Нау 24, 2017 16:42 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) - жетекшіліктің жарқын нұры 31

Пайғамбарлардың қозғалыстарының тарихы олардың тауһидтік шақыруларын бастап, адамдарды надандық пен адасудан құтқаруды мақсат еткенде сал мен мүлік иелері өз мүдделеріне қатер төнгенін түсініп, пайғамбарларға қарсы әртүрлі жолдармен күрескенін көрсетеді. Олар психикалық соғыс, жеке адамдарды өлтіріп, пайғамбарлардың илаһи шақыруларын теріске шығарып, илаһи діндерді жоюды ойлап, сол жолда кез келген мүмкіндіктерін пайдаланды.

Қазіргі ғасырда олардың қылмыстарының мысалы ретінде Ислам діні мен мұсылмандарға қарсы жасалып жақтан әртүрлі қастықтар мен шайтандық күпірліктерді атауға болады. Голливудта исламға қарсы фильмдер түсіру, Исламның ұлық пайғамбарына қарсы карикатуралар салу, Құранды өртеу, іріткі салу мен соғыстардан бастап, экономикалық санкциялар мен әскери қоқан-лоққылар арқылы өткен онжылдықтарда АҚШ пен басқа билікқұмар елдер араб қоғамындағы одақтастарының қолдауымен әл-Қаида мен ДАИШ сынды қанішер тәкфіршіл топтарды құрып, ең үрейлі қылмыстарын іске асырып, Исламнан үркіту құбылысын қоғамдық пікірдің ортасында таратты. Отаршыл елдер мұндай ұстанымдарымен Таяу Шығыс аймағындағы исламдық елдерді әлсіретіп, оларды бөлшектеуді көздеп отыр. Мұндай жағдай мұсылмандар мен басқа тауһидтік діндердің жақтастарын әлемдік үстемшілдердің жан-жақты шабуылдарына немқұрайдылық танытпай, ислам әлемі мен басқа илаһи діндердің болмысын бүкіл мүмкіндіктерімен қорғауға жігерлендіреді. Сол себепті бүгінде жиһад мәдениетін жандандыру ең басты мәселе болып табылады.

Қазіргі ғасырда олардың қылмыстарының мысалы ретінде Ислам діні мен мұсылмандарға қарсы жасалып жақтан әртүрлі қастықтар мен шайтандық күпірліктерді атауға болады. Голливудта исламға қарсы фильмдер түсіру, Исламның ұлық пайғамбарына қарсы карикатуралар салу, Құранды өртеу, іріткі салу мен соғыстардан бастап, экономикалық санкциялар мен әскери қоқан-лоққылар арқылы өткен онжылдықтарда АҚШ пен басқа билікқұмар елдер араб қоғамындағы одақтастарының қолдауымен әл-Қаида мен ДАИШ сынды қанішер тәкфіршіл топтарды құрып, ең үрейлі қылмыстарын іске асырып, Исламнан үркіту құбылысын қоғамдық пікірдің ортасында таратты. Отаршыл елдер мұндай ұстанымдарымен Таяу Шығыс аймағындағы исламдық елдерді әлсіретіп, оларды бөлшектеуді көздеп отыр. Мұндай жағдай мұсылмандар мен басқа тауһидтік діндердің жақтастарын әлемдік үстемшілдердің жан-жақты шабуылдарына немқұрайдылық танытпай, ислам әлемі мен басқа илаһи діндердің болмысын бүкіл мүмкіндіктерімен қорғауға жігерлендіреді. Сол себепті бүгінде жиһад мәдениетін жандандыру ең басты мәселе болып табылады. Алайда Ислам дініндегі жиһад пен қорғаныстың себебі не? Әрбір тірі жаратылыстың бойында табиғи түрде қорғаныс жүйесінің бір түрі қалыптасқан. Адам да табиғи түрде мұндай жүйеге ие. Ислам – адамның болмысына сүйенген дін, сондықтан адамның өзін қорғау негізін қабылдайды. Қорғаныс пен жиһад  исламда жеке түсініктемеге және исламдық тағылымдарда арнайы орынға  ие. Исламда «жиһад» деген термин жалпы илаһи мақсаттарды алға ілгерілету жолындағы ойлану, жан мен мүлікті аямау деген мағыналарда пайдаланылады. Бірақ, оның ерекше мағынасы ислам діні мен ислам үмбетінің негіздерін қорғау жолындағы әскери қарулы әрекет болып саналады. Исламдағы жиһад туралы дінді білмейтін немесе оған қарсы адамдар қате тәпсір жасайды. Егер, исламдық жиһадтың негізі мен шындығы әділ зерттелгенде, түсінбеушіліктер өздігінен жойылатын еді. Шындықты бұрмалаушылардың насихаттарына керісінше, ислам қылыш және қарсыластарын өлтіру арқылы алға ілгерілеген дін емес. Ислам – қисын мен дәлел және кемеңгерліктің діні. Ислам адамзатты бейбітшілік пен әділетке және достыққа шақырады. Бұл салада британиялық Құранның аудармашысы Джордж Сейл Исламның шариғатын мадақтауымен бірге: «Шариғат қылыштың күшімен алға ілгеріледі деп ойлайтындар қатты қателесіп, қиянант жасайды»,- деп жазды. Ислам шындық пен әділетке қарсы дұшпандық көрсететіндерге қарсы тұрады. Бірақ, мұсылмандардың жаны мен мүлкі және жерлеріне шабуыл жасамайтындармен бейбіт өмір сүреді. Осыған орай, егер дұшпандар қаруларын жерге қойып, бейбтшілік жолына түссе, ислам діні мұсылмандарға оларға шабуыл жасауға рұқсат бермейді. «Ниса» сүресінің 90-шы аятында: «Ал, егер, сендерден бой тежесе, сондай-ақ, қолдарын тыйып, өздеріңе келісім ұсынса, онда Алла сендер үшін оларға қарсы бір жол қоймады» және «Инфал» сүресінің 61-ші аятында: «Егер, олар бейбітшілікке бейімдесе, сонда оларға сен де бейімде. Әрі Аллаға тәуекел ет»,- деп айтылған. Құранның аяттары Исламның бейбітшілікті талап ететін дін екенін көрсетеді. Негізінде Ислам діні бейбітшлік негізіне сүйеніп, соғысуға тек қажет жағдайда ғана рұқсат етеді. Алайда, исламның бейбітшілік талап етуі мұсылмандардың дұшпандардың зорлық-зомбылықтарына қарсы қолдарын қусырып, артқа шегінуі керек дегенді білдірмейді.  Дұшпан мұсылмандарға қарсы шабуыл жасайтын болса, Құран халықты  қарсылық жасауға шақырып, адамдарды қажет жігермен қамтамасыз етеді.  Мәселен Алла Тағала пайғамбарына мүміндерді жиһадқа шығуға жігерлендір деп бұйырады. «Инфал» сүресінің 65-ші аятында: «Әй, Пайғамбар! Мүміндерді соғысқа қызықтыр»,- деп айтылған. Расында жиһадтық мәдениет Құран тағылымдары мен исламның мәңгі стратегиясымен алға ілгеріледі. Исламның ұлық пайғамбары  өзінің тарихи  және тағдырды шешетін хиджратымен Мединеге кірген кезде исламдық үкіметтің іргетасын қалаған кезде  Меккенің мүшіріктері мен Мединенің мұнафақтары ислам мен жаңадан құрылған үкіметке қарсы күресетін ортақ майдан құрып, қастық пен қылмыстан бас тартпады. Ұлы Алла күпірлік пен мүшірік майданын сәтсіздікке ұшыратып, елшісіне: «Әй, Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес. Оларға қатаң бол. Олардың орны – тозақ. Қайтып барар орны қандай жаман»,- деген. («Тәубе» сүресі, 73-ші аят).  Әрине жиһадтың негізі жоғары қасиетті мақсаттарына сүйеніп қалыптасты. Сондықтан менмендік пен билікқұмарлыққа сүйенген әскери әрекеттер мен мүлікті талан-таражға салуды ислам айыптайды. Жиһад Алла үшін және тек жоғары илаһи мақсаттар үшін жасалады.

 Жиһад исламда өте маңызды  әрі қасиетті мақсаттарға арналған. Исламның ұлық пайғамбары жиһад пен Алланың жолындағы моджахедаттың маңыздылығын көрсету үшін рауаяттардың бірінде: «Алланың пенделерінің барлық жұмыстары Алланың жолындағы жиһад жасаушылардың  жоғары мақсаттарымен салыстырғанда соншалықты маңызды емес. Бұл тұмсығымен шексіз теңізден су алған қарлығаш сынды»,- деген. Айта кететін жайт, Алла елшісі басқаларды жиһадқа жігерлендіруімен бірге өзі де соғыстарда көбінесе тікелей қолбасшлық еткен. Ухуд соғысында сарбаздар Ухуд өткелінен қашып, мүшіріктердің сәтсіздікке ұшыраған әскеріне қайтуға жағдай жасаған кезде пайғамбар жарақат алды. Егер хазірет Әли (ғ.с.) мен кейбір басқа сахабаларының қарсылығы мен  жанкештілігі болмағанда, хазіреттің өмірі қатерге тірелетін еді. Бұл соғыста пайғамбардың ең жақсы жақтастарынан 70 адам шәһид болды. Осы ретте Құран Кәрім адал мүміндердің белгілерінің бірін мүлкі және жанымен жиһад ету деп таныстырып: «Шын мәнінде, сондай Аллаға, Елшісіне иман келтірген мүміндер, сосын күдіктенбей, Алла жолына малдары әрі жандарымен соғысты. Міне солар, шыншылдар»,- деген. («Хужурат» сүресі, 15-ші аят). Исламдық мәдениетте жиһад тек соғыс және қарулы күреспен шектелмейді. Әділет орнатып, зұлымдықпен күресу және жәбір көргендерді қорғау да жиһад саналады. Сондай-ақ, егер исламдық қоғамға қажет ғылыми, мәдени, қоғамдық және экономикалық салаларда илаһи мақсаттарға сай орынды әрекеттер іске асырылса, олар да жиһад саналады. Алла елшісі жиһадтың ең жақсы түрі туралы: «Ең жақсы жиһад – залым басшылардың алдында шындықты айту»,- деген болатын. Залым басшылар мен залым жүйелердің қылмыстарын жалғастыруының себебі қоғамның үнсіздік пен немқұрайдылық танытуы болып табылады.  Мысал ретінде мыңдаған қажы қаза болған жантүршіктірерлік Мина апатына тоқталуға болады. Бұл оқиғада халықаралық қоғамның үнсіздік танытуымен бірге исламдық Ираннан басқа мемлекеттердің үкіметтері Сауд басшыларының біліксіздігіне реакция білдірген жоқ.  Олар сондай-ақ қазір Сауд режимі, АҚШ пен Ұлыбритания және кейбір араб үкіметтерінің Йемен мен Сириядағы қылмыстарына үнсіздік танытуда. Алла елшісінің айтуынша, егер халықтар залымдардың қылмыстарына наразылық білдірсе және оларды әшкере етсе, адамзатқа қарсы қорқынышты қырып-жоюшылық әрекеттері орын алмас еді.

 

 

Тегтер