Қар 30, 2016 16:26 Asia/Almaty
  • Ислам әлеміндегі бірлік 31

Өткен 5 жылдағы ислам әлеміндегі өзгерістерге шолу жасап, Ислам Конференциясы ұйымының осы кезеңдегі ұстанымдарына тоқталамыз.

Араб мемлекеттеріндегі «исламдық ояну» деп аталған саяси өзгерістер мен көтерілістер Тунистен басталды. 2010-шы жылдың желтоқсан айының 18 күні оқыған, бірақ жұмыссыз қалып, арбасын сүйретіп саудамен айналысуға мәжбүр болған тунистік жігіт Мұхаммад Буазизи полицияның бұзақылығы мен қатыгездігіне наразылық білдіріп, өзін өртеп жіберді. Оның бұл әрекеті халықтың, әсіресе жастардың қоғамдық және саяси наразылықтарына  себеп болып, нәтижесінде алдымен осы елдегі, содан кейін басқа араб мемлекеттеріндегі наразылықтар басталды. Тунис халқы мен жастарының жұмыссыздық, азық-түлік дағдарысы, бұзақылықтың таралуы, сонымен бірге сөз және басқа саяси бостандықтардың жоқтығы мен тұрмыстарының нашарлығына байланысты наразылық шерулері жыламдықпен Бен Әли үкіметінің негіздерін нысанаға алып, жағдай халық пен полиция күштері арасындағы шынайы қақтығыстарға жетті. Қақтығыстар мен қауіпсіздік күштерінің әрекеттері мен полицияның шерушілерге қарсы басып-жаншу шараларының салдарынан көп адамға нұқсан келіп, олар соққыға душар болды.  Нәтижесінде халық жеңіске жетіп, Тунис Президенті Зейн әл-Абидиннің Сауд Арабиясына қашуымен бұл елдің үкіметі 2011-ші жылдың қаңтар айының 14 күні  құлап, Тунистің 23 жылдық үстем билігі аяқталды. Содан соң төтенше жағдай жарияланып, коалициялық үкімет құрылды.

Тунистің қашып кеткен президенті Зейн әл-Абидин 

Тунис халқы жеңіске жетіп, Бен Әли қашқан соң халықтық наразылықтар мен көтерілістердің толқыны бұл елдің шекараларынан асып, Мысырға жетті. Билік басындағы жүйенің саясаттары мен бағдарламаларына наразы Мысыр халқы көшелерге шығып, Хосни Мүбарактың отставкаға кетуін талап етті.

Мысырдың тақтан тайған президенті Хосни Мүбарак

Мысыр халқының наразылықтары жылдамдықпен сол елдің көптеген қалларына жетті. Шын мәнінде мың адамның он күндік  бүліктері «Тахрир» алаңындағы миллион адамның көтерілісіне ұласты. Мысыр халқы қысқа мерзімде әскермен ынтымақтастығын жариялап, Хосни Мүбарактың отставкаға кетуімен  жеңіске жетті. Көтеріліс жеңіске жетіп, Конституцияға өзгеріс енгізіліп, елде президенттік сайлау өтіп, «Мұсылман бауырлары» қозғалысы мүшелерінің бірі Мохаммад Морси келесі үміткер Ахмад Шафиқтан озып, халықтың дауысымен  сол елдің президенті болып сайланды.

Бұл толқын Мысырдан кейін Ливияға  жетті. Ливиядағы наразылықтар 2011-ші жылдың қаңтар айының 13 күні басталып, ақпаннның 17-не дейін жоғары толқынына жетті. Муаммар Қаддафи үкіметінің қарсыластары Ливияның шығыс қалалары мен солтүстік-батыс қалаларының жартысын өз қолына алды. Сол кезден бері бұл мемлекеттердегі өзгерістердегі бөгде күштердің рөлі артып, көбірек әшкереленді.

Ат-Тахрир алаңындаңы Мысыр халқының наразылықтары

Ливия әскері мен қарсыластардың арасындағы қақтығыстардың күшеюі және бірнеше мың наразының құрбан болуынан кейін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі адамдардың өлімін айыптап, Қаддафиді соғыс қылмыскері деп атады. Бірнеше күннен кейін Франция, АҚШ пен Ұлыбритания Қаддафидің күштерін басып- жаншу үшін Ливияның аймақтарын бомбалады. Сөйтіп шетелдік мемлекеттердің қарсыластарды қолдауымен Қаддафи үкіметі құлатылды.

Ливия басшысы Маамар Қаддафи

Йемен мен Бахрейн «исламдық ояну» қозғалысы әсер еткен келесі елдер саналады. Йеменнің солтүстігі мен оңтүстігіндегі қалалардың көбіндегі наразылықтар  2011-ші жылдың қаңтар айының ортасында басталды. Шерушілер  басында Йеменнің Конституциясына өзгеріс енгізуге қатысты жобалар мен жұмыссыздыққа, экономикалық жағдай мен бұзақылыққа қарсы наразылық білдірді, бірақ олардың қалауы ел президенті Әли Абдолла Салихтың отставка кетуін талап етуге дейін жетті. Йемен өзгерістері осы уақытқа дейін көптеген шарықтаулар мен құлдырауларға ие болды, бірақ қазір билік Ансаролла халықтық күштері мен хусиліктердің қолында. Өткен бір жарым жылдағы Сауд Арабиясы мен одақтастарының бұл елдің президенті Әли Абдолла Салихты билік басына қайтару мақсатында жасалып отырған әскери шабуылдары бұл елдегі күш теңгерімін өзгерте алған жоқ.

Йеменнің отставкаға кеткен президенті Әли Абдолла Салих

Бахрейндегі наразылықтар 2011-ші жылдың ақпан айының 14-і күні басталды. Бұл елдегі шерулер көбінесе бейбіт болып, басында саяси азаттықты арттырып, адам құқығын құрметтеу сынды мәселелерді көтеріп, наразылар билікті тікелей қорқытуды мақсат етпеді. Бірақ полицияның  шараларының күшеюіне байланысты наразылар реакция білдіріп, патшалық үкіметтің кетуін талап етті. Бахрейн халқы мен үкіметінің бетпе-бет келуі де осы күнге дейін көптеген шарықтаулар мен құлдырауларға ие болғанымен билік Халифе әулетінің қолында қалды.

تБахрейндегі Халифе үкіметін құлатуға арналған шеру

Сирия, Йемен және Бахрейн елдеріндегі өзгерістер ислам әлеміндегі алшақтықтардың  анық критерийлерінің  бірі болды. Қазір бұл мемлекеттердегі саяси жағдай өте шиеленісті. Исламдық елдердің арасындағы қайшылықтардан ислам мен мұсылмандардың дұшпандары және  Батыс мемлекеттері пайда көруде. Алайда сол өзгерістердің көбінен сионистік режимнің араласуын байқауға болады. Сырт көзге исламдық топтар болып көрінетін, әсіресе лаңкестік пен тәкфіршіл топтар хабардар немесе хабарсыз түрде АҚШ-ның Орталық Барлау Басқармасы мен Израильдің Моссад тыңшылық ұйымдары арқылы қоректенеді. Өкінішке орай, мүше елдерінің күші мен әділет негіздеріне сүйеніп, мәселелерге араласа алатын Ислам Конференциясы ұйымы осы кезге дейін өз рөлін атқара алмады. Керісінше, кейбір жайттарда дұшпандықты күшейтіп, кектің тереңдей түсуіне себеп болды.

Сирияда қақтығыстар күшейіп, жалғасқан жағдайда дағдарасты шешу үшін арағайындық ете алатын Ислам Конференциясы ұйымы Сауд Арабиясының сұрауымен  2012-ші жылдың  тамыз айында Меккеде төтенше отырыс өткізді. Бұл отырыс Сирия үкіметі қарсыластарының жақтастары  Стамбул, Тунис және Еуропада  өткізген отырыстар нәтижеге жетпеген және Араб лигасының  отырыстары мен Кофи Аннаның Сириядағы жұмыстары сәтсіздікке ұшыраған жағдайда өткен болатын. Бұл отырыста Иранның сол кездегі президенті өзгерістер енгізіп, бөгделердің араласуына қарыс тұру қажеттігін қуаттап: «Қырағы түрде екі мәселеге, яғни өзгерістер енгізіп, халықтарымызды негізгі құқықтармен қамтамасыз ету және ақылды да батыл түрде дұшпандардың қастандықтарына қарсы тұрып, олардың жобаларынан хабарсыз қалмауға көңіл бөлуіміз керек. Бұл – екі шындық және бір міндет, олар бір-бірін қажет етеді»,- деген болатын. Алайда Иранның қисынды ұстанымына қарамастан  бұл төтенше отырыста Сауд Арабиясының қысымымен Сирияның Ислам Конференциясы ұйымындағы мүшелегі уақытша тоқтатылды.

 Сирия Президенті Башар Асад

Ислам Конференциясы ұйымының  бұл ұстанымы Сирияның қайшылықтарын шешудің орнына, керісінше олардың күшеюіне себеп болды. Бұл шешім ислам елдері дұшпандарының аймақтағы өз мақсаттарын алға ілгерілетіп, ислам әлемін арандату жобалары үшін пайдалы болды. Өйткені Ислам Конференциясы ұйымының отырысы аяқталысымен, АҚШ Мемлекеттік Департментінің баспасөз хатшысы  ақпарат отырысында Сирияның Ислам Конференциясы ұйымындағы мүшелігін тоқтату шешімін қолдады.

 

 

 

 

 

 

Тегтер