Сәу 10, 2017 18:00 Asia/Almaty
  • Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері 5

Рефракция көздің ішкі тор қабығына заттарды анық көрсетпейді. Сондықтан адам анық көру үшін көзілдірік немесе линзаны пайдаланады. Кейбір уақытта адам көзілдірік пен линзаның орнына хирургиялық әдістерге жүгінеді.

2016-шы жылдың қараша айының соңында Иранның Мешһед қаласындағы Медициналық университеттің зерттеушілері түсті ажырату, бинокулярлық көру мен қылилық (гетерофория-strabіsmus) мөлшерін өлшейтін электрондық құрылғы жасап шығарды. Бұл орталық көз рефракциясы   және дислексия мен талассемиясы бар адамдардың көз ақауларын анықтау жұмыстарын жүргізеді. Аталмыш зерттеу орталығы  көз рефракциясы мәселесіне қатысты эпидемиологиялық зерттеулерді іске асыру саласында өткен үш жылда әлем бойынша бірінші-үшінші  орындарды иемденіп, соның нәтижесінде Мешһед Медициналық институты дүниежүзі бойынша АҚШ пен Австралиядан кейін үшінші орынға орналасты.

Ирандық зерттеушілер түсті ажырату, бинокулярлық көру мен қылилық мөлшерін өлшейтін электрондық құрылғы жасап шығарды

Рефракция көздің ішкі тор қабығына заттарды анық көрсетпейді. Сондықтан адам анық көру үшін көзілдірік немесе линзаны пайдаланады. Кейбір уақытта адам көзілдірік пен линзаның орнына хирургиялық әдістерге жүгінеді. Сондай-ақ аталмыш зерттеу орталығында  көздің көру және түстерді ажырату нашарлығына қатысты эпидемиологиялық зерттеулер мен ақауды  емдеу бағытында талпыныстар жүргізіледі. Иранның ішіндегі бұл жұмыстармен тұспа-тұс италиялық зерттеушілер тор қабығының бүлінуі сынды ақауға шалдыққан адамдардың көру мүмкіндіктерін сақтау әдістерін тапты. Негізінде бұл ақау бірте-бірте адамның соқыр болып қалуына соқтырады. Жаңа визуалды протез әдісін пайдалану адамдарға визуалды сигналдарды миларында сақтап қалуға көмектеседі. Сөйтіп, адам оптикалық үлгілерді анықтап, бірте-бірте көретін болады.

Соқыр адамдардың көру мүмкіндігін қайтаратын протез жасалды

Иранның ірі жоғары оқу орындарының бірі Амир Кабир политехникалық университетінің зерттеушілері бағдарламалық жасақтамаларды пайдаланып, жүрек клапандарының үздіксіз қозғалысы туралы видео түсірді. Эхокардиография  және ультрадыбыстық зерттеу жүргізен құрылғылардың қиындықтары бар. Олардың қиындықтарының бірі сурет шығаратын аппараттарға қосылмағаны саналады. Ультрадыбыстық құрылғылар тұрақты толқындардың жылдамдығы мен сапасы жоғары суретке түсіру мүмкіндіктеріне ие болғанымен, жоғары жылдамдыққа ие жүрек клапандарының жылдамдығын анықтай алмайды. Аталмыш жоғары оқу орнының зерттеушілері осы мәселенің шешім жолын ұсынды.

Ирандық мамандар жүрек клапандарының үздіксіз қозғалысы туралы видео түсірді

Сонымен бірге ирандық зерттеушілер нанотехнологияның көмегімен тоқыма, полимер,  мұнай-химия, пластмасса және көлік шығару өнеркәсіптерінде қолданылатын жіп шығарды. Бұл өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркия, Италия және Парсы шығанағы жағалауындағы елдерге экспортталады. Бұл өнімнің еуропалық ұқсас үлгілері бар.

Ирандық зерттеушілер нано жібін шығарды

Жаңа ғылыми жетістіктер бедеулік сынды ауруды емдеуге  сындарлы  көмек көрсетеді. Бұл әдістің көмегімен көптеген адамдар емделіп, көптеген сәби аман-есен дүниеге келуде. Осыған орай «Раян» зерттеу орталығының зерттеушілері аталмыш әдіс арқылы науқас адамдарды өздерінің бақылауына алып, ананың сәбиге жақын болуын зерттеді.  IJFS журналында жарияланған бұл зерттеулердің нәтижелері Muller шкаласына сәйкес, ирандық аналардың перзенттеріне қаншалықты жақын екендігін көрсетті.

                                            *************************************************

Дүниежүзінде әртүрлі бағыттарда «ақылды кемелерді» пайдаланудың саны артты. Мұндай бағыттардың бірі тыныш сулардың түбін бақылауға алу саналады. Осы салада ирандық зерттеушілер осындай кемелер жасап шығарып, табысқа жетті. Олар судын сапасын, оның адамның денсаулығына әсер ететін физикалық, химиялық және биологиялық ерекшеліктерін, судың қолданыс және экологиялық жағдайларыын зерттеуде. Аталмыш құрылғыларды пайдалану шығындарды төмендетіп, қауіпсіздікті арттыруға  себеп болады. «Ақылды кемелер» бақылауды және қажет жұмыстарды алыстан жүргізе алатын соңғы технологиялармен жабдықталып, әртүрлі тереңдіктегі судың параметрлерін өлшеп, мәліметтерді тікелей жағалаудағы базаға жібере алады. Бұл кемелердің келесі ерекшелігіне гидрографиялық мүмкіндіктері жатады. Ол судың бетін тазартып, әртүрлі жерлеріндегі судың тереңдігін өлшей алады. Бұл ерекшеліктер порттар мен су қоймаларындағы шөгінділердің  мөлшерін анықтау үшін өте маңызды әрі  пайдаланушыларға олардың түбіндегі жағдайды анықтайды.

Ирандық зерттеушілер порттар мен су қоймаларындағы судың сапасын анықтауда

Ирандық университеттердің зерттеушілерінің бұл кезеңдегі медицина саласындағы жетістікерінің бірі адамның денесінің әртүрлі жерлеріндегі кішкентай ісіктерді емдейтін құрылғыны ойлап шығаруы болды. Бұл табысқа Мешһед қаласындағы Медициналық университеттің зерттеушілері жетті. Бұл құрылғы адам денесінің әртүрлі жерлеріне, әсіресе радиотерапия немесе хирургиялық араласу мүмкін емес мидағы ісіктерді емдеу үшін қолданылады. Өйткені мидағы ісіктер сезімтал жерде орналасқандықтан оларға әрекет жасау науқастың жағдайының нашарлауына себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге радиотерапия сәулесін шектеп, оны тек ісікке ғана жіберетін арнайы құрылғы қажет.

Ирандық зерттеушілер адамның миындағы кішкентай ісіктерді емдейтін құрылғыны ойлап шығарды

 

 

Тегтер