың мүшелерінің бірі Абу Хамзе әл-Маджаһер бұл топтың басшылығын өз міндетіне алды. Әл-Маджаһер топтың белсенділігін кеңейту үшін көптеген талпыныс жасап, америкалық күштерге қарсы әртүрлі  әрекеттерді жобалады. 2010-шы жылдың сәуір айында Ирак пен АҚШ күштерінің бұл топтың қолбасшыларының бірі Абубакр Бағдадимен бірге жасалған ортақ шабуылында әл-Маһаджер өлді.  «Ирактың исламдық үкіметі»  тобының кеңесі 10 күннен кейін Абубакр Бағдадиді бұл топтың басшысы етіп сайлады. Абубакр Бағдади 1971-ші жылы тәкфіршіл наным-сенімге ие діни жанұяда Самеррада дүниеге келіп, Бағдаттың исламдық  жоғары оқу орынында білім алған. Ол тәкфіршілердің ең танымал ойшылдарының бірі саналады. Бағдади біраз жылдар бойы әл-Қаиданың мүшесі болып, бұл қылмыскер топтың танымал лаңкестерімен бірге әрекет жасап, 2010-шы жылы «Ирактағы исламдық үкімет» тобының басшысы болды. Сирия дағдарысы басталғаннан бір жылдан кейін Бағдади мұрсатты қолайлы санап, өзі басқаратын лаңкестерді Сирияға қарай аттандырып, Шам жерін билеу мақсатындағы бірінші қадамын басты. Дәл осы салада оның орынбасары Абумұхаммад әл-Джулани әл-Қаиданың тәсілін пайдаланып, Сирияда «Джебхат ан-Носрат» деген келесі қылмыскер топты құрды. Бірақ әл-Джулани тобының Сириядағы ықпалы артып, ол әл-Бағдади басқарған топпен «Ирак пен Шамдағы исламдық үкімет» (ДАИШ) тобына бірігуге қарсылық білдірген соң  екі топ бір-бірінен бөлініп, олардың арасында қантөгістер орын алды. Екі топ арасындағы қақтығыстар әл-Қаиданың жақын мүшелері үшін таңырқатқан және күтпеген мәселе болмады. Өйткені Асаме бен Ладен өлген соң Абубакр әл-Бағдади мен бен Ладеннің орынбасары Айман әз-Завахериге бият етпеген жалғыз адам болды. Абубакр әл-Бағдадидің жақындарының айтуынша ол бір мекенге шоғырлану оның адамдарын сәтсіздікке ұшыратады деп ойлаған. Негізінде ол дұшпандары үшін көптеген қапы қалдыратын шаралар дайындаған. ДАИШ қаржы көздерін  пайдаланып, өзін қорғап, одан сайын күшейе түсті. Бұл топқа жақын көздердің айтуынша, қара нарықта Сирия мұнайын сату Абубакр әл-Бағдадидің қалтасына миллиондаған доллар түсірді. Сондай-ақ Мосул қаласына кірген соң Ирак әскерінің қару-жарақ қоймаларындағы қару-жарақ та оның қолына түсті. Олар сонымен бірге араб және батыс үкіметтерінің ДАИШ-ке қаржылай және қару-жарақ қолдау көрсетуінің бұл топтың әлсіремей, әрекеттерін жалғастыруына себеп болып отырғанын айтуда. ДАИШ тобы қазір Сирия мен Ирак аймақтарындағы ең белсенді әрі ең қатыгез тәкфіршіл топ саналады. Уаһабшы және БААС күштерінен құрылған аталмыш лаңкестік ұйым араб-батыс үкіметтерінің әшкере және жасырын қолдауларына ие болып отыр. ДАИШ-ты АҚШ пен Ұлыбритания әскерилерінің Иракқа жасаған әскери шабуылының туындысы деп атауға болады. Олар АҚШ-пен күресу ұранымен  діни өтірік үгіт-насихаттарымен Ирактағы америкалық күштердің орнына  өздерін заңды көрсетіп, ресми түрде Шам мен Ирак жерлерінде исламдық үкімет құрды. АҚШ-тың Ирактан шығуы, Сирия дағдарысы, ДАИШ-тың әрекеттерін Ирактан Сирияға өзгерту және АҚШ, Израиль мен Сауд Арабиясының Башар Асад үкіметі туралы ұқсас ұстанымдары аталмыш лаңкестік топтың бұл мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуының ортақ кезеңі болды. ДАИШ тәкфіршіл тобы басында Сирияның сүннит халқының құқықтарын қолдау ұранымен бұл елдің үкіметіне қарсы соғысты. Бірақ Сирия әскерінен сәтсіздікке ұшырап, Сирияның қалалары мен стратегиялық жерлерінен айырылып, кейбір мемлекеттердің ақпараттық және қару-жарақ қолдауына ие болып, Иракқа қарсы кең ауқымды шабуылдарын бастап, бұл елдің кейбір қалалары мен маңызды аймақтарын басып алды. ДАИШ өзінің негізгі мақсатын исламдық халифатты жаңғырту және исламдық шариғатты орындау деп жариялағанымен, Исламның атымен адамзаттың ең жауыз қылмыстарын іске асырды. ДАИШ лаңкестері күн сайын жаңа қылмыстарды іске асырып, болмыстарының  қатыгез екенін көрсетеді. ДАИШ әскери қақтығыстарында балалар мен жасөспірімдерді шабуылдарында пайдаланады. Бұл топтан шығып кеткен мүшесінің бірі өзінің кейбір қылмыстарына тоқталып: «Топқа мүше болып кіріп, Сирияға аттанғанымда соғыс майданына барудың орнына ДАИШ басшысының бұйрығымен тұтқындағылардың қараушысы болдым. Маған қамаудағыларды әйел демей, ер демей  ұрып-соғу бұйырылды. Мұны еш уақытта ұмытпаймын. Мен қамаудағыларға тергеу жүргізбедім, олардан еш нәсе сұрамадым, тек ұрып-соқтым. Олардың кейбіреулерін 80 рет, басқаларын 40 рет ұрдым, әйел мен ердің мен үшін айырмашылығы болмады. Бұл «тұтқындағы жиһад» деп аталды» деді. ДАИШ лаңкестік тобының құрылуы Батыс пен аймақтағы кейбір араб үкіметтерінің мақсаттарына байланысты болды. Уақыт өткен сайын аталмыш топтың құрылуындағы АҚШ-ның рөлі бұрынғыдан көбірек әшкере болуда. АҚШ қорғаныс ақпарат агенттігінің бұрынғы директоры Майкл Флиннің мойындаулары осындай уәждердің деректерінің бірі. Ол Қатардың «Әл-Джазире» арнасына берген сұхбатында АҚШ Барлау ұйымының 2012-ші жылы, яғни 2011-ші жылдың басында басталған Сирия дағдарысынан бір жылдан кейін  Иракта ДАИШ-тың құрылуын болжаған болатын. Бірақ бұл лаңкестік топпен күресудің орнына оған аймақтағы АҚШ-ның мақсаттарын ілгерілететін құрал ретінде қарады. АҚШ қорғаныс ақпарат агенттігінің бұрынғы басшысы: «Сириядағы экстремистік топтардың күшеюіне назар аудармай АҚШ үкіметінің алдын ала шешім қабылдауына байланысты Вашингтон бұл топтың қатерін қасақана елемеуге тырысты»,- деді. Осы құжат бойынша, АҚШ Президенті Барак Обама 2011-ші жылдың қазан айынан, яғни Сирия дағдарысының басталуынан жеті ай өткен соң БҰҰ-ның Сирия үкіметіне де, наразыларына да  қару-жарақ жіберуге тыйым салуына қарамастан Бенғазидегі қарудың Сириядағы экстремистік лаңкестік топтарға жеткізілуінен хабардар болғанымен бұл істі тоқтатпаған. АҚШ-ның рөлімен бірге Сауд Арабиясы басқарған кейбір араб үкіметтерінің де ДАИШ тобының құрылуы мен күшеюіндегі рөліне тоқталмасқа болмайды. Хабардар көздер Сауд Арабиясы мен Ирак шекараларынан Иракқа қарай қару-жарақ тасымалдаған мың көліктің өткені туралы хабарлады. Сондай-ақ қолда бар мәліметтер бұл мемлекеттің Ирактың тәкфіршіл ағымдарын қару-жарақпен тасымалдауымен бірге Ирак офицерлеріне пара беріп, Ирак әскерінің артқа шегініп, кейбір аймақтарын тәкфіршілердің бақылауына тастап кетуіне үлкен әсерін тигізгенін көрсетеді. Кейбір мамандар саудиялықтардың бұл топқа көмектесуінің себебін Иракта Иран үкіметіне ұқсас шиіт үкіметінің орнатылуына алаңдауын байланысты деп айтуда. Саудиялықтар Иракта халықтың көпшілік дауысымен халық үкіметінің орнатылуының араб әлеміндегі өзгерістер мен аймақ елдерінің халықтық демократиялық жүйеге қарай алға ілгерілеуінің әшкере белгісі болатыны туралы түсінеді.  ДАИШ-тың құрылуы мен нығаюының үшінші себебі сионистік режим саналады. Сионистік режим (Израиль) ДАИШ-ты күшейтіп, мұсылмандардың арасында соғыс пен кек  өртін лаулатып, өзінің заңсыз мүдделері үшін бірнеше жылға кепілдік алды. Олар Сауд Арабиясымен бірге ДАИШ-ты күшейтіп, ИИР басқарған исламдық қорғаныс қозғалысын басып-жаншуды көздеуде. Израиль мен Сауд Арабиясы бірігіп, ислам әлемін әлсіретіп, сионистік режимнің негіздерін күшейтіп, Батыс мүддесін қамтамасыз етуді көздеуде. Профессор Антони Джеймсхолдың пікірінше, ДАИШ-ты түсіну үшін Сауд Арабиясы-Израиль  алқасын түсіну қажет. ДАИШ лаңкестері – сионистік режим мен Батыстың мұсылмандарға қарсы қарулы күштері. Негізінде бұл сионистердің Исламға қарсы дағдарысы. Қақтығыстардың көбінен сионизм мен халықаралық сионизмнің мұсылмандар арасындағы қайшылықтарды тереңдеткісі келетін белгілерін көреміз. Бұл Батыстың «жікте де, басқар» деген саясатының көрінісі.

 

Тегтер