Ақп 25, 2016 11:03 Asia/Almaty
  • Ислам Революциясы жетекшісінің Батыс жастарына арнаған екінші хатын сараптау

Бұл бағдарламада діни жетекшінің Батыс жастарына арнаған хатының маңызды тұстарына тоқталып, сионистік режимнің үкіметтік терроризмі тақырыбын қарастырамыз.

Хазірет аятолла Хаменеи Батыс жастарына арнаған өзінің екінші маңызды хатында лаңкестікті әлемнің ортақ түйткілі деп атап: «Ислам әлемі кеңірек аспектілер мен үлкенірек көлемде және өте ұзақ уақыт бойы қорқыныш пен қатігездіктің құрбаны болып келді. Екіншіден, өкінішке орай, бұл қатігездіктер әрдайым кейбір үлкен алпауыт елдер тарапынан әртүрлі тәсілдер мен әсерлі түрдегі демеушілікке ие болды». Хазірет жалғасында Таяу Шығыс аймағындағы сионистік режимнің үкіметтік лаңкестігіне тоқталып: «Бұл қайшылықтың келесі бейнесі Израильдің үкіметтік лаңкестігіне қолдау көрсетуден көрінеді. Палестинаның жапа шегіп жатқан халқы алпыс жылдан астам лаңкестіктің ең сұрқия түрін бастан өткеріп жатыр. Бірақ, егер Еуропа халқы қазір бірнеше күн ғана өз үйлерінен шыға алмай, халық көп жиналатын орталықтар мен орындарға барудан бойтартып отырса, палестиналық бір отбасының сионистік режимнің өлтіріп, қирататын машинасынан қауіпсіз болмай отырғанына ондаған жыл болды» деді.  

Сионистік режим қалыптасқаннан бастап әлемдіктер әрдайым бұл режимнің адамзатқа қарсы ауқымды қылмыстарының куәсі болып келеді. Израиль режимінің Палестина халқының жерін басып алып, бейкүнә халыққа қарсы қатігез шабуылдар жасап, оқу орталықтары, мешіттер, ауруханаларды ұдайы бомбалап, жаппай қырып-жою және химиялық қаруларды пайдалану арқылы халықаралық қарарлар мен заңдарды бұзып жатқанына ұзақ жылдар болды. Израильдің Газа секторы тұрғындарына қарсы шабуылдары мен осы режимнің 2006 жылдан бері Газаға жасаған үш шабуылын тарихи тұрғыдан сараласақ, сионистік режимнің геноцидтік саясатын айқын түрде көре аламыз. Тель-Авивтің палестиналықтарды жаппай қырып-жоюға қатысты саясаты Израильдің 1967 жылдан бері осы уақытқа дейін Палестинаға қатысты жалпы стратегиясының теріске шығаруға келмейтін нәтижесі болып табылады.

Осы жылдар бойы адам құқығы мен гуманитарлық құқықтың қағидалары мен заңдарының ауқымды спектрі аяққа тапталды. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясының 3-ші бабына сәйкес, әр адамның өмір сүруге, азат болуға және жеке басының қауіпсіздігіне ие болуға құқығы бар.

Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясының баптары, азаматтық және саяси құқық туралы пакт, экономикалық, қоғамдық, мәдени құқық туралы шарт пен өзге де адам құқығы мен гуманитарлық құқық туралы халықаралық конвенцияларға көз жүгіртсек, Палестинадағы әйелдер мен балалардың және халықтың құқықтарының бұзылуы мен оларға қарсы қылмыстардың ұзақ тізімін келтіруге болады. Осы ретте сионистік режимнің Палестина халқына қарсы адам құқығы мен гуманитарлық құқықтың қағидалары мен заңдарының қайсысын бұзбағаны туралы айтқанымыз дұрыс болар. Мұндай жайттардың табылуы екіталай.

Сионистік режим күштерінің палестиналықтарға қарсы ауқымды қырғын ұйымдастырып жатқанына жылдар болды. Бірнеше мысал келтірейік. 1947 жылы 12 желтоқсан күні Балад аш-Шейх жерінде орын алған қырғында 60 адам қаза болды. 1948 жылдың сәуір айының 10 күнгі Дир-Ясин қырғыны, 1970 жылдың 22 наурыз күнгі Абу-Забал қырғыны, 1982 жылғы Сабра мен Шаттила қырғыны, 1987-2002 жылдар аралығында палестиналық босқындардың лагерлерінде орын алған көптеген қырып-жою әрекеттерінің әрбіреуі сионистік режимнің қатегіздігін әлемге әшкере етті.

Сонымен қатар сионистік режимінің 2014 жылғы Газа секторына қарсы 50 күндік соғысы кезінде палестиналықтарға қарсы жасаған қылмыстарын да атап айтуға болады. Сионистік режимнің Газа секторына қарсы 50 күндік шабуылында 11 мыңнан астам палестиналық, соның ішінде, 3 мың бала жараланды. Сионистік басқыншылар осы шапқыншылықта 2200-ден астам палестиналықты, соның ішінде, 516 бала мен 283 әйелді қаза етті.

Бірақ үшінші интифадаға байланысты басып алынған Палестина жеріндегі адам өлтірудің жаңа кезеңі мен бейберекеттіктер, әсірешіл сионистердің шабуылдары, әл-Ақса мешітіне құрметсіздік көрсету және оның есіктерінің палестиналықтардың алдынан жабылуы 2015 жылдың 1 қазан күні басталды.

Осы уақытқа дейін көптеген адамдар қаза болып, кем дегенде 7200 адам көзден жас ағызатын газ бен пластикалық және соғыс оқтары атылған израильдіктердің шабуылдары кезінде жараланды.

Халықаралық Амнистия ұйымының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бөлімінің директоры Филип Лютер былай дейді: «Басып алынған жерлерде тынышсыздықтардың жаңа толқыны көтерілгеннен кейін палестиналықтарды заңсыз түрде өлтіру израильдік күштердің «ашық үлгісіне» айналды».

Осы ұйымның мәлімдемесі бойынша Йордан өзенінің батыс жағалауы мен басып алынған Бейт ул-Мұқаддастың шығысына сапар шеккен мамандардың есебінде палестиналықтарға қарсы оқ ату және оларды жаппай қыру туралы өкінішті нәтиже жарияланған. Сондай-ақа, кейбір жайттарда израильдік күштер оқ тиіп жараланған адамдарға ешқандай медициналық көмек көрсетпеген. Бұл әрекет басып алынған жерлерде азаптаулар мен жаман қатынас жасауға тыйым салатын заңдарға қайшы келеді.

Сионистік режим осы жылдар бойы ешбір заң мен адамгершілік қағидасына берік емес екендігін көрсетті. Мысалы, адам құқығы белсенділері мен кейбір халықаралық ұйымдардың заңсыз қалашық салу ісіне қатысты ауқымды қарсыластықтарына қарамастан, бұл режим бұрынғысынша өзінің заңсыз құрылыстарын жалғастырып жатыр.

Иранның діни жетекшісі осы жайында былай дейді: «Қазір сионистік режимнің қалашық салу ісіндегі қатігездігін қатігездіктің қай түрімен салыстыруға болады? Бұл режим өзінің өте ықпалды одақтастарының немесе сырттай тәуелсіз болып көрінетін халықаралық ұйымдар тарапынан шынайы да әсерлі түрде айыпталмастан күн сайын палестиналықтардың үйлерін қиратып, олардың бау-бақшалары мен егістік алқаптарын жойып жатыр. Тіпті оларға тұрмыс-тіршілік құралдарын тасымалдау немесе ауылшаруашылық өнімдерін жинап алуға да мұрсат бермейді. Осылардың барлығы көбінесе үрейлері ұшып, көздері жасқа толған, өз отбасы мүшелері соққыға жығылып, жараланып, кейбір кездерде олардың қорқынышты азаптау орталықтарына тасымалдануына куә болып тұрған әйелдер мен балалардың көз алдарында орын алады».

Шығу тегі палестиналық Сюзан Абульхава есімді америкалық жазушы әрі саяси белсенді жуырда АҚШ-тың үкіметтік емес ұйымдары мен инвесторларынан 150 адамға қарсы сот ісін ашып, оларды өткен 20 жыл ішінде сионистік режимге әскери көмек ретінде және палестиналық басып алынған жерлерде қалашық салуды қолдау үшін 280 миллиард доллар төледі деп айыптады. Аталмыш компаниялар мен адамдар төленген соманы АҚШ-тың салық жүйесінде қайырымдылық көмек ретінде тіркеген. Сондықтан, осындай мөлшерде салық төлеуден босатылған.

Қолда бар құжаттарға сәйкес, сионистік режим АҚШ-тан ең көп мөлшерде қаржылай және әскери көмек алған тарап ретінде екінші Дүниежүзілік соғыстан осы уақытқа дейін америкалық салық төлеушілердің ақшасынан 124 миллиард 300 миллион доллар көлемінде ақша алған. Бұл көмектердің басым бөлігі әскери және қару-жарақ түрінде болған.

Әсірешілдік, айуандық, қатаңдық пен қатыгездік болмыс – бір сионистің болмысының негізгі сипаттары. Бірнеше ай бұрын сионистік қалашық тұрғындары бір палестиналықтың үйінде өрт шығарып, бір жарым жастағы сәбиді тірідей өртеді. Бұл қатыгездік сионистердің айуандығы мен мейірімсіздігін әшкере еткенімен, қатыгездіктер мұнымен аяқталған жоқ. Жуырда осы жас сәбидің суретіне қанжар салу рәсімдерінің бейнежазбасының жариялануы сионистердің лаңкестік және әсірешіл болмысын әлемдіктерге тағы әшкере етті. Бұл бейнежазбада осы жеккөрінішті әрекетті мадақтау үшін қолдарына қанжар мен қару ұстап көңілді өлең айтып жатқан ондаған жасөспірім мен ер адамдар көрсетіледі.

Халықаралық заңдар мен соғыс құқығын назарға алсақ, осы барлық жайттар, соның ішінде сионистік режимнің тұрғын аудандары мен байланыс көпірлерін, ауруханалар мен бейбіт аймақтарды бомбалау тәсілдері мен БАҚ-да тек бір бөлігі ғана көрсетілетін бейкүнә әйелдер мен балаларға шабуыл жасауы ашық түрде құқық бұзушылық әрі халықаралық қылмыс пен зорлық-зомбылықтың айқын үлгісі болып табылады. Бұлардың барлығы жалпы және келісілген құқықтық қағидалар бойынша айыпталады. Алайда, өкінішке орай, халықаралық қауымдастық пен кейбір әлем елдерінің үнсіздігі мен ықтималды көмегі күн сайын осы режимнің өрескелдігі мен оның бейкүнә халықты өлтіру әрекеттерінің артуына себеп болуда. Аталмыш режим қылмыстарын жасауда одақтастарының, әсіресе, АҚШ тарапынан ауқымды түрде қолдау көріп отыр. Америка Құрама Штаттарының БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде сионистік режимге қарсы шамамен 50 қарарға вето құқығын қолданғаны ешкімге жасырын емес.

Халықаралық қауымдастық пен азат адамдар әлемнің ең үлкен лаңкес үкіметіне қатысты қашан шынайы шара қолданып, қарар қабылдайды деген сауал туындайды.

Хазірет аятолла Хаменеи былай дейді: «Бүгінгі әлемде осындай көлемде және осынша уақытқа созылған басқа қатігездікті білесіздер ме? Бақайшығына дейін қаруланған әскериге наразылық білдіргені үшін ғана көшенің ортасында оқтың нысанасына алынған әйелдің оқиғасын лаңкестік демегенде не деп атаймыз? Мұндай айуандық басқыншы үкіметтің әскери күші тарапынан жасалған кезде оны әсірешілдік деп атамау керек пе?

Әлде бұл көрініс алпыс жылдан бері дайым теледидарлардан көрініп жатқандықтан бұдан былай біздің ұжданымызға әсер етпейді ме?»


Тегтер