Сәу 07, 2017 16:27 Asia/Almaty
  • Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері  1

2016-шы жылдың қазан айының 25 күні осы кезге дейін жасау технологиясы тек АҚШ-ның ықтиярында болған ең көп сатылған «CinnoRA» дәрісі Иранда жасалып шығарылды.

 

Бүгінгі әлемде мемлекеттердің дамуы тұрақты ғылым мен білімге сүйенеді. Зерттеу жүргізіп,  ғылым және технологияны алға ілгерілету мемлекеттердің экономикалық, қоғамдық, мәдени, өнеркәсіптік және саяси дамуының ең маңызды факторлары саналады.  Осы күнге дейін дүниежүзінде ғылымын алға ілгерілетпей, экономикасы мен өнеркәсібін дамытқан мемлекет байқалған жоқ. Сондықтан зерттеу мен технологияны әр қоғамның шынайы тәуелсіздігі мен  тұрмысын дамыту үшін қажет күш ретінде басты мәселе етіп қалыптастыру керек.:

Иран ежелден ғылым мен білімнің бесігі саналды. Иранның тарихына шолу жасап, бұл елдің тарихтың әртүрлі кезеңдерінде жаратылыстану ғылымдары, математика, медицина мен басқа да ғылымдар бойынша  көшбасшы болып, көптеген ғалымдарды тәрбиелегенін көреміз. Қазіргі кезде де ирандық зерттеушілер мен ғалымдардың ғылымның әртүрлі салаларындағы маңызды жетістіктерінің куәсі болудамыз. Өткен 30 жылдағы Иранның ғылыми өнімінің мөлшері бұл елдің 2015-ші жылы дүниежүзінің бүкіл ғылыми өнімдерінің 1,53 пайызын шығарғанын көрсетеді. Иранның техникалық-инженерлік және медициналық  топтары, содан кейін ауылшаруашылығының ғылыми тобы ғылыми өнімдердің ең үлкен мөлшерін шығара алды.

2016-шы жылдың қазан айының 25 күні осы кезге дейін жасау технологиясы тек АҚШ-ның ықтиярында болған ең көп сатылған «CinnoRA» дәрісі Иранда жасалып шығарылды. «Синнажен» (CinnaGen) фармацевтика компаниясы Альборз облысында Иранның Денсаулық министрінің алдында әлемдік жоғары технологияның көмегімен шығарылатын жаңа «CinnoRA»  дәрісінің тұсауын кесті. «CinnoRA» дәрісі моноклоналды антиденелерге жатады. Бұл бұлшықет жүйесі, тері мен ас қорыту жүйесінің аутоиммунды ауруларын емдеу үшін қолданылады.

Иранның Денсаулық министрінің  қатысуымен жаңа «CinnoRA»  дәрісінің тұсауы кесілді

Аутоиммундық аурулар  адамның иммундық жүйесі өз денесінің сау жасушаларына зиян келтіре бастаған кезде пайда болады. Иммундық жүйе негізінде денені микробтар мен бактериялардан қорғайды. Диабеттің бірінші түрі, ревматоидті артрит, қызыл жегі, склероз, МС (метаболиялық синдром), псориаз және тағы да басқа аурулар  аутоиммундық аурулар саналады.

Бұл аурулардың көбі созылмалы аурулар, бірақ оларды бақылауға алуға болады. Бұл аурулардың шамамен 80 түрінің симптомдары ұқсас, сондықтан бұл мәселе аурудың түрін анықтауды қиындатады. Сонымен бір мезгілде адамның денесінде бірнеше ауру білінуі мүмкін. Аутоиммундық аурулар  көбінде емделу және симптомдарының арту кезеңнің арасында әртүрлі жағдайлармен кезігеді. Бұл аурулар отабсылардың көбінде байқалады. Оларға үшырайтындардың 75 пайызын әйелдер құрайды. Сондай-ақ АҚШ-тың жергілікті және тегі африкалық азаматтарының бұл ауруларға шалдығу қатерлері артуда.

Аутоиммундық аурулар иммундық жүйеге байланысты

 Бұл белгісіз аурулардың себебі бактериялар немесе вирустар, дәрі-дәрмектер мен химиялық заттар болуы мүмкін. Жанұя мүшелерінің біреуі аталмыш аурулардың біріне шалдыққан жағдайда басқа мүшелерінің де  шалдығу ықтималы көбейеді. Аутоиммундық аурулардың түрлілігіне байланысты олардың симптомдары да әртүрлі. Бірақ аталмыш ауруларға шалдыққандардың арасынан шаршау, дене қызуының жоғарылауы мен жалпы әлсіздік көп байқалады. Аутоиммундық аурулар адмның денесінің әртүрлі мүшелеріне таралуы мүмкін. Тері, эритроцит, бұлшықет, қан тамырлары, дәнекер тін мен эндокриндік бездер аурудың әсеріне түсетін элементтерге жатады.

Осыған дейін айтқанымыздай, «CinnoRA»  дәрісі моноклоналды антиденелерге жатады. Бұл бұлшықет жүйесі, тері мен ас қорыту жүйесінің аутоиммунды ауруларын емдеуге қолданылады. Иранның Денсаулық министрі Хашими мырзаның айтуынша, ИИР – әлем бойынша бұл дәріні шығаратын екінші мемлекет. Дәріні үзбей қолданатын адамдардың зардаптарын азайту және оны пайдалануды жеңілдету үшін дәріні шығаратын жаңа желі іске қосылады.

«CinnoRA» дәрісі

 Иран осы кезге дейін әлем мемлекеттерінің көбі сынды  бұл дәріні шығару мүмкіндігіне ие болмай, оны шетелдерден алатын. Енді оны өзі шығарып, қолайлы бағамен науқас азаматтарына ұсынады. Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымы басшысының айтуынша бұл технологияны Түркия және Малайзияға экспорттау мүмкіндігі пайда болды. Сондай-ақ Ресейдің Денсаулық министрі де «Синнажен» (CinnaGen) фармацевтика компаниясын аралап, дәріні шығаратын үдерісті көрді. Келешекте  дәрі  бұл елге де экспортталуы  мүмкін.

CinnaGen фармацевтика компаниясы және жаңа «CinnoRA»  дәрісі

 

 

 

Тегтер