Қаз 15, 2016 16:45 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.)-ның мектебі 8

Алланың ризалығына ие болу – Аллаға иман келтіру мен оның рақымдылығы және дүние мен шындықты тану арқылы пайда болатын ең жоғары дәреже. Кербала адамның Алланың ризалығына ие болуының көрінісі болды. Бұл жерде адамдар Алладан басқа еш нәрсені көрмей, тек оның ризалығы туралы ойлады.

 Алланың ризалығына ие болу – Аллаға иман келтіру мен оның рақымдылығы және дүние мен шындықты тану арқылы пайда болатын ең жоғары дәреже. Имам Садық (ғ.с.): «Уәжіп және мұстахаб намаздарда «Фаджр» сүресін оқыңдар, өйткені бұл имам Хусейн (ғ.с.)-ның сүресі. Бұл сүреге ерекше көңіл бөліңдер»,-деді. Қасында отырған адамдардың бірі: «Бұл сүре қалайша имам Хусейн (ғ.с.)-ның сүресі болды?»- деп сұрады. Имам: «Алланың «Фаджр» сүресінің соңында: «Әй, орныққан нәпсі! Раббыңа ол сенен, сен одан разы болған түрде қайт! Енді құлдарымның арасына кір! Сондай-ақ жаннатыма кір!»- деп айтқанын естімедіңдер ме? Хусейн (ғ.с.) – нәпсінің иесі. Ол Аллаға риза, Алла да оған риза болып, оның серіктері де Аллаға риза болды»,- деп жауап берді.

«Әй, орныққан нәпсі! Раббыңа ол сенен, сен одан разы болған түрде қайт! Енді құлдарымның арасына кір! Сондай-ақ жаннатыма кір!»

 Имам Хусейн (ғ.с.) өз сапарының басында Мединеден шыққан кезде Алла елшісінің қабірін зиярат етуге барып, намаз  оқып болған соң: «Уа, Алла! Мына қабір және бұл жерде жатқан адамның құқығымен сұраймын. Мен үшін өзің және өзіңнің елшің риза болатын жолды таңда»,- деп дұға етті. Ол өзінің қайтып оралмайтын сапарының бойында тек жаратушының ризалығы туралы ойлады. Меккеден Кербалаға қарай жолға шыққан кездегі  құтпасында имам сапардың соңы және өзінің шәһид болатыны туралы айтып: «Алланың ризалығы – біздің әулетіміздің ризалығы»,- деді. Бір адам имам Хусейн (ғ.с.)-ға хат жазып: «Дүние мен ақыреттің жақсылығы не?»- деп сұрағанда имам: «Алла оның ризалығы туралы ойлап, халықтың наразылығына көңіл бөлмеген адамға халықпен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі, ал оның бұйрықтарын орындамай, тек халықты риза қылу туралы ойлайтын адамды Алла халыққа тапсырады»,- деп жауап берді. Арабтардың әйгілі ақыны Фараздақ: «Меккеге жақын жерде Имам Хусейн (ғ.с.)-ға жақындадым. Имам Куфенің жағдайы туралы сұрағанда мен: «Халықтың жүректері сізбен, бірақ қылыштары сізге қарсы»,- дедім.  Имам: «Рас айтасың, барлық нәрсе Алланың қолыңда.  Егер Алланың қалауы біздің қалауымызбен бірдей болса, Алланың нығметтеріне рақмет айтып, шүкіршілігімізді білдіру үшін одан көмек сұраймыз. Егер біздің қалауымызға сай болмаса, ниеті шындық, тәсілі тақуалық болса, илаһи ризалықтан алыстамайды және зиян көрмейді»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.) өмірінің соңғы сәттерінде жалғыз, шөлдеп, жараланып, жарасының қаны жерге тамшылаған жағдайда жерге құлап: «Уа, Алла! Өзіңнің ризалығыңа ризамын және Өзіңнің бұйрықтарыңа бағынамын»,- деді.

«Уа, Алла! Өзіңнің ризалығыңа ризамын және Өзіңнің бұйрықтарыңа бағынамын»!

Кербала адамның Алланың ризалығына ие болуының көрінісі болды. Бұл жерде адамдар Алладан басқа еш нәрсені көрмей, тек Оның ризалағы туралы ойлады. Сол себепті хазірет Зейнаб басынан кешкен барлық дерттері мен қиындықтарына қарамастан, оған тіл тигізіп, кемсіткісі келген заманының ең үлкен қылмыскеріне: «Кербалада сұлулықтан басқа еш нәрсе көрмедім, көргенімнің бәрі сұлу болды»,- деді. Хазірет Зейнаб ағасы және басқа шәһидтер сынды Алланы барлық нәрсе мен барлық адамдардың бақылаушысы деп санайтын. Яғни, оларға қатысты орын алған әрбір оқиғаны Алла көріп отырды. Сондықтан бұл оқиғаның оңай әрі жақсы немесе қиын әрі қайғылы болғанының еш айырмашылығы болмады.  Өйткені олардың әрқайсының мақсаты Алланың ризалығына ие болу болды. Имам  Хусейн (ғ.с.)-ның мектебіндегі  әрбір оқиға илаһи аяттар мен оның заңдарына сай орын алады. Сондықтан сырт көзге ұтылған болып көрінгенімен Аллаға бағынған әрбір адам қадірлі. Керісінше, Оған бағынбаған әрбір адам қорлық көруші.

Хазірет Зейнаб Кербалада орын алған оқиғаны басынан соңына дейін көркем түрде көрді. Имамның сөздері, серіктерінің имамға адал болуы, серіктерінің таңға дейін ояу болуы, шатырлардың ішіндегі адамдардың Құран оқып, Алланы мадақтауы және басқа ғамалдардың барлығы Алланың ризалығы үшін құлшылық етудің үлгілері болып табылады. Ашура оқиғасының әрбір сәті бір мектеп ретінде адамға азаттық, адалдық, иман, батылдық, шәһид болуды талап ету мен қырағалықты үйретеді. Кербала жеріне төгіліп ағылған қан зұлымдықтың негізін шайқады. Кербала апатына себеп болғандар Исламның ұлық пайғамбарының әулеті мен шындықты талап ететін басқа адамдарды қырып, өз мақсаттарына жетеміз деп ойлады. Бірақ хазірет Зейнабтың пікірінше, олар өздерін масқара етті. Сондай-ақ, пайғамбар әулетінің нұрлы жүзі одан сайын жарқырап, есімдері мәңгілікке қалып, Алланың діні жаңғырды. Қаһарман әрі мистик болған хазірет Зейнаб мұның барлығын жақсы түсінді. Сондықтан ол Куфе басшысының ащы тілімен айтылған: «Алланың бауырың мен жанұяңа жасаған ісіне не дейсің?»- деген сұрағына сабыры мен жүрегіндегі ризалығын білдіретін тыныштығымен: «Сұлулықтан басқа еш нәрсе көрмедім»,- деп жауап берді.

«Сұлулықтан басқа еш нәрсе көрмедім»!

Ашура көтерілісінде имам Хусейн (ғ.с.) әртүрлі қиындықтардың алдында баршаны сабыр сақтауға шақырып, өзі мықты тау сынды дұшпанның әскерінің алдында қарсы тұрып, исламды қорғады. Ашураның жауынгерлері дұшпанның мыңдаған сарбазын көріп, еш абыржымады. Олар жылдам дұшпанға қарай асығып, діні мен қасиетті құндылықтарын қорғады. Имам Хусейн (ғ.с.) серіктері мен жақындарын сабыр сақтауға шақырып, хазірет Зейнабқа: «Қарындасым, сабыр сақта, аспан мен  жердегі жаратылыстардың барлығының өлетіні туралы ұмытпа. Тек жерді жаратқан Ұлы Алла ғана мәңгі»,- деді. Исламның ұлық пайғамбарының айтуынша, шынайы сабыр деген адам қиындықтар мен ауыртпалықтар және уайым-қайғымен бетпе-бет келген кезде тыныштық сақтайтындар. Бұл тұрғыдан хазірет Зейнаб жоғары дәрежеге жеткен. Бұл банудың ғибадаты оның сабырлығының ең анық белгісі. Ашура күні хазірет Зейнаб екі баласы Аун мен Мұхаммадтың үстеріне жаңа киім кигізіп, көздеріне сүрме жағып, қолдарына қылыш беріп, оларды шәһидтікке дайындады. Содан соң оларды ағасы имам Хусейн (ғ.с.)-ға жетектеп апарып, оларды соғыс майданына жіберуге рұқсат сұрады. Имам Хусейн (ғ.с.) басында рұқсат бермеді. Бірақ хазірет Зейнаб өтінішін қайталап сұрады. Соңында имам рұқсатын берді. Екі ағайын  соғысып, Мұхаммад шәһид болды. Аун қанға малынған бауырының қасына жақындап: «Бауырым, шамалы сабыр ет, жақында мен де саған қосыламын»,- деді. Аун да соғысып, шәһид болды.  Имам Хусейн (ғ.с.) екі жасөспірімнің пәк мәйіттерін құшақтап, оларды аяқтары жерге сүйретілген күйде шатырларға қарай жеткізді. Әйелдер имамның алдынан шықты. Бірақ әрқашан олардың алдынан шығатын хазірет Зейнаб ағасы оның уайым-қайғысын көріп, қарындасына жауап бере алмай ұялмасын деп, бұл жолы шатырдан шықпады.  

 Хазірет Зейнаб иманымен Ұлы Аллаға сүйеніп, имам Хусейн (ғ.с.) жақындарының керуенінің қамқоршысы болу міндетін жақсы атқарды. Анасы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-нан кейін әлем әйелдерінің үлгісі саналатын хазірет Зейнаб дұшпанмен бетпе-бет келген кезде табандылық пен қайсарлық білдірді. Ол әйелдер мен балалар және жасөспірімдерге қамқоршы болуымен бірге әрбір мұрсатты пайғамбар мен пәк имамдардың әулетінің құқықтары туралы айтып, залымдарды әшкерелеу үшін пайдаланды. Хазірет Зейнаб ағасының басы шабылып, қанға малынған денесін көргенде ақырын алға басып, ағасының жарақатқа толы денесін көтеріп, Алладан: «Уа, Алла! Мына құрбанды бізден қабыл ет»,- деп сұрады. Бұл сөзімен хазірет Зейнаб Аллаға ризалығын білдіруі мен оған бағынушылығының оның сөзі мен болмысында қалыптасқанын көрсетті.

 

 

 

 

Тегтер