Жел 24, 2016 17:03 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 20

Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің пәк әулетінің өмірбаянындағы ахлақтық ерекшеліктердің бірі халыққа қызмет ету және олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету болды. Исламның ұлық пайғамбары сан рет Жартушының халыққа пайдасы көбірек тиетін адамдарды жақсы көретіні туралы айтқан болатын.

 Алла елшісі өзінің өмірлік адал серігі хазірет Хадиджаның байлығын қоғамның маққрым табының арасында бөлуімен бірге құрма бақтарын өз қолымен күтіп, өнімін жинаған соң Медине мен Меккенің кедейлеріне таратып беретін. Имам Әли (ғ.с.): «Пайғамбар көбінесе аш болатын. Кейде аштықтың салдарын төмендету үшін қарнының үстіне тас қойып, аш күйде  Жаратушысымен сөйлесетін. Хазірет  бұл тәсілімен аштардың қиындықтарын сезіп, оларға немқұрайдылық танытпауға талпынды. Исламның ұлық пайғамбары: «Көршісі аш қалып, өзі қарны тоқ күйде ұйықтайтын адам  маған иман келтірмеген»,- деген. Басқалардың қиындықтарымен танысу және исламның достық мәдениетіне сай олардың алдында өзін жауапты сезіну  өте маңызды саналады. Осыған орай Алла елшісі: «Ең иманды адамдар болып барлық мұсылмандардың алдындағы ең пәк және адамдарға жақсылық тілеушілер саналады»,- деген. Исламның мәдениетінде шынайы мұсылман  кектерін ұмытып, қоғамға адал қызмет ету туралы ойлап, махаббатпен қызметін көрсетеді. Мұндай жігердің Алланың алдында маңызды болғаны сондай, Алла елшісінен «Жаратушының қасында ең сүйікті адам кім?» деп сұрағанда: «Халыққа пайдасы көбірек тиетін адам»,- деп жауап берген. Қоғамға қызмет етуге жігерлендіретін ең сындарлы тәсілдердің бірі ғамал үшін сауаптың жазылуы болып табылады. Өздерін тәрбиелеген адамдар тек Алланың ризалығы үшін  және ешбір шартсыз басқаларға қызмет еткендерімен, сауап жазу – Алла Тағала Құранда назар аудартқан және Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің пәк әулеті қуаттаған негізгі қисын. Исламның ұлық пайғамбары: «Мұсылмандар тобына қызмет еткен әрбір мұсылманға Ұлы Алла жәннәтта  қызметші жібереді. Әрине, Алланың алдында адамдардың беделі  бірдей емес. Бұл Жаратушының ризалығына ие болу ниетіне байланысты»,- деген. Кейде адам мейірімді сөзі немесе достық қарым-қатынасымен басқаны қуанта алады немесе Құранның айтуынша, қиындықтармен кезіккен адамдарға көмектесуге жігерленеді. Мұндай әрекеттер Алла елшісінің көзқарасы бойынша     өте маңызды. Ол: «Өзінің мұсылман бауырына мейірімді сөз айтқан және мәселелерін шешуге талпыныс жасаған әр адам илаһи рақымдылыққа бөленеді»,- деп айтқан. Исламдық әділ жүйеде кемсітушілік, таптар арасындағы қашықтық, кедейшілік байқалмауы керек. Мақұрымдардың құқықтарын қорғау және байлардың қолынан заңсыз ие болған байлықтарын қайтару исламдық жүйенің басшылары мен ғалымдарының міндеті. Бірақ, егер олар өз міндеттерін орындамаса, олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету исламдық қоғамның міндеті болып табылады. Адамдардың қажеттіліктерінің бірі оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету саналады. Бүгінгі сырт көзге өркениетті болып көрінетін  әлемде күнделікті жүздеген-мыңдаған адамның аштықтан өлетіні немесе азық-түлік тапшылығымен кезігіп күндерін өткізетіндігі, соның салдрынан әртүрлі ауруларға шалдығатыны туралы білмейтін адам аз кездеседі.  Сондай-ақ, керісінше бір топ адам кең жайылған дастарханның басында отырып, ысырапшылдыққа салынып, көтеріңкі көңіл-күйде өмір сүреді. Мұндай жағдайда қиындықтармен таныс адамдар немқұрайдылық таныта алмай, аш адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге асығады. Исламның ұлық пайғамбары мұндай әрекетті мадақтап: «Үш мұсылманды тамақтандырған адамды Алла жәннәттың үш жерінде қабылдайды»,- деген. Адамдардың қауіпсіздігі мен киімі көңіл бөлетін қажеттіліктер болып табылады. Қымбат киімдер бәсекесі адамдарды ақылынан айырған дүниеде миллиондаған адам киімнің тапшылығы  немесе жалалаңаш қалудың қиындығымен бетпе-бет келіп, қоғамдық және мәдени салада шынайы зиян шегуде. Мұндай жағдайда  діндар адамдар жалаңаштарды киіммен қамтамасыз етуге  көмектесуге талпынуда. Мақұрымдардың қиындықтарына алаңдаушылық білдірген  Исламның рақым пайғамбары: «Кедей әрі мұқтаж мұсылманның бірін киімін беріп, жалаңаштықтан немесе тамағын беріп аштықтан  құтқаратын адамды Алла Тағала  қияметке дейін қолдап, оның күнәләры үшін кешірім сұрайтын 70 мың періштені жібереді»,- деген болатын. Кейде қиындықтар, тапшылықтар мен қажеттіліктер бүкіл қоғамға жайылады. Мұндай жағдайда, әсіресе ішкі және сыртқы дұшпандар араласып, әскери қоқан-лоққы және экономикалық санкциялар арқылы мұсылмандарға қысым көрсетіп, оларды сенімдері мен мақсаттарынан бас тартқызғысы  келіп, мұсылмандар оларға бағынатын болса ешбір мәселені шешу мүмкін емес болады. Өйткені оларды шешу үшін ұжымдық жігер қажет. Қазір ислам әлемі осы мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Бір жақтан АҚШ, Еуропа және әлемдік сионизм бүкіл мүмкіндігін пайдаланып, саяси, әскери, экономикалық және үгіт-насихат салаларында әртүрлі тәсілдер арқылы Ислам мен мұсылмандарға қарсы соғысқа көтерілді. Басқа жақтан аймақтың сырт көзге мұсылман көрінетін қиянатшыл  басшылары саяси жағдайларын нығайтып, экономикалық мүдделерін сақтау үшін әлемдік үстемшілдерге қызмет етіп, әлемдік күпірлікпен бірігіп, шайтандық мақсаттарынан бас тартпай отыр. Мұндай жағдайда Ислам мен адамгершілікті түсінген адам  немқұрайдылық танытып,  өзін жауапты сезінбейді ме? Қазіргі қиын жағдайда адал мұсылманның ислам әлемі  мен мұсылмандардың арасындағы міндеті қандай? Исламның ұлық пайғамбары бұл сұраққа берген жауабында: «Таңертең ұйқыдан тұрғаннан мұсылмандардың мәселелерін шешуге кіріспеген адам мұсылман емес»,- деп айтқан. Әлемдік міндетке ие болған рақым пайғамбары өзін адамзат қоғамының алдында жауапты санап, Исламның тек мұсылмандарға ғана емес басқа халықтарға да қатысты екенін көрсетті. Хазірет ақыл-кеңестерінің бірінде: «Адамның көмек сұраған дауысын естіп, оған жауап бермеген адам мұсылман емес»,- деген.

Мұсылмандардың мәселелері мен қиындықтарын және олардың мал-мүліктерінің талан-таражға түскенін көріп, үнсіздік танытып отырғандар өздерін мұсылман деп атай алады ма? Лаңкестерге қаржылай қолдау көрсетіп, оларды қаруландырып, мыңдаған жазықсыз адамның құрбан болуына себеп болып отырған басшылары өздерін мұсылманбыз деп уәж айта алады ма? Әлемдік күпірліктің мақсаты хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның рақымды әрі мейірімді Ислам дінінің болмысын іріткі салу және соғыс ашу арқылы мұсылмандардың алдында осал деп  көрсету болып табылады. Алданған тәкфіршілер мен ДАИШ лаңкестері және олардың саудиялық қожалары Ислам дінінің дұшпандарының мүдделеріне сай әрекет етуде.

 

Тегтер