Қаз 06, 2016 13:27 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.)-ның мектебі  3

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның заманында діни құндылықтардағы бұрмаланушылықтар кеңінен таралып, тіпті бұзақы Язид сынды адам мұсылмандардың халифасы сайланды. Ол имам Хусейн (ғ.с.)-ды өзіне бият еткізгісі келді. Өйткені ол ислам үмбеті арасындағы имам Хусейн (ғ.с.)-ның беделі туралы жақсы білетін.

Адамның көркем сипаттарының қатарына жақсылық жасауы мен қайырымдылық көрсетуі жатады. Құран мәдениетінде жомарттық, жақсылық, көмектесу сынды сипаттар мақұрымдар мен жәбірленушілерне қызмет етумен тең. Имам Хусейн (ғ.с.) пәк аталары сынды жомарттық пен қайырымдылықтың көрінісі болды. Ол еш уақытта мұқтажды құр қол қайтармайтын, мұқтаждың мәселесін шешу үшін мүлкін аямайтын. Одан көмек сұраған адамның абыройы сақталып, мұқтаждығы ең жақсы түрде қамтамасыз етілетін. Бір күні имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасына ер адам келіп, қажеттілігін айтпақ болғанда имам  оған: «Бауырым! Абыройыңды сақтап, қажет нәрсеңді жазып бер. Мен де сен риза болып, қуанатындай ғамал етуге тырысамын»,- деді. Ер адам қажет нәрселерін хатқа жазып бергенде имам оның сұрағанын екі есе артық берді. Имам Хусейн (ғ.с.) кедейлерге көмектескен кезде олардың абыройы туралы ойлауымен бірге ерекше жігерін білдіріп: «Ең жомарт адам – үмітін үзген адамға көмектесетін адам»,- деген. Тарихта Ашура күні имам Хусейн (ғ.с.)-ның арқасынан әскери қарулардың ізінен басқа ескі жарақаттарының ізі көрінгені туралы айтылған. Имам Зейн әл-Абединнен бұл жарақаттар туралы сұраған кезде ол: «Бұл хазіреттің қамқоршысыз қалғандар мен жетімдер мен кедейлердің үйлеріне сан рет түнделетіп, арқасына асып алып тасыған қоржындарының ізі»,- деп жауап берді.

 Имам Хусейн (ғ.с.) өз ғасырының  ең жомарт тұлғасы болды. Пайғамбар әулетінің пәк имамдарынан басқа ешкімді онымен салыстыруға болмайды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның  Исламның ұлық пайғамбары мен басқа имамдары сынды жомарттығы мен мейірімділігі  оның рухани кемелдігінен туындаған, тек өзіне ғана лайық арнайы ерекшеліктері болды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның айқын ерекшелігіне бір нәрсені сыйлайтын кезде кедей мен мұқтаж адамның беделі мен абыройы туралы ойлауы жатады. Халық көбінесе мұқтаждардың мәселелерімен бетпе-бет келгісі келмейді. Имам Хусейн (ғ.с.) керісінше, бұл мәселеден алыстамай, тіпті көмектескен кезде өзі ұялатын. Кейде көмектерін есіктің артына қойып кететін, кейде мұқтаж адамға құрмет көрсетіп, одан кешірім сұрап, қолына тапсыратын. Егер мұқтаж адам қажет нәрсесін хатқа жазып сұраса, хатты оқымастан бұрын, оған сұрағанын орындауға талпыныс жасайтындығына сендіретін. Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озған соң ислам әлемі екі бұрмаланушылықтың куәсі болды: біріншісі, имамат пен халифаттан бұрмалану; екіншісі исламдық құндылықтардың өзгеруі. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның заманында діни құндылықтардағы бұрмаланушылықтар кеңінен таралып, тіпті бұзақы Язид сынды адам мұсылмандардың халифасы сайланды. Муавие де залым әрі бұзақы болатын, бірақ ол сырт көзге өзін мұсылман етіп көрсетуге тырысатын. Ал Язид болса тіпті сырт көзге де мұсылмандық сипаттарды сақтаған жоқ. Сөйте тұра ол имам Хусейн (ғ.с.)-ды өзіне бият еткізгісі келді. Өйткені исламдық үмбеттің арасындағы имам Хусейн (ғ.с.)-ның беделі туралы жақсы білетін. Медине басшысы бият етуді талап еткеннен кейін  имам Хусейн (ғ.с.) түнделетіп қаладан шығып кетеді. Өйткені, ол егер қалада қалса, бият етуі керек екенін, ал етпесе өлтірілетіні туралы жақсы білді. Сондықтан имам Меккеге қарай бет алды. Меккеде оны өлтіругеқатысты қастандықтарды байқаған кезде қажылық рәсімдерін аяқтамай, оларды кіші қажылыққа айналдырып, Куфеге қарай жолға шықты. Өйткені хазірет Меккеде қалуының өлімге жеткізетінін түсінді. Меккедегі өлім бір жағынан Алланың үйінің кеңістігін ластайтын еді, басқа жақтан исламның тағдырына әсер етпейтін болды.  Бұл жерде  «имам Хусейн (ғ.с.) ақылдың орнына махаббатқа сүйенді» деген уәж айтатындардың аздап сабыр сақтағаны жөн. Өйткені имам Хусейн (ғ.с.) жоспармен және ақылға сай алға ілгеріледі. Имам әрі исламдық қоғамның басшысы болған хазірет Хусейн (ғ.с.) қозғалысының басынан бастап, Ашура күніне дейін барлық мұрсатты пайдаланып, исламдық наным-сенімдерге табанды адамдарды өзінің көтерілісіне қосылуға шақырды.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қисынды іс-әрекеттері мен сұхбаттары Кербала жерінде жалғасты. Имам Амр Саадпен сөйлесіп, Язидтің әскерінің алдында сөз сөйледі. Имам Хусейн (ғ.с.) шаһадат пен соғыстан басқа жол қалмағанын сезген кезде де тіпті бір сәтке болса да қисын мен ақылдан алыстамады. Шамамен 70 адамның Ашура күнінің таңынан түске дейін бірнеше мың адамға  қарсы тұруы имамның ақылының белгісі. Барша мұндай саны шектеулі адамдардың бірнеше мың сарбазға қарсы тұра алмайтынын білді. Сондықтан олар таң әлетінде-ақ шәһид бола алатын еді. Бірақ имам басқарған бұл кішігірім топ шынайы қарсыласып, тіпті имам мен серіктері шәһид болғаннан кейін де Амави үкіметінің негіздерін шайқалтып, ішінен ыдыратты.

Зухейр бен Қейн өз елінің арасында танымал әрі беделді адам болды. Ол өз тайпасының арасында Куфеде өмір сүріп жатқан батыл жауынгер  еді. Имам Хусейн (ғ.с.) Меккеде болған кезде ол да өз жақындарымен қажылық рәсімдерін атқарып жүрді. Имамның қажылығын аяқтамай Куфеге бет алғаны туралы естіген кезде имаммен бетпе-бет келуге алаңдады. Өйткені ол Муавиенің үгіт-насихаттарының ыөпалына түсіп, имам Әли (ғ.с.) үшінші халифа Османның қанын төгуге қатысты болды деп қате ойлады. Сол себепті имам Әли (ғ.с.) мен хазіреттің перзенттерін ұнатпайтын. Зухейр имам Хусейн (ғ.с.)-ның керуені тоқтаған жерге тоқтамады. Бірақ керуендер тоқтайтын мекендердің бірінде Зухейр керуені демалып жатқан кезде оған жақын жерге            имам Хусейн (ғ.с.)-ның керуені тоқтады. Зухейр мен қасындағылары тамақтанып жатқан кезде ер адам имам тарапынан оларға жақындап, Зухейрге: «Әй, Зухейр бен Қейн! Аба Абдолла бен Хусейн сені шақыру үшін жіберді»,- деді.  Үнсіздік орнап,  адамдар қолдарында ұстап отырған астарын жерге қойды. Сол кезде Зухейрдің әйелі Долхам орнынан тұрып: «Сұбхан Аллла! Пайғамбардың перзенті шақырып тұрғанда, сен ойланып тұрсың ба?! Неге оның қасына барып, айтқанын тыңдағың келмейді?»- деді. Зухейп әйелінің сөзінен есін жиып, имамның шатырына қарай бет алды. Көп ұзамай Зухейр жылдам әрі көңілді түрде серіктеріне қарай оралды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның мейірімділігі оған қатты әсер етіп, ол дүние мен үй ішін ұмытты. Ол шатырын жинап, имамның шатырының қасына апарып тігуді бұйырып, әйеліне: «Мен сенімен ажырастым. Сен азатсың, қалаған жеріңе бара аласың. Мен сені өзіммен бірге қиындықтарға тірегім келмейді»,- деді. Қасындағыларға да: «Қалағандарың менімен жүріңдер. Бұл мені мен сендердің соңғы кездесуіміз»,- деді. Содан соң имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктеріне қосылды.

 Жол ортасында имам Хусейн (ғ.с.) Язидтің зұлымдығы туралы айтқан кезде Зухейр орнынан тұрып, Алланы мадақтап, имамға: «Уа, Алла елшісінің перзенті! Сөзіңді естідім... Алламен ант етемін, егер дүние мен үшін мәңгі болғанда және мен онда қалатын болып, дүниеден алыстап, өзіңе серік болу таңдауы болса өзіңмен қалатын едім»,- деді. Ашураның қарсаңындағы түнде имам Хусейн (ғ.с.) серіктеріне: «Олардың ісі тек менімен, басқаларың кете беріңдер»,- деген кезде Зухейр орнынан тұрып: «Алламен ант етемін! Сендер мен пайғамбар әулетінің жастарынан алыстамас үшін өліп, қайта тіріліп, тағы мың рет өліп, тағы мың рет тірілетін едім»,- деді. Қақтығыс кезінде Зухейр батылдығымен ортаға шығып, дұшпанға шабуыл жасап: «Мен Зухейр Қейннің перзентімін! Өз қылышыммен сендерді имам Хусейн (ғ.с.)-нан алыстатамын. Хусейн – Алла елшісінің екі немересінің бірі, жақсылық жасайтын тақуа әулеттің өкілі. Қазір ол Алланың жіберген елшісі. Мен сендерді өлтіремін»,- деп айтып жүрді. Содан соң имамға қарай оралып: «Жанымды құрбан етіп, бүгін атаң пайғамбарды, сонымен қатар ағаң Хасан мен әкең Әли Мұртазаны көремін»,- деді.  Зухейр дұшпанның сарбаздары оған қарсы шабуыл жасап, оны өлтіргенше күресін жалғастырды. Сөйтіп, Зухейр бен Қейн шәһид болды.