Әнбия сүресі, 549-шы бөлім, 1-6 аяттар
Әнбия сүресі, 549-шы бөлім, 1-6 аяттар
«Таһа» сүресінің аяқталуымен «Әнбия» сүресін бастаймыз. «Әнбия» сүресінің 1 аяты:
" اقْتَرَبَ لِلنّاسِ حِسابُهُمْ وَهُمْ فی غَفْلَةٍ مَّعْرِضُونَ "
Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды. Алайда, олар кәперсіз теріс айналуда. (1)
«Әмбия» сүресі атауынан мәлім болғандай, илаһи пайғамбарлар жайлы. Осы сүреде он алты пайғамбардың есімі аталып, олардың өмірлерінің шарықтау тұстары жазылған. Пайғамбарлардың пайғамбарлыққа таңдалып, жіберілудегі мақсаттарының бірі ескерту болған. Осы сүренің басында «Қиямет жақын. Істеген істеріңнің барлығының есебі алынып, тексеріледі» деген ескерту жасайды. Аяттардың жалғасы былай дейді: «Жалпы халық дүние тіршілігімен айналысып, қияметтен қапыл қалған. Егер біреу оларға еске салса, одан теріс айналып, қиямет туралы сөз естуге әзір емес. Тіпті кейде экономикалық есеп жасап, өз сөздері бойынша «Ақылды адам несиеден үміт етіп, қолма-қол ақшаны қолдан жібермейді!» деседі. Осы аяттан үйренетініміз:1.Адамдардың қияметтегі амалдары адам одан қапыл қалып, нені қаласа соны жасайтындай соншалықты алыс емес. 2.Адамдар оған көңіл бөлмегендерімен қияметтің сотында адамдардан есеп алынады.
«Әнбия» сүресінің 2-3 аяттары:
" ما یَأْتیهِم مِّن ذِکْرٍ مِّن رَّبِّهِم مُّحْدَثٍ إِلّا اسْتَمَعُوهُ وَهُمْ یَلْعَبُونَ " ، " لاهِیَةً قُلُوبُهُمْ وَأَسَرُّواْ النَّجْوى الَّذینَ ظَلَمُوا هَلْ هذا إِلّا بَشَرٌ مِّثْلُکُمْ أَفَتَأْتُونَ السِّحْرَ وَأَنتُمْ تُبْصِرُونَ "
Олар Раббыларынан өздеріне келген әр жаңа ескертуді мүлде ойыншық етіп қана тыңдайды. (2) Олардың жүректері бос. Жасырын кеңескен залымдар: "Бұл сендер сияқты ғана адам. Көре тұра сиқырға ересіңдер ме?",- (деп күңкілдесті.) (3)
Осы аяттар адамдардың мән бермеулері мен теріс айналуларына тоқталып, былай дейді: «Құранның аяттары түсірілген әр жолы пайғамбар оларға оқыған кезде кәпірлер ести тұра естімеген сыңай танытып, оны қалжыңға балап, ойынға айналдырды». Үшінші аят осындай адамдардың илаһи сөзбен мұндай қатынас жасауының себебін дүние істеріне берілген, Құдайдан қапыл қалған олардың жүректерінде деп санайды. Мұндай адамдар хақты ғана қабылдамайды, сондай-ақ жасырын түрде аяр сөдерімен басқаларды да пайғамбардың шақыруынан тосқауыл қоюды мақсат етеді. Сол себепті пайғамбарды сөзінің сиқярымен, яғни Құранның аяттарымен адамдарды өзіне тартатын сиқыршы деп таныстырды. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Құран еске салу мен зікір етудің мәйегі. Адам қапылдыққа ұрынбасын деп әр жолы оған жаңа ескерту жасайды. 2.Әмбиелердің адамдардың арасындағы өмірлерінің қарапайым болғаны соншалықтықарсыластар олардың сол қарапайым өмір сүрулерін сылтау етіп, оларды басқалар сынды қатардағы адамдар деп атады. Олар адам болғанымен оларға илаһи уәхи түсірілетін. 3.Кәпірлер ақиқаттарды жасырып, өздеріне де, басқаларға да зұлымдық жасайды.
«Әнбия» сүресінің 4-5 аяттары:
" قالَ رَبِّی یَعْلَمُ الْقَوْلَ فِی السَّماء وَالأَرْضِ وَهُوَ السَّمیعُ الْعَلِیمُ " ، " بَلْ قَالُواْ أَضْغاثُ أَحْلامٍ بَلِ افْتَراهُ بَلْ هُوَ شاعِرٌ فَلْیَأْتِنا بِآیَةٍ کَما أُرْسِلَ الأَوَّلُونَ "
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Раббым жер, көктегі сөйленгенді біледі. Сондай-ақ Ол толык естуші, білуші" деді. (4) Олар: "Олай емес. Бұл шым-шытырық түстер. Жоқ, Құдаймен байланыстырған өзінің өтірігі. Жоқ, ол ақын. Әйтпесе, бізге бұрынгы елшілерше бір белгі келтірсін" деді. (5)
Жасырын түрде бүлік жасайтын қарсыластарға қарсы осы аяттар пайғамбардың тілімен оларға былай дейді: «Сендердің сөздерің мен істерің Алладан жасырын деп ойламаңдар. Ол аспан мен жерде болып жатқан барлық нәрседен хабардар. Ондай болса бүлік жасауды қойыңдар» дейді. Бірақ қарсыластар ақылға келудің орнына кең түрде жарнамалауға көшіп, пайғамбарды басқа да ақындар сынды ??№ сөз айтып, соны өтірік Құдаймен байланыстыратын ақын деп атады. Оның орнына басқа пайғамбарлар сынды мұғжизалар ұсынуы керек десті.
اما مخالفان به جای پند گرفتن ، دست به تبلیغات گسترده می زنند . آنها پیامبر را شاعری می خوانند که همانند دیگر شاعران ، براساس قوه وهم و خیال سخن می گوید و به دروغ به خدا نسبت می دهد ، در حالی که باید همانند دیگر پیامبران ، معجزاتی ارائه دهد
.Құдай келесі аяттарда осындай сылтау іздеушілік пен күмәндарға жауап береді. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Діни және рухани жетекшілер мен тұлғаларға үсті-үстіне жарнамалық түрде шабуыл жасап, жала жабу діннің дұшпандарының негізгі әдіс-тәсілдеріне жатады. 2.дұшпандардың жалалары қарама-қайшы. Үлгі ретінде Құранның поэзиямен еш ұсқастығы жоқ болғанына қарамастан пайғамбарды ақын десті.
«Әнбия» сүресінің 6 аяты:
" ما آمَنَتْ قَبْلَهُم مِّن قَرْیَةٍ أَهْلَکْناها أَفَهُمْ یُؤْمِنُونَ "
Бұлардан бұрынғы біз жоқ еткен кент (халқы) иман келтірмеді. Енді бұлар иман келтіре ме? (6)
Бұл аят илаһи сүннеттердің біріне сілтеме жасап, былай дейді: «Адамдар мұғжиза көрсету туралы ұсыныс жасаған әр кезде пайғамбар олардың сұраған мұғжизаларын әкелгенде егер адамдар тағы да иман келтірмесе оларды илаһи қаһар қамтып, сол қауымның көзін жояды». Меккенің мүшріктері өздері сұраған мұғжизаны көріп, иман келтіретін бұрынғы қауымдар сияқты емес пе? Немесе тағы да сылтау айтып,басқа мұғжиза сұрайды ма? құдай олар да бұрынғылар сияқты мұғжизаларды көгендерімен иман келтірмей, жауласып, өздерінің қырсығушылықтарын жалғасытрады дейді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Сылтау іздеу және қырсығушылық тарих бойындағы барлық мүшріктер мен кәпірлердің әдістер болған. Тәкәппарлық және өзімшілдік рухы олардың хақты қабылдауларына тосқауыл болады. 2. Кәпірлердің уәделері жалған. Егер олардың тілектері орындалса да олар бәрібір иман келтірмейді.