Нау 02, 2016 13:00 Asia/Almaty

Әлемнің даму жолындағы әріптестігі

Мыңжылдық даму құжатының сегізқырлы мақсаттарының арасында сегізінші мақсаттың, яғни әлемнің даму жолындағы әріптестігінің жан-жақты қамтитын ең биік мақсат екендігі күмәнсіз. Мыңжылдық дамудың басқа 7 мақсатына жету жолындағы басты жауапкершілік даму үстіндегі және кедей елдердің мойнында болған, бірақ сегізінші мақсат дамыған әрі дәулетті елдердің міндеті болып табылады. Олар даму үстіндегі және кедей елдердің мүддесіне осы мақсаттарды ілгерілетуге міндеттеме алды.

Сегізінші мақсат даму үстіндегі елдердің ежелгі армандарының бірі, яғни олар мен дамыған әлем арасындағы айырмашылықты азайтуға қол жеткізудің бастамасы бола алады. Осы жолы дамыған елдер дамымаған елдердегі саяси-экономикалық және әлеуметтік құрылымдардың әлсіздігіне байланысты өздері душар болған қиындықтарға байланысты мүмкіндігінше осы мақсаттың орындалу жолы мен кейбір қиындықтарын шешіп жатқандай сыңай танытқан еді. Шын мәнінде мыңжылдық дамудың мақсаттары әлемдік мәміленің көрсеткіші болды. Онда даму үстіндегі елдерде саяси-экономикалық реформаларды үздіксіз орындау көзделген еді. Бұл іс дамыған елдердің көмек, сауда, қарыздарды кешіру мен инвестиция салу сияқты тікелей қолдауымен атқарылуы тиіс.

Осы мақсаттың тағы бір қыры – азырақ дамыған елдердің ерекше қажеттіліктері, даму үстіндегі құрлықта қалған және кішкентай аралдағы елдердің қажеттіліктерін қарайластыру болып табылады. Бұл мақсаттағы басты назар жастардың ісіне көмектесуге, өмірлік маңызы бар дәрілерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жаңа технологияларды, соның ішінде байланыстар технологиясын пайдалануға, жеке сектормен әріптестік жасауға, қарыздарды кешіру мен кедей елдерде жұмыс орындарын тудыруға көмектесу үшін несие беруге аударылған.

Жарияланғна стратегиялық мәліметтер бойынша, соңғы 15 жылда кейбір салаларда айтарлықтай дамулар орын алды. Соның ішінде 2015 жылы әлем халықтарының 95 пайызы ұялы телефонның сигналымен қамтылып, ұялы телефон қолданушылардың саны он есе артты. 2000 жылы 738 млн болған қолданушылардың саны 2015 жылы 7 млрд-тан астам адамға жетті.

Дамыған елдердің ресми даму көмектері 2000-2014 жылдар аралығында 66 пайызға артты немесе 2014 жылы даму үстіндегі елдерден дамыған елдерге кедендік алымсыз импорт 79 пайыз болды. Бұл көлем 2000 жылы 65 пайызды құраған болатын.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары әрі Азия және Океания аймағындағы ESCAP-тың атқарушы директоры Ноэлин Хейзер ханымның айтуынша, бұл аймақ 350 млн адамды абсолюттік кедейліктен құтқара алды. Ал мұндай жағдайда көп елдердің сенімінше, даму үстіндегі елдердің артта қалу көлемінің үлкендігі соншалықты, 2015 жылға дейін ғана емес, кемінде 100 жылға дейін қиындықтар толықтай жақсарады деп ойлай алмаймыз. Бірақ соңғы жылдарда дамудың мақсаттарына жетуге ұластыратын бағдарламаларды орындау барысында үміттендіретін жайттарды көруге болады. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы да осы тақырыпты растай келіп, өткен жиырма жыл ішінде күніне 1,25 доллардан аз ақшамен өмір сүретін адамдар санының 1,8 млрд адамнан 1,4 млрд-қа азайғанын хабарлады.

БҰҰ-ның зерттеу тобы да жуырда әртүрлі елдердің мыңжылдық даму мақсаттарына жетуге қатысты арнайы есебінде сегізінші мақсаттарды ілгерілетуді талқылап, әлемдегі осы мақсатты орындаудың осал тұстары мен түйткілдерін түсіндірді. Бұл есеп көрсеткендей, әлем бойынша осы салада ілгерілеушіліктер болғанымен әлі де, әсіресе дүниежүзілік сауда, даму мақсатындағы көмектер, қарыздарды кешіру, әлем халықтары арасында жаңа технологиялар мен арзан дәрі-дәрмектерге қолжетімділік саласында тапшылықтар мен терең айырмашылықтар бар. Бұл есепте, сондай-ақ, әлем деңгейіндегі экономикалық қиындықтар, әсіресе азық-түлік пен қуат көздері бағасының көтерілуі адамның дамуына шынайы қатер екендігі және оның кедейшіліктің артуына себеп болатындығы баса айтылған. Осы қиындықты шешу халықтар арасында көбірек әріптестік және елдер арасындағы байланысты сақтау үшін мықтырақ шеңбердің белгіленуін қажет етеді.

Бұл арманда мына мақсат көзделген: бай елдердің жылдық ұлттық табысының 0,7 пайызы кедей елдерді қаржылай және техникалық қолдауға арналған. Сарапшылардың айтуынша, бай елдердің ұлттық табысының осы үлесі шамамен 300 млрд долларды құрайды, бірақ зерттеулер көрсеткендей, осы уақытқа дейін жылына тек бай елдердің ұлттық табысының 130 млрд доллары кедей елдерге қаржылай және техникалық қолдау ретінде берілген екен. Скандинавия елдері мен Нидерланды осы үлесті орындауда сәттілікке қол жеткізді. Соңғы жылдарда тек осы елдер өзінің ұлттық табысының минималды 0,7 пайызын кедей елдерге қаржылай және техникалық қолдаулар ретінде берді. Басқа жағынан бай елдердің минималды түрдегі 130 млрд долларлық көмектің жартысы кедей елдерге олардың мүмкіндіктерін арттыру үшін қолданылады деп күтілуде, бірақ статистикалық мәліметтер көрсеткендей, осы көлемнің тек 20 млрд доллары ғана кедей елдерге бұйырған. Сонымен қатар, есептерді талдау көрсеткендей, кедей елдерге қаржылай және техникалық көмектер беру үдерісі әділетсіз сипатта болды. Бұл халықаралық әріптестіктердің жағдайын беделді елдердің мүддесіне сай өзгертті. Ал мұндай жағдайда мыңжылдық құжатының негізінде қаржылай және техникалық қолдауларды пайдаланудың шарттары тұтынушы елдердің мүддесіне сай реттелуі тиіс.

Сондай-ақ, жарияланған статистикалық мәліметтер көрсеткендей, бүгінде әлемнің табысының 50 пайызы даму үстіндегі елдердің үлесіне тиесілі. Қуанышқа орай, өте мол табысқа ие 10 ел мен әлемнің орташа табысқа ие 10 елінің арақашықтығы азайып келеді. Яғни, осы саладағы экономикалық теңсіздіктер көлемі азаю үстінде. Бірақ, керісінше әлемнің орташа табысты 10 елі мен табысы аз 10 елінің арасындағы айырмашылық артып келеді. Үшінші мыңжылдықтың бас кезіндегі жылдар барысында даму үстіндегі елдердің қарыздарына жасалған шолу көрсеткендей, әлемнің қарызға батқан 41 елінің 23 елі өздерінің қарыздарын азайту саласында өте жақсы ілгерілеушіліктерге қол жеткізген. Осы жылдар барысында даму үстіндегі 10 ел өздерінің оқуға қатысты шығындарының көбін, басқа 52 ел денсаулық сақтауды дамытудың шығындарының көбін және өздерінің басқа елдерге қарыздарын төледі.

БҰҰ-ның үшінші мыңжылдық даму бағдарламасының сегізінші мақсаттарының бірі дүниежүзілік сауданы дамыту болды, бірақ жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, осы мақсатқа жету үдерісі өте баяу қозғалуда. Ашық, әділетті, заңды және болжанған қаржылай және техникалық жүйені құру, сондай-ақ, кедей елдердің тарифсіз мәмілелерге қолжетімділігі, бай елдердің нарықтарына тарифсіз атсалысу –маңызды мақсаттардың бірі. Бірақ, өкінішке орай, әлемнің бұл саладағы ілгерілеуі мардымсыз. Ал бұл жағдайда экономикалық белсенділіктер мен халықаралық инвестициялардың саны мен алуандығы, жұмыс орындарын тудыру, азық-түліктің қауіпсіздігі барлық елдер тарапынан негізгі бір мақсат ретінде қарастырылуы тиіс.

БҰҰ-ның соңғы есебі осы салада мынадай кеңес береді: кедей елдер экспорттауға болатын өнімдерге ие болып, жұмыс орындарын қалыптастыру үшін әлемдік сауда үдерісіне көмектесуі керек. Бұл мәселе аймақтық ұйымдардың кедей елдердің экспортын нығайтып, елдердің ішкі бағдарламасында белсендігінің артуын қажет етеді. Мұнымен қоса, БҰҰ-ның соңғы есебінде кедей елдердің ауылшаруашылық, текстиль және киім-кешек өнімдерінің бай елдерге ену тарифі азайтылуы тиіс. Соның нәтижесінде бай елдерде ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге бөлінетін субсидияны төлеудің көлемі азайтылуы тиіс. Ақырында бұл шаралар кедей елдердің халықаралық сауда жүйесіне енуіне қатысты талпыныстарды арттыруға ұластыруы қажет.  

Қазіргі таңда үшінші мыңжылдық даму құжатының орындалу уақыты аяқталды. Дамудан кенже қалған елдерді ілгерілету үшін қарастырылған шаралар қаншалықты орындалды? Бір кездері кедей елдердің табиғи байлығы мен адами күштерін талан-таражға салған елдер гуманитарлық және қоршаған орта жағдайының жақсаруына қаншалықты үлес қосты? Бұл сұрақтар әлі де әлемде адам мен экономиканың дамуына кедергі болып отырғанға ұқсайды. Осы себептен болар, бүгінде әлемдік қауымдастықта әртүрлі теңсіздіктер мен әділетсіздіктерге куә болып отырмыз. БҰҰ-ның даму бағдарламасына қатысты 2014 жылғы сапа көрсеткіштері негізінде жасалған есебі көрсеткендей, әлемде кедейшілік деңгейі азайғанымен, теңсіздіктер мен әділетсіздіктердің көлемі артып отыр. Осындай жағдай сақталатын болса, әртүрлі отырыстар барысында белгіленген мақсаттарды орындаудың мүмкін еместігі айқын.

Тегтер