Жел 04, 2016 18:50 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 18

Исламның ұлық пайғамбарының мұнафықтармен орнатқан қатынасы жаңа мұнафақтарымен кезіккен ислам елдері үшін дұрыс жолға нұсқайтын шырақ бола алады. Бүгін Алла елшісінің мұнафықтармен қандай қатынас орнатқаны туралы баяндаймыз.

Үстемшілдердің мүдделеріне қайшы  мақсаттарға ие кез келген революция мен кез келген қозғалыс  әрқашан ішкі және сыртқы  ағымдардың қоқан-лоққыларымен кездеседі. Сыртқы дұшпанның қатері анық болғандықтан онымен күресу үшін оның мықты және осал тұстарын анықтап, қарсы тұратын жобалар дайындауға болады. Алайда оған қарсы тұру оңай емес әрі оның көптеген адами және қаржы шығындары болады. Бірақ оның саясаты мен ұстанымдары белгілі болғандықтан қиындықтарға қарамастан оған қарсы тұруға болады. Шынайы қатерді ішкі дұшпан тудырады. Бұл дұшпан өзін сырт көзге дос көрсетіп, өзінің шынайы ұстанымын жасырады. Өз мүдделері мен өз жағдайын сақтау үшін жасырын түрде бөгде  дұшпанмен ынтмақтастық жасап, оларға достық қолын созып, құпия мәліметтерді ұсынады. Исламның басындағы тарихқа жасаған шолу Исламның ұлық пайғамбарының   көбірек ішкі дұшпандармен кезіккенін және өзінің қырағы басшылығы және қатаң шешім қабылдауымен олардың өз қозғалысына зиян келтіруінің алдын алғанын көрсетеді. Алланың елшісі Меккеде халықты біріктіруді бастаған соң қаланың ақсүйектері мен пұтқа табынушылардың басшылары қарсылықтарын бастап, әртүрлі қоқан-лоққылары, тыйымдары және азап-қорлықтарымен пайғамбардың жақтастары мен сахабаларын өлтірді. Исламның ұлық пайғамбары өз сахабаларын қарсыласуға шақырып, қырағылығы және бір топ мұсылманд  Эфиопияға жіберуі, сондай-ақ өзінің Мединеге хиджрат етуімен бұл қиын кезеңнен өтті. Пұтқа табынушылар мен мүшіріктер дұшпандықтарын  тоқтатпағанымен олардың Исламға қарсы ұстанымдары анықталып, Алланың елшісі Мединеде үкімет құрып, күш жинап, мүшіріктерге қарсы көтеріліп, көптеген соғыстарда  жеңіске жетіп, дұшпанға ауыр соққы келтірді. Соңында пайғамбар Меккені жеңіп алып, пұтқа табынушылардың орталығын қиратты. Алайда пайғамбар исламдық қозғалыс үшін қоқан-лоққы болған, өздерін дос көрсететін ішкі дұшпандардың үлкен қатерімен бетпе-бет келді. Құран мәдениеті мен рауаяттарында бұл ағым «мұнафеғин» деп аталды. Олар басында өздерін мұсылмандармен жақтас етіп көрсетіп, Аллаға, қияметке және исламның ұлық пайғамбарының набаватына  сенім артатындықтары туралы сөйлеп, басқалар сынды ғибадат еткен. Бірақ исламдық құдырет пен пайғамбардың халықтың арасындағы ықпалының артуы мен  өз жағдайларының әлсіреп бара жатқанын көріп, болмыстарын жасырып, Меккенің мүшіріктері мен исламға қарсы еврейлермен бірігіп, көп соғыстарда  құпия мәліметтер беріп, дұшпандармен ынтымақтастық жасап, исламдық жүйені сәтсіздікке ұшыратып, құдыретке жетіп, өздерінің арсыз мүдделерін қамтамасыз етуге үміттенді. Сол себепті исламның ұлық пайғамбары мұнафықтардың әшкере және жасырын әрекеттерін бақылауға алды. Ұлы Алла Құранның әртүрлі сүрелерінің аяттарында олардың  болмыстарын әшкерелеп: «(Мұхаммад с.ғ.с.) көрмейсің бе? Мұнафықтар Кітап иелерінен иман келтірмеген туыстарына: “Егер жұрттарыңнан шығарылсаңдар, сендермен бірге шығамыз; сендерге қарсы әсте ешкімге бағынбаймыз. Егер соғыс болса, әлбетте сендерге көмек етеміз” дейді. Олардың мүлде суайт екендігіне Алла куәлік етеді» («Хашр» сүресі, 11-ші аят).  Құран бұл аятта мұнафықтардың исламға қарсы  кәпірлермен бір жақ болуын баяндап, олардың пайғамбардың басшылығына бағынбауымен бірге кәпірлерге көмектескені туралы айтады. Мұнафықтар исламның дұшпандарын күшейтіп, өздерінің  жетістіктерін арттырып, ғиззатқа жетеміз деп қате ойлады. Ұлы Алла бұл қате пікірді дағдарысқа тіреп: «Негізінде ғиззат Аллаға, Елшісіне әрі Мұсылмандарға тән. Бірақ мұнафықтар (бұл шындықты) білмейді»,- деді. («Мұнафиқун» сүресінің 8-ші аятының үзіндісі). Мұнафықтар исламды тек сөз жүзінде қабылдап, Алла мен Оның пайғамбарының сөздері мен уәделерін қабылдамайтын. Ахзаб соғысы кезінде пайғамбар «хандақ»-ор қазып жатқан кезде біріккен кәпірлердің майданы күшейіп тұрған жағдайда Иран, Рим және Йеменнің жеңісі туралы айтқан кезде мұнафықтар сенбей: «Бізге Алла да, Елшісі де алдап қана уәде берген екен»,- деген. («Ахзаб» сүресі, 12-ші аят). Мұнафықтар күннен күнге өздерінің әшкере және жасырын қастықтары мен қарсылықтарын арттырып, пайғамбардың қамқор талпыныстарына қарамастан хазіретке деген дұшпанылықтан бас тартпады. Соңында Ұлы Алла оларға қарсы жиһад үкімін шығарып, пайғамбарға: «Әй, Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес. Оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ, қайтып барар орны қандай жаман»,- деді. («Тәубе» сүресі, 73-ші аят).  Алланың елшісі әрқашан мұнафықтар тарапынан қатерді сезетін. Хазірет халықты тек өзі өмір сүрген кездегі мұнафықтардың қоғамның іші мен исламдық үкіметтің құрылымына әсері етуі туралы ғана емес, ислам әлемінің келешегіндегі қатері туралы да ескертіп: «Мен үмбетім үшін иманды адамдарға алаңдамаймын, мүшіріктерден де қорықпаймын. Өйткені мүмін иманымен күдіктерден алыстап, мүшірікті айыптау арқылы жояды. Тек екіжүзді, тілдері дана, сөздері жағымды, бірақ әрекеттері жаман әрі жағымсыз адамдардан қорқамын»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 27-ші хат). Қазіргі кезде лаңкестікпен күрес, адам құқығын қорғау, демократия мен азаттық орнату сынды ұрандар айтатын, бірақ  іс жүзінде  адамдарды қорлап, қылмыстарын іске асыратын Сауд әулеті, араб қоғамы, АҚШ пен Еуропа пайғамбардың болжауының айқын көрінісі болып отыр. Екіжүзділікпен әсіресе қазіргі кездегі екіжүзділікпен күресетін жолдардың бірі  беттеріне діндарлардың маскасын киіп, басқаларды алдауға талпынатын мұнафықтардың белгілерін көрсету жатады. Исламның ұлық пайғамбары  халықтан мұнафықтардың айлаларына алданбауды, олардың істерін талқылауды талап етіп: «Намаз оқуына, ораза тұтуына қарамастан егер адамның келесі үш белгісі болса, ол мұнафық: адал деп санап, оған сенім артатын адам қиянат жасаса, сөйлеген кезде өтірік айтса, уәде беріп, оны орындамаса». («Васаель әл-Шие», 2-ші том), Мұнафықтарға қарсы күрестің келесі жолы оларды жақтамау және оларға бағынбау болып табылады. Егер олар қоғамда орындарының жоқ екенін және іс жүзінде мақсаттарына жете алмайтындықтарын сезсе, бірте-бірте қоғамнан шығып, қоғамдық пікірді алдау арқылы растаған  жағдайларынан айырылады. Осыған орай Ұлы Алла  елшісіне: «Әй, нәби! Аллаға тақуалық істе де, кәпірлер мен мұнафықтарға бағынба. Рас Алла білуші, аса дана»,- деп бұйырды. («Ахзаб», 1-ші аят). Бұл аяттың екі жолдауы бар: біріншіден, пайғамбар илаһи хабарды халыққа жеткізу міндетіне ие;  екіншіден, пайғамбар  мұнафықтар мен кәпірлерге бағынбай, өз жақтастары үшін іс жүзіндегі үлгі болуы керек. Яғни, ол қоғамның әрі халықтың басшысы болып, мұнафықтардың қалауларына бағынбай, олар кәпірлермен бірігу арқылы шайтандық мақсаттарына жете алмайтындай, оларды оқшауландыруы керек. Исламның ұлық пайғамбарының өмірбянының мұсылмандар үшін үлгі екендігіне ешкім күманданбайды. Саудиялық мұнафықтар мен араб қоғамы АҚШ, Еуропа және сионизммен ынтымақтастық жасап,  ислам әлеміндегі арсыз жобаларын  іске асырып, соғыс, қантөгіс, талан-тараж және исламдық елдердің инфрақұрылымдарын қирату арқылы өздерінің исламға қарсы мақсаттарын жасырғылары келеді.

 

Тегтер