Шіл 05, 2017 16:11 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 121

Жағымпаз – тек бір ахлақтық кемшілікке ғана ие емес, ол өтірікші, екіжүзді, асыра сілтеуші, одан да жаманы – адамды орынсыз мақтап, мадақтап, оған өзі туралы шындықты біліп, кемшіліктерін өзгертуге рұқсат бермейтін адам. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Жағымпазбен дос болма. Ол сөзімен сені алдап, бұрыс істі әдемі көрсетіп, сенің өзіне ұқсас болғаныңды қалайды»,- деп ескерткен болатын.

Өзі туралы мақтау естуге лайықсыз адамдарды шектен артық мақтап, мадақтауды жағымпаздық деп атайды. Жағымпаздық – екіжүзділіктің белгілерінің бірі. Хазірет Әли (ғ.с.): «Күндердің бірінде бойыңда жоқ ерекшелігің үшін сені орынсыз мадақтаған адам басқа бір күні сенде жоқ қылық үшін сені айыптайды»,- деген. Сондықтан, жағымпаз шындықты айтпайды. Жеке мүддесі оны басқаларды мадақтауға мәжбүрлейді. Сол себепті, егер жағдай өзгеріп, ол өз мүддесін сол адамды әлсіретуден көрсе, ешбір күдік-күмәнсіз оны кінәлап, оған болмысында жоқ жаман мінез ерекшеліктерді таңады. Имам Әли (ғ.с.) шынайы достықтың негізгі факторларының бірін  жағымпазданбау деп атап: «Расында, сені жағымпазданбайтын адам жақсы көреді. Шынайы дос мақтау-мадақтауды саған естіртпейді»,- деп айтқан болатын. Жағымпаздық орынсыз тәкаппарлыққа себеп болады. Өйткені, мақтау мен мадақтау естіген адам өзінің кемшіліктерін ұмытады. Сонымен қатар өзінің жаман әрі жағымсыз істерін дұрыс әрі заңды деп ойлайды. Жағымпаздық мінезді өзгертудің алдын алумен бірге өзгенің ықпалына түсетіндерді өзгертіп, оларды ақыл мен шариғатқа қайшы залым тәсілдерді пайдалануға жігерлендіреді. Жағымпаздық басқалардың істеріне орынсыз араласуды растап, басқаларды орынсыз мадақтау мен бұзақылық, қылмыс пен зорлық-зомбылыққа итермелейді. Осыған орай Исламның ұлық пайғамбары: «Күнәһар адам мадақталған кезде Алланың аспаны сілкініп, Ұлы Алла  ызаланады»- деген. Бұл оқиғадан кейін хазірет: «Жағымпазданып, басқаларға олардың бойында жоқ мінездерін қабылдатпа»,- деп айтқан болатын. Әрбір жаман іс пен әрбір жаман мінездің салдарлары болады. Жағымпаздық та адамның өміріне теріс әсерін тигізеді. Олардың ең маңыздысы – алдану. Имам Әли (ғ.с.): «Басқалардың мақтауы мен мадағына алданатын адамдарға қандай өкінішті»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 462-ші хикмет). Имамның бұл сөзіне сәйкес, жағымпаздың сөздері адамның алдануы мен немқұрайдылығына соқтырады. Адамның басқалардың өтіріктеріне алданып, өзін негізгі болмысынан артық санауы, білімі мен амалдары, сондай-ақ материалдық және рухани қорлары тұрғысынан басқалардан жоғары сезінуі оны қатерге тірейді. Осыған орай имам Әли (ғ.с.) теңдікті сақтап, илаһи шек пен шекарадан шықпау туралы: «Менімен залым патшалармен сөйлесетіндей сөйлеспеңдер, сондай-ақ ашулы адамдардан алыстайтындай алыстамаңдар»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 2016-шы құтпа). Дін басшылары жағымпаздыққа жиіркеніш білдіріп, одан алыс болды. Бұл жиіркеніштің күштілігі сондай, Исламның ұлық пайғамбары: «Жағымпаздар мен мадақтаушылардың  беттеріне топырақ шашпаңдар»,- деп кеңес берген. Келесі бір хадисте Алла елшісі: «Бауырыңды оның алдында мақтағаның оның тамағына пышақ кезенгенмен бірдей»,- деп айтқан болатын. Бұл хадистер қоғамдағы жағымпаздықтың таралуының алдын алады. Тұла бойында адамгершілік, айбын мен илаһи қасиеттер жинақталған имам Әли (ғ.с.) сынды тұлғалар  өздерін мақтап, мадақтауға рұқсат етпейтін. Ондай жағдай орын алғанда: «Уа, Алла, өзің менен дана, мен олардан данамын. Уа, Алла! Олардың менде жоқ ерекшеліктерім туралы айтқаны үшін азаптамай, мені жақсарта гөр»,- деп сұрайтын. Имам бұл сөзімен басқаларға олардың мадағын қажет етпейтіні туралы түсіндірігісі келді. Сонымен бірге бұл іске тыйым салып, исламдық қоғамда жағымпаздық кеңістігінің таралуының алдын алды.