Қар 15, 2016 16:05 Asia/Almaty
  • «Зиярате арбағин» зияратнамасын сараптау

Имам Хасан Аскари (ғ.с.): «Мүміннің бес белгісі бар: 51 рәкәт намаз оқу (17 рәкәт уәжіп намаз және 34 рәкәт нәпіл намаз), «Зиярате арбағин» зияратнамасын оқу, оң қолының саусағына жүзік тағу, сәжде жасаған кезде маңдайын жерге тигізу және намаз оқыған кезде «Бисмилләхи әр-рахман әр-рахим» деген сөзді дауыстап айту»,- деген.

Сафар айының 20-шы жұлдызы Кербала шәһидтерінің арбағин күні – имам Хусейн (ғ.с.)-ды ерекше зиярат ететін күн. Бұл зиярат – Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ды еске алу. Имам Садық (ғ.с.)-ның айтуынша, Хусейннің ерлігі және шәһид болуымен халықты Бани Умайенің теріс насихаттарының салдары мен адамдарды Құран мен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның сүннетінен алыстатудың салдарынан бастарына төнген надандықтан  құтқарды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның батыл қозғалысы өздерін пайғамбардың мұрагері деп таныстырған Бани Умайенің үгіт-насихаттарының негізін әшкерелеп, язидшілердің  теріс тағылымдарын жойып, шынайы Исламды жаңдандырды.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.): «Мүміннің бес белгісі бар: 51 рәкәт намаз оқу (17 рәкәт уәжіп намаз және 34 рәкәт нәпіле намаз), «Зиярате арбағин» зияратнамасын оқу, оң қолының саусағына жүзік тағу, сәжде жасаған кезде  маңдайын жерге тигізу және намаз оқыған кезде «Бисмилләхи әр- рахман әр-рахим» деген сөзді дауыстап айту»,- деген.

Арбағин күніне арналған бірнеше зияратнаманы кездестіруге болады. Олардың бірі «Зиярате арбағин» деп танымал. Оны имам Садық (ғ.с.)-ның жазғаны нақты белгілі. Бұл – исламдық білім мен ғылымға толы зияратнама. Бұл зияратнамада мистика мен ғибадат, жанкештілік пен шәһид болу, ризашылық пен талпыныс және жиһадтың толқыны жоғары деңгейіне жеткен. Бұл  гауһар тастарға толы мәтіннің құны өте жоғары. Оны оқығандар өздерін Кербала шәһидтерімен бірге болғандай сезініп, кез келген жағдайда имам Хусейн (ғ.с.)-ның жолын жалғастырады.

«Зиярате арбағин» басқа да зияратнамалар сынды сәлемнен басталады. Зияратшы бұл сәлеммен имам Хусейн (ғ.с.)-ның алдындағы қарапайымдылығы мен қайырымдылығын жариялап: «Сәлем саған Алланың жердегі халифасы және арнайы досы! Сәлем саған Алланы  жақсы көруші және Оның сүйіктісі! Сәлем саған Алланың адал пендесі және Алланың таңдаулы  пендесінің перзенті!»,- дейді. Бұл сәлемдерде зияратшы Кітап иелері саналатын илаһи бес пайғамбардың сипаттарын, нақты айтқанда хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ды Алланың досы, хазірет Ибрахимды Алланы жақсы көруші, хазірет Адамды Алланың адал пендесі ретінде таныстырып, имам Хусейн (ғ.с.)-мен байланыстырады. Зияратшы имам Садық (ғ.с.)-ның «Хусейн (ғ.с.)-ды Кітап иелері болған бес пайғамбардың ұйытқысы» деп айтқан сөзін пайдаланады. Зияратнаманың келесі бір бөлімінде: «Пайғамбарлардың барлық мұралары жинақталған адамға сәлем!»,- деп айтылған. Сондықтан «арбағин» хазірет Адамнан бастап, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға дейінгі барлық пайғамбарларды еске алу және олардың қозғалыстары мен көтерілістерін растау болып табылады.

 Имам Хусейн (ғ.с.) мен Кербала оқиғасы туралы естіген әр адамның көзі еріксіз жасқа толады. Бұл көз жастары адамның жақындарынан айырылған жағдайдағы көз жастарынан өзгеше. Егер адам имам Хусейн (ғ.с.)-ның апатына білім және қырағылығын пайдаланып жыласа, материалдық дүниеден илаһи дүниеге көтеріле алады. «Мәиде» сүресінің 83-ші аятында: «Олар Пайғамбарға түсірілгенді (Құранды) тыңдаған заманда, шындықты танығандықтарынан көздерінің жасқа толғанын көресің. Олар: “Раббымыз! Иман келтірдік, бізді куә болушылардан жаза көр!”- дейді», - деп айтылған. Осыған орай зияратшы сәлемімен бірге имам Хусейн (ғ.с.)-ның қиындықтарына тоқталып: «Зұлымдық көрген Хусейнге сәлем! Қиындықтарға шырмалып, шәһид болуымен көз жастардың төгілуіне себеп болған тұлғаға сәлем!»,- дейді.

Зияратнаманың екінші бөлімінде зияратшы имам Хусейн (ғ.с.)-ның велаяты, айбындығы,  бақытты болуы мен пәктігіне куәлік етіп: «Уа, Алла! Хусейннің өзіңнің жердегі орынбасарың және орынбасарыңның перзенті екендігіне куәлік етеміз. Ол өзіңнің таңдаулың және таңдаулы пендеңнің перзенті. Уа, Алла!  Оны шәһид болуы арқылы мәңгілік етіп, оған бақыт сыйлағаныңа куәмін. Оны пәк әулеттен таңдап, оған ұлылардың ұлылығы мен  басшылардың басшылығын сыйладың.  Қорғаушылардың қорғаушысы етіп, оның болмысында барлық пайғамбарлардың мұраларын қалыптастырдың»,- дейді. Имам Хусейн (ғ.с.) Алла оны «Раһмат әл-Әләмин» деп атап, оған: «Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік»,- деген пайғамбардың шәкірті. («Әнбия» 107-ші аят). Ол Язид сарбаздарымен мейіріммен сөйлесіп, оларға уағыз айтты. Ол тіпті жерге жығылған кезде де дұшпанды дұрыс жолға нұсқауға талпынды. Ол соңынды өзінің пәк қанын халықты дұрыс жолға нұсқап, надандық пен адасқан жолдан құтқару үшін төкті. Осыған орай зияратнамадан: «Уа, Алла! Хусейн халықты шақыру міндетін толық орындап, ешбір адам үшін сылтау қалдырмады. Ол жақсылық тілеп, өмірін өзіңнің жолында қиды»,- деп оқимыз.

Имам Хусейн (ғ.с.) Меккеден шықпай тұрып, бауыры Мұхаммад Ханафиге өсиетнамасын жазып, көтерілісінің мақсаттарын жариялады. Бұл өсиетнамада: «Мен атам  Алла елшісінің дінін жаңдандырып, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру үшін көтеріліс жасаймын»,- деп жазылған еді. Өйткені имам Хусейн (ғ.с.)-ның кезінде  дінде көптеген өзгерістер орын алып, оған көптеген бедғаттар енгізілді. Имам Алла елшісінің дінінің ақиқатын сақтап қалу  және келесі ұрпақтарға шынайы дінді жеткізу үшін көтерілістен басқа жол көрмеді. Ол көтерілісі арқылы баршаға «қазіргі кездегі дін – бұрмаланған, Алла елшісінің дінінен алыстаған дін» деп жариялады. Содан соң зияратшы зияратнаманың бөлімдерінде имамның көтерілісінің мақсатын баяндап: «Уа, Алла! Хусейн өз өмірін өзің үшін құрбан етті. Ол жанын аямай пенделеріңді надандықтан жолсыздыққа тірелуден құтқарды»,- деп оқиды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ға қарсы тұрып, хазіретті өлтіргендер дүние оларды алдағандар болды. Олардың қарындары харам мүлікке толы еді. Олар түкке тұрмайтын сылтаумен ақыреттерін қиындатты. Зияратшы зиаратнаманың жалғасында: «Дүниеқұмарлар пенделеріңнің жақтастары болып, қайшылық тудырып, күнә жасап, өздерін өртке түсуге дайындады»,- деп  оқиды. Имам Хусейн (ғ.с.) сабырлы болғанымен оларға қарсы жиһадқа шығып, Алланың жолында жанын қиып, азапқа ұшырады» деп оқиды. Кербалада әсіресе Ашура күні қарсаңындағы түн мен Ашура күнгі пайғамбар әулеті және имамның серіктерінің  адалдығы мен имамға шын берілгендігі бұрын-соңды кездеспеген сирек жағдай болды. Одан жоғарысы, имам Хусейн (ғ.с.)-ның Аллаға берген уәдесіне деген  табандылығы болды. Зияратшы имамға қайтадан сәлем беріп: «Уа, Хусейн (ғ.с.)! Сенің Алланың аманатқа берік пендесі және Алланың аманатқа берік пендесінің перзенті екендігіңе куәлік етемін. Сен бақытты өмір сүріп, отаныңнан жырақта зорлық-зомбылық көргеніңе қарамастан құрметпен шәһид болдың. Алла Тағала сені тастап кеткен әр адамды өлтіріп, сені өлтірген барлық адамды азаптайды. Сенің шәһид болғанша Аллаға берген уәдеңе табанды болып, Алланың жолында  жиһад еткендігіңе куәлік етемін»,- дейді. Шынайы достық орнатылған жағдайда адам достарының достарына да махаббатын білдіреді. Сондай-ақ, досының дұшпандары мен қара ниеттілерге дұшпандық білдіреді. Зияратнаманың жалғасында имамның достары мен дұшпандарына достық пен дұшпандық білдіруге куәлік етіліп: «Уа, Алла!  Хусейн (ғ.с.)-ды досы деп санайтын әр адамды менің де жақсы көретінімді және оны дұшпан деп санайтын әр адамды мен де дұшпаным деп санайтынымды жариялау үшін өзіңді куәгер етіп аламын»,- деп айтылған.

Зияратшы «Зиярате арбағин» зияратнамасында имам Хусейн (ғ.с.)-ның ерекшеліктері мен ахлақи артықшылықтарын баяндаған соң өзінің жүрегіндегі сенімін білдіріп: «Менің дінім мен тіпті менің істерім өзіңнің дұрыс жолға нұқсауына байланысты. Менің жүрегімнің қалауы да өзіңнің жүрегіңнің қалауыңа бағынады. Барлық  істерімде өзіңді үлгі тұтамын және өзіңді қолдауға дайынмын. Яғни, мен дұшпандарыңмен емес, өзіңмен біргемін»,- дейді. Зияратшы өз жүрегімен имамға биятын білдірген соң өз зияратын исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің пәк әулетіне сәлем мен салауат айту арқылы аяқтап: «Алланың салауаты сіздердің қасиетті рухтарыңыз бен пәк тәндеріңізге тисін»,- дейді. Мұндай адам  өзінің имамы мен басшысы имам Хусейн (ғ.с.)-ға махаббаты мен иманын білдіруге талпынады. Джабер бен Абдолла Ансари арбағин күнгі зияратнамасының соңында: «Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ды пайғамбарлық міндетке сайлаған Алламен ант етемін! Біз шәһидтерге сыйланған жәннәтқа ортақпыз»,- деген.  Бұл сөзден кейін оның қасындағылар одан: «Олармен бірге Алланың жолында қылыштаспай, олардың сауабына қалайша ортақ боламыз?»- деп сұрағанда Джабер: «Мен Алла елшісінен «Бір топты жақсы көрген  әр адам олармен бірге жиналады. Бір топтың іс-әрекетін жақсы көрген әр адам олардың іс-әрекеттеріне ортақ болады» деп айтқанын естігем»,- деп жауап берген.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның «Зиярат Арбағин» зияратнамасын тыңдауға шақырамыз. Дұғаларыңыз қабыл болсын.