Қаң 16, 2017 18:53 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 23

Исламның ұлық пайғамбарының саяси тарихы тауһидтік билікке сүйенген. Бұл билік тауһидке қарсы үкіметтерде адамдарды құлшылықтан босатып, залым басшылардың келісімдерінен азат ету, адамзатты шайтандық үкіметтерге бағынудан құтқару және тағұт үкіметтердің билігін қабылдамау сынды төрт негізге сүйенеді.

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры

Бұл көзқарас бойынша тауһидтік үкіметтердің тағұт, шапқыншыл биліктермен бетпе-бет келуі әлсіздер мен зорлық-зомбылық көргендерді  құтқаруды көздейді. Басқаша айтқанда, Исламның ұлық пайғамбарының саяси тарихы бойынша адамдарды тұтқынға алатын барлық шынжырлар әлемнің езілген халықтарының мойындарынан алынуы керек. Сөйтіп адамзат әлемі қорлықтан ғиззатқа және күш-қуатқа, тұтқын мен құлшылықтан тәуелсіздік пен азаттыққа  жетіп, өз тағдырларын өздері шешетін болады. Құран  Алла елшісінің бұл жолдауы туралы: «...Ол олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп), шиелініскен нәрселерді шешеді...»,- деген. («Ағраф» сүресі, 157-ші аяттың үзіндісі).  Мұндай ұстаным үстемшілердің әлсіздерге билік көрсетуіне қарсы тауһидтік наным-сенімдерге сүйеніп, терең тамырларға ие. «Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз.» («Қасас» сүресі, 5-ші аят).

Құранның саяси мәдениеті мен әдебиетінде «мұстазаф»-«әлсіз» деп  отаршылардың билігіне түсіп, олардың байлықтарын талан-таражға салып, өз мүдделеріне сай саясаттарын жүргізуімен бетпе-бет келіп, артта қалып, қорлық көріп, хабардар болып, оянған жағдайда билеп-төстеушілердің басып-жаншу әрекеттерімен кездесетін адамдарға немесе халықтарға айтылады. Исламның ұлық пайғамбарының саяси тарихы Құранға сүйеніп, адам мен адамгершілікке қарсы отаршыл саясаттарға қарсы шықты. Сондықтан пайғамбар ғана емес, өзін мұсылман әрі хазіреттің жақтасы санайтын барлық адамдар әлсіздерді құтқару үшін көтереліп, талпыныс жасауға міндетті. Құран бұл салада шара қолданбауды сынап, адамдардың немқұрайдылық танытуы туралы: «Сендерге Алла жолында соғыспайтын не болды? (Меккедегі) шамасыз ерлер, әйелдер және балалардан: “Раббымыз! Бізді осы тұрғындары залым кенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір ие пайда қыл. Әрі өз қасыңнан бір көмекші қыла көр” дейтіндер бар»,- деді. («Ниса» сүресі, 75-ші аят). Бұл аяттағы маңызды мәселе Ислам дінінің зұлдымдық көрген халықтарды қорғау үшін  ешбір шектеу қоймайтынын  және оларды қорғаудың әр мұсылманның міндеті екенін көрсетуі болып табылады. Ислам республикасының жүйесі мұндай тағылымдарға сүйеніп, әлемнің қай жерінде болсын зұлымдық көргендердің даусын естісе, көмекке асығады. Дәл осы себепке байланысты Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейни Палестинаның жәбір көрген халқын қорғау үшін рамазан айының соңғы аптасының жұмасын «Әлемдік Құдс күні» деп жариялап, әлемнің барлық мұсылмандары мен азаттық талап етушілерінен Құдсты заңсыз құрылған сионистік режимнен құтқару үшін күресуге шақырды. Бұл саясат бойынша қазіргі таңда аятолла Хаменеи басқаратын Иранның исламдық жүйесі  Сирия, Ирак, Йемен, Бахрейн, Ливан, Ауғанстан және Пәкістанның зорлық-зомбылық көрген халықтарын қорғап, әлемдік үстемшілдердің қастықтары мен араб қоғамының күпір басшыларының дұшпандықтарына қарамастан  өз саясаттарын жалғастыруда.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи

Бұл исламның ұлық пайғамбарының әлем халықтарыың өз замандарындағы тағұттық билік пен бір сәтке де тыныштық таппай, үстемшіл биліктерге қарсы күрескен саяси тарихының өзі. Бірақ аймақтың сырт көзге исламдық болып көрінетін үкіметтері әлемдік күпірлікке қарай  достық қолын жайып, зұлымдық көрген үкіметтер мен халықтарға қарсы соғысуда. Мұндай саясат пен мұндай ұстаным Құранның насихаттарынан 180 дәрежеге өзгеше. «Ниса» сүресінің 60-шы аятында Алла елшісіне арнап: «(Мұхаммад с.ғ.с.) саған түсірілген Құранға және сенен бұрын түсірілген кітаптарға сендік деп, кұр өршеленгендерді көрмейсің бе? Олар шайтанға жүгінуді қалайды. Негізінде оларға оған қарсы болу әмір етілген болатын. Өйткені, шайтан оларды мүлде ұзаққа адастыруды қалайды»,- деп ескертеді. Сондықтан әр адам, топ немесе үкімет тағұт үстем  жүйелердің билігін қабылдаса, шайтанның торына түседі және ешбір күдік-күмәнсіз тағұт үкіметтердің билігін қабылдамайтын илаһи тура жолдан алыстап, адасады. Үстемшіл жүйелерді қабылдау хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Исламының тауһидтік рухына сай келмейді. Алайда олардың мүддесі мен жағдайын растайтын әрбір іс-әрекет пен әрбір ұстаным пайғамбардың саяси өміріне сай келеді. Өзінің экономикалық және әскери қару-жарақ  мүмкіндіктері және адами күштерін әлемдік үстемшілердің ықтиярына тапсырып, күн сайын жүздеген жазықсыз  адамдарды өлтіріп жатқандарды қиямет күні мәңгілік азап пен илаһи ызаның өртіне түсуден басқа не күтеді? Бұл сұрақтың жауабын қасиетті хадистен тыңдаған дұрыс болар. Қасиетті хадисте Алла Тағала: «Алла тарапынан жіберілмеген адамды басшы ретінде қабылдаған адамды жақсылық жасап, тақуа болғанына қарамастан қорлайтыным анық. Сондай-ақ, Алла тарапынан жіберілген адамды басшы ретінде қабылдаған адамды күнәләріне қарамастан кешіретінім күмәнсіз»,- деген. Қорыта айтқанда, исламның ұлық пайғамбарының саяси тарихы жәбір көргендер мен әлсіздерді қорғау және оларды билеп-төстеуші басшылардан құтқару болды. Бұл саясат менмен басшылардың билеп-төстеушілігіне қайшы келеді. Алланың елшісі әлсіздер мен зұлымдық көргендерді билікке жеткізгісі келді. Бұл мақсатқа жету үшін әлемнің әр жерінде зорлық-зомбылық көргеннің дауысын естіп, оларға көмекке көтеріліп, Исламның ұлық пайғамбары мен исламның алғашқы кезеңіндегі мұсылмандар сынды үстем басшылар мен қиянаттарға қарсы тұрып, ешбір қоқан-лоққылардан қорықпауымыз керек. Ешбір залымның алдына басымызды имей, залым басшылардың өтірік уәделеріне алданбайық. Қиындықтар, санкциялар мен қоқан-лоққылармен   қарсыласып, табандылық білдіруіміз қажет. Қарсыласу мен табандылықсыз үстемшілерді құлату мүмкін емес. Әлемнің барлық тәуелсіз халықтары азаттықтары үшін көптеген қиындықтардан өтіп, көптеген зиян көрді. Бұл салада назар аударатын келесі маңызды мәселе  Алланың көмегі мен жеңіске жетуге иман келтіру саналады. Әлемнің әлсіздері Алланың әлсіздерді жеңіске жеткізу туралы уәдесіне иман келтіруі керек. Бұл мақсатқа   хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде  толық жетеміз. Исламның ұлық пайғамбары: «Тіпті әлемнің өмірінің бір күні қалса да перзентім Мәһди (ғ.с.) келіп, үстемшілдердің билігін аяқтатып, әлемде әділет орнатады»,- деген.

 

Тегтер