Жел 24, 2016 16:57 Asia/Almaty
  • Ислам әлеміндегі бірлік 34

Осыдан шамамен алты ай бұрын Стамбулда исламдық елдер басшыларының 13-ші саммиті өтті. Бұл саммитте Сауд Арабиясының қысымымен осы ұйымның мүшелерінің бірі ИИР-на қарсы қарар бекітілді.

Исламдық бірлік

Осыдан шамамен алты ай бұрын Стамбулда  өткен исламдық елдер басшыларының 13-ші саммитінде Сауд Арабиясының қысымымен осы ұйымның мүшелерінің бірі ИИР-на қарсы бекітілген қарардың тақырыбын қарастырудан бұрын өткен бір жылдағы Иран мен Сауд Арабиясы  арасындағы саяси қайшылықтарға шолу жасап, Сауд Арабиясының мұндай қарар бекітудегі  мақсаттарын анықтаймыз. Көтерілісші күштердің қолымен Йеменнің үкіметі құлап, Ансаролла қозғалысының билігі орнатылған соң Сауд Арабиясы бұл елге әскери араласу туралы шешім қабылдады. Бірақ саудиялық басшылар мен аймақтың саяси және әскери сарапшыларының  болжамдарына керісінше  бұл әрекеттің адами апатқа тіреуі және Йеменнің көптеген инфрақұрылымдарының  қирауына қарамастан не Сауд Арабиясы жеңіске жеткен жоқ, не Ансаролланың құлауына себеп болмады. Иран Ислам революциясының жетекшісі соғыс басталған күндері Иранның Йеменнің ішкі істеріне араласуын теріске шығарып, сол соғыста Сауд Арабиясының жеңіске жетуін мүмкін емес деп атаған болатын. Йемен халқы мен үкіметінің қарсыласуының жалғасуы саудиялық басшылардың ашуына себеп болды. Рияд басшылары бұл әшкереленушіліктерін жасыру үшін әрдайым Иранға қарсы психикалық және үгіт-насихаттық шабуыл жасауда.

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылы

Өткен жылғы қажылық рәсімінде Сауд Арабиясының абыройы тағы төгілді. Сол қажылық рәсімінде әртүрлі исламдық елдердің мыңдаған қажысы саудиялық басшылардың біліксіздігінен алдымен әл-Харам мешітінде, содан соң Минада қаза болды. «Қажылықтың ең қанқұйлы оқиғасы» деп аталған бұл апатта әлемнің 42 елінің, соның ішінде Ауғанстан, Алжир, Бангладеш, Бенин, Буркина Фасо, Камерун, Чад, Қытай, Джибути, Мысыр, Эфиопия, Гамбия, Гана, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак,  Кот-д'Ивуар, Йордания, Кения, Ливан, Ливия, Малайзия, Мали, Маврикий, Марокко, Мьянма, Голландия, Нигерия, Нигер, Оман, Пәкістан, Филиппин, Сенегал, Сомали, Шри-Ланка, Судан, Танзания, Тунис, Түркия мен Уганда сынды елдердің қажылары қаза тауып, көптеген адамдар жарақат алды. Апаттың орын алуының себебі Сауд Арабиясы мен сол оқиғада ең көп азаматы құрбан болған елдер арасындағы даулы сұрақ. Бүгін сол апаттан бір жылдан артық уақыт өткенімен жауапты органдар тарапынан да оқиғаның орын алуының себептері анықталған жоқ. Жарақат алғандарға жедел көмек көрсету де көп сұрақ тудырған келесі жайт болды. Сонымен бірге қаза болғандардың мәйіттерін анықтау мен сүйектерін елдеріне жеткізу Сауд Арабиясы мен қажылыққа қатысқан басқа елдердің арасындағы пікірталасқа ие келесі мәселе.

Мина апаты әртүрлі елдердің  мыңдаған қажыларының  қаза болуына себеп болды

Мина апатында 464 ирандық қажы қаза болды. Басқа елдермен салыстырғанда Иран апатта ең көп азаматынан айрылған ел болды. Сол себепті Иран сан рет шындықты зерттейтін комитет құруды талап етті. Бірақ Сауд Арабиясы еш уақытта Иранның талабына оң жауап бермей, тіпті жағдайды одан әрі шиеліністіріп, ирандық қажылардың  биылғы қажылыққа баруына кедергі жасады. Апаттан онша ұзақ уақыт өтпей, Сауд Арабиясы сол елдің шиіттерінің басшыларын өлім жазасына кесіп, басқа мұсылмандарға, әсіресе шиіттерге деген дұшпандықтарын көбірек әшкереледі.  Мина апатынан тек үш ай өткен кезде Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі бұл елдің шиіттерінің басшысы шейх Нимр Бақер ан-Нимрды  өлім жазасына кесу үкімін іске асыруға қатысты  мәлімдеменің бекітілуі туралы хабар тарады. «Әл-Арабие» ақпарат арнасы Сауд Арабиясының Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап,    шейх Нимр мен көбі лаңкес деп таныстырылған 46 айыпкерге қарсы шығарылған өлім жазасы үкімінің бұл елдің 12-ші аймағында іске асырылғанын хабарлады. Шейх Нимр Бақер ан-Нимр 1959-шы жылы Сауд Арабиясының шығысындағы Авамиеде дүниеге келіп, ғалым және арабстандық адам құқығының белсендісі болды. 2012-ші жылы ол Сауд Арабстаны шиіттерінің наразылықтарынан кейін қамауға алынған болатын.

Шейх Нимр Бақер ан-Нимр

Сауд Арабиясының қылмыстық істерді қарастыратын соты шейх Нимрды ұлттық қауіпсіздікке қарсы әрекет жасады деп айыптады. Шейх Нимрге қатысты өлім жазасы қорқынышты түрде іске асырылғандықтан орта ғасырларды еске салды. Негізінде адам құқығы ұйымдарының көбі сан рет Сауд Арабиясынан  бұл үкімді іске асырмауды сұраған болатын. Үкімнің іске асырылуы әртүрлі елдердің арасында көптеген рекцияларға тап болды. Саудиялық режим  қоғамдық пікірдің  қысымына алынып, әлемде оқшауланды. Иранда да халық аталмыш үкімнің іске асырылуына ашу-ыза танытып, наразылықтар толқыны көтерілді. Иран халқының наразылықтарының шынайы болғаны сондай, бұл елдің Мешхед қаласындағы Сауд Арабиясының консулдығы мен Теһрандағы Арабстан елшілігінің алдындағы наразылықтарға себеп болды. Наразылардың бұл әрекеттерін полиция күштері басып-жаншып, Иран үкіметі бұл елдің дипломаттарына зардап келтірудің алдын алды. Бірақ сылтау іздеген Сауд Арабиясы  оқиғаға реакция білдіріп, ИИР-мен саяси қарым-қатынасын үзді.

 Сауд Арабиясы оқшауланудан шығып, өзінің дін мен адамзатқа қарсы қылмыстарын  жасыру үшін Иранмен саяси қарым-қатынастарын үзумен қанағаттанбай, басқа да исламдық мемлекеттерге қоқан-лоққы көрсетіп, Стамбулда өткен исламдық елдер басшыларының 13-ші саммитінде  ислам әлемін Иранға қарсы қоюға әрекет жасады. Бұл саммитте ДАИШ пен аймақтағы басқа лаңкестерді қолдайтын мемлекеттер Иранға қарсы ұстаным білдіріп, Теһранды  Палестина, Йемен және Бахрейннің жәбір көрген халықтарын қолдау саясатынан бас тартқызғысы келді. Сонымен бірге Сауд Арабиясы аталмыш саммиттің қорытынды мәлімдемесінде Теһрандағы елшілігі мен Мешхедтегі консулдығының оқиғаларына қатысты Иранды айыптауға әрекет жасап, саудиялық басшылардың қалауы бойынша Сауд Арабиясының өлім жазаларын іске асыруына қатысты Иранның ұстанымы айыпталып, өлім жазасы іске асырылған адамдар, соның ішінде шиіттердің басшысы Бақер ән-Нимр «лаңкес» деп аталды.

  Исламдық елдер басшыларының Стамбулдағы 13-ші саммиті

Стамбулда өткен исламдық елдер басшыларының 13-ші саммитінің  қорытынды мәлімдемесі саудиялықтардың қысымымен бекітілгенімен исламдық елдердің көбі Сауд Арабиясының уәждері мен Иранға қарсы айыптаулардың негізсіз екендігінен хабардар болды, тіпті Ливан мен Ирак сынды елдер  ұйымның бұл ұстанымын қолдамады. Бірақ бұл мәлімдеменің жариялануы Риядтың Араб Лигасы, Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі және Исламдық ынтымақтастық ұйымдарына  қаржы көмектерін тоқтату сынды қоқан-лоққы көрсетіп, олардың дұшпандық саясаттарын қолдауға мәжбүрлеп, әсіресе ислам әлеміндегі қарсыласу қозғалысына қарсы  әрекет жасап, Иранға да соққы беру үшін кез келген мұрсатты пайдалануда. Шын мәнінде бұл екі елдің, яғни Сауд Арабиясы мен Иранның бірлігі ислам әлемін күшейтіп, халықаралық сахнадағы мүдделерін қорғай алатын еді. Бұдан өкініштісі, Сауд Арабиясының бұл елдегі адам құқығына қарсы қылмыстарды жасырып, дүниежүзінің қоғамдық пікірін Риядтан аударып, Теһранға қарай бұру үшін тіпті мұсылмандардың ортақ дұшпаны Израильмен жақын қарым-қатынас жасап, іс жүзінде  осы билікқұмар режимнің мүдделеріне қарай қадам басуда.

Қазіргі таңда ислам әлеміндегі бірлік мәселесі қиын жағдаймен кезігіп, кейбір мемлекеттер бұл мәселені шешуге көмектесудің орнына, керісінше дұшпандарды қолдап отырғандықтан күнделікті  ислам әлеміндегі іріткілердің артуының куәсі болудамыз. Стамбул мәлімдемесінің жариялануы мұсылмандардың жүректеріндегі бұл ұйымның бірлік орнату рөліне деген үмітінің соңғы  ұшқындарын өшірді. Қалай болғанда да келешекте ислам елдері арасындағы бірлік жағдайының жақсаруының куәсі боламыз деп үміттенеміз.