Илаһи басшылар 6
«Илаһи басшылар» атты топтамамыздың кезекті бөлімінде Пайғамбардың (с.ғ.с) Медине қаласында Ислам мемлекетінің негізін қалағаннан Меккені жеңіп алғанға дейінгі оқиғалар жайлы сөз қозғаймыз.
Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с) Медине қаласында Ислам мемлекетін құру арқылы тарихта адам баласына жаңа ерекшеліктер мен көрсеткіштерге ие жарқын жүйенің мінсіз үлгісін ұсынды. Пайғамбар (с.ғ.с) бұл мемлекетте ешқашан мансап, атақ-даңқ пен билігін арттыруды көздеген емес. Ол тек әлемнің жалғыз Жаратушысынан басқа ешкімге табынбай, адамзат баласы ешкімді Оның ұлылығы мен Оны мадақтауда ешқандай серік қоспайтын адамгершілік принциптеріне негізделген әділ үкімет құруды ойлады. Ол барлық тайпалар мен ұлттардың құқықтары тең сақталып, адам баласына бейбітшілік, қауіпсіздік пен достық әкелетін мемлекет құруды армандады.

Алла елшісінің (с.ғ.с) Медине қаласында тұруы ерекше қажеттіліктерді талап етті. Сондықтан халық Құран аяттарының түсуі мен Пайғамбардың (с.ғ.с) бұйрықтары негізінде жаңа өмір бастау үшін оларды тағатсыздана күтті. Медине қаласының тұрғындары жаңа өмір бастап, жәһілдіктен тыс құндылықтарды өздерінің жаңа өмірлерінің негізі етті. Мұндай жаңа исламдық өмірді қалыптастыру үшін тек Пайғамбардың (с.ғ.с) қолынан келетін бірқатар әрекеттер мен жағдайдың қажет болғаны баршаға мәлім болды.
Хазірет Медине қаласына кірген сәттен бастап илаһи және тәжірибелі саясаткер секілді іштен және сырттан келетін дұшпандар Исламға зиян келтіріп, мұсылмандар арасында өз жоспарларын орындай алмауы үшін өзі мен мұсылмандардың өмірін сақтап қалды. Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с) жаңадан қоныс аударған мұхажирлер мен ансарлар арасында жақын қарым-қатынастың пайда болуы үшін бәрінің бір-бірімен бауырласуына бұйрық береді. Мұсылмандардың ішінен шамамен 100-ге жуық адам бір-біріне бауырластық уағдасын берді. Пайғамбар (с.ғ.с) да Әли (ғ.с) екеуі бір-біріне бауырластық сертін берді. Сол уағдаластық негізінде өз жерін тастап, Мединеге қоныс аударған мұсылмандар қаржы жағынан қиын жағдайға тап болған ансар бауырларымен барлық нәрсені тең бөлген, тіпті бір-бірінің мұрасын алып отырған.
Медине қаласындағы маңызды саяси мәселе бір жағынан аус және хазрадж тайпаларының арасындағы ұзақ соғыс болса, екінші жағынан сол екі тайпаның Мединеде тұратын еврейлермен арадағы текетіресі болды. Пайғамбар (с.ғ.с) Мединеге келген алғашқы жылы Ислам ілімдеріне негізделген саяси келісім әзірледі. Мұсылмандардың бір-біріне қатысты міндеттері, олардың басқа дін өкілдерімен қарым-қатынасы осы саяси келісімнің негізгі тақырыптарын құрады. Бұл саяси келісім 4 тарау мен 37 баптан тұрды. Оған Медине қаласындағы барлық топтар қол қойған еді. Бұл келісім ішкі тұрақтылық пен Ислам мемлекетінің негіздерін нығайтуда маңызды рөл атқарды.:
Мұнафықтар тобының құрылуы мен олардың іріткі салу әрекеттері Исламның таралуы жолындағы үлкен кедергілердің бірі болды. Мүшіріктермен, еврейлер және мұнафықтардың позицияларына қарсы болған Бадр, Уһуд және Хандақ шайқастары осы қастандық тобының бөлінушілік әрекетінің толық үлгісін көрсетті. Олар Ислам мемлекетінің дұшпандарымен жасырын түрде достық қатынас ұстанып, шешуші сәттерде оларға жақтасқан.
Мединеге қоныс аударған алғашқы он жылдың ішінде Исламды қорғау мақсатында көптеген қақтығыстар орын алды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: "Пайғамбардың (с.ғ.с) жүргізген барлық соғыстары қорғаныстық соғыстар болды. Бірақ бұл оның барлық соғыс амалдарында оған біреудің шабуыл жасағанын күтіп отырды деген мағынаны білдірмейді. Егер Пайғамбар (с.ғ.с) Құдайдың дұшпандарын қорқыту үшін қаруланып, шабуылға әзірленіп, өзінің бар қуаты мен күштерін дұшпандармен соғысқа әзірлемегенде, сол алғашқы күні-ақ Ислам мен Құран, Пайғамбар (с.ғ.с) мен исламдық қоғам жойылар еді. Сол себепті Пайғамбар (с.ғ.с) әрдайым күреске дайын болып, соғысуға мәжбүр болған.

Алла Тағала «Ағраф» сүресінің 158-ші аятында Пайғамбарға (с.ғ.с) былай дейді: "(Мұхаммед (с.ғ.с): Әй, адам баласы! Мен барлығыңа Алланың елшісімін; Ол сондай Алла, жер мен көктің иелігі Оған тән. Одан басқа тәңір жоқ. Ол тірілтеді де өлтіреді. Аллаға және Алланың сөздеріне сенген, жіберілген оқу-жазу білмейтін Пайғамбарға иман келтіріңдер. Және оған еріңдер, әрине тура жол табасыңдар де". Осы аятқа сәйкес, хазіреттің пайғамбарлығы тек Араб түбегімен шектелмеген. Пайғамбар (с.ғ.с) осы идеяны жүзеге асыру үшін х.ж.с.б. жетінші жылы үлкен мемлекеттердің патшалары, христиан басшылары мен тайпа ақсақаладарына хат жолдап, оларды Ислам дініне шақырды. Бұл кезеңде мұсылмандарың Мединедегі жағдайы тұрақталған болатын.
Пайғамбардың (с.ғ.с) патшалар мен ұлы діни және саяси тұлғаларға жазған хаттардың мәтіні Пайғамбардың (с.ғ.с) Ислам дінін таратудағы әдісі мен жолын айқындайды. Бүгінде Пайғамбар (с.ғ.с) жазған осындай үгіт-насихаттық хаттардың 185-і сақталған. Олардың барлығы Алланың елшісі (с.ғ.с) қисынды сөздермен, дәлелдер келтіру арқылы, ескерту жасап, қуанышты хабармен бөлісіп, әлем жұртшылығын Исламға шақырғанын дәлелдейді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с) жиында басқа мемлекеттердің басшыларын Исламға шақыру туралы бағдарламасын сахабаларымен ортаға салып, кеңесетін. Бір күні таң намазын оқығаннан кейін өзінің шет жаққа жіберетін өкілдерін шақыртып: "Құдайдың пенделеріне былай деп насихаттаңдар: "Халыққа билік ететін, бірақ оларға жетекшілік етіп, жол көрсетуде талпыныс жасамайтын адамға Алла жаннатты харам етеді". Енді орындарыңнан тұрып, әлемнің түкпір-түкпіріне осы хабарды жеткізіп, әлем жұртшылығын бір Аллаға табынуға шақырыңдар",- деп әмір береді. Содан кейін Пайғамбар (с.ғ.с) күміс жүзіктен бетінде "Мұхаммад – Алланың елшісі" деп жазылған мөр жасауға бұйырады. Хазірет хаттарға мөр басып, хат салынған конверттерді арнайы балауызбен жауып, бекітеді. Одан кейін бірнеше адамды өзінің елшілері ретінде әлемнің жер-жеріне жібереді. Жетекшінің елшілері бір күннің ішінде Иран мен, Римға, Эфиопия мен Мысырға, Ямама, Бахрейн және ал-Хираға аттанады.
نامه حضرت محمد (ص) به خسرو پرویز
نامه حضرت محمد(ص) به امیربحرین
نامه حضرت محمد(ص) به مقوقس ، یزرگ مصر
نامه حضرت محمد(ص) به پادشاه روم
Ислам пайғамбарының (с.ғ.с) ірі мемлекеттерге жіберген жолдау хаттары Ислам дініне шақырудың жетекшілер мен халық арасында дәлелелдер келтіру, логика және ойлау қабілетін күшейту арқылы дұрыс басқаруға негізделгенін көрсетеді. Бұл әдіс Алла елшісінің (с.ғ.с) пайғамбарлығы кезеңінде қатаң сақталып, оның соңына дейін Құран мен Пайғамбардың (с.ғ.с) кеңестері мен сүннеті тиімді түрде хикмет, уағыз және пікірталасқа шақыру болды. Исламның Медине қаласынан әлемнің басқа жерлеріне тез таралуы дәл осындай жол арқылы орын алды. Медине қаласының тұрғындары Ислам дінін дәл осындай жолмен және Құранның көркем аяттарымен қабылдаған болатын. Соған байланысты "Медине Құран арқылы жеңіске жетті» деген сөз халық арасында кең тараған еді.
Алланың елшісі (с.ғ.с) х.ж.с.б. 6 жылы зул-қағда айында кіші қажылық жасау мақсатымен соғысуды көздемей Меккеге аттануға ниет етеді. Мұсылмандармен қақтығысуға шамасы қалмаған құрайыштар бірнеше елшісін жіберіп, Хұдайбия аймағында Пайғамбармен (с.ғ.с) бейбітшілік туралы келісімге қол қояды. Бұл келісім Хұдайбия бейбітшілік келісімі деген атпен танымал. Бұл келісімге сәйкес, мұсылмандардың құрайыштар мен олардың туыстарына және құрайыштардың мұсылмандар мен олардың одақтастарына шабуыл жасамауы туралы келісілген еді. Сондай-ақ, бұл келісімде Пайғамбар (с.ғ.с) мен оның сахабаларының сол жылы Умра жасау ойынан қайтып, келесі жылдан бастап Умра жасау үшін Меккеге келетіні туралы айтылған. Бірақ біраз уақыттан соң, яғни, х.ж.с.б. 8 жылы құрайыштар бұл келісімді бұзды. Олар қаржылай қиындыққа тап болғандықтан мұсылмандармен одақтас тайпалардың біріне жасырын түрде шабуыл жасап, 20 адамды өлтірді. Мұндай пәс шабуылдан кейін Алланың елшісі (с.ғ.с) сахабаларымен Меккеге қарай жол тартады.

Пайғамбар (с.ғ.с) «Фатиха» сүресін оқып болып, бірден әл-Харам мешіті мен Алланың үйін тәуәп етпек болады. Ислам әскері туларын биік көтеріп, топтасып, Меккенің солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс қақпаларынан қалаға басып кіреді. Құрайыш тайпасының ерлері мен Меккенің жауынгерлерінің жүректері қорқыныштан дүрсілдеп, әл-Харам мешітінің алдында сап түзеп, алды белгісіз тағдырға бас иеді. Бұл адамдар бұрын көптеген қателіктер жасаған, Пайғамбар (с.ғ.с) мен оның сахабаларын қатты азаптап, қинаған болатын. Олар талай соғыстың отын өрбітіп, бүлік ұйымдастырып, көптеген адамдардың қанын төккен. Олар егер Пайғамбар (с.ғ.с) олардан кек алатын болса, мұның әділдік екенін өздері де жақсы білді. Бірақ, осындай үрейленген және алаңдаулы адамдарды көргенде Пайғамбар (с.ғ.с) өз сахабаларына үйлерінде қалғандар мен мешітке немесе Әбу Суфианның үйіне барған адамдардың аман қалатынын хабарласын деп бұйырады. Хазірет құрайыштардың алаңдаған түрлерін көргенде оларға: "Қорықпаңдар! Құдай сендерді кешіреді. Себебі, ол ең кешірімді. Барыңдар, сендер боссыңдар",- дейді.
Меккені жеңген кезде шамамен 2000-ға жуық адам Ислам дінін қабылдайды. Бұл хазірет Мұхаммад (с.ғ.с) олардың ешқайсысын Исламды қаблдауға күштемеген жағдайда орын алды. Шынтуайтында, Меккені жеңу Ислам дінінің Араб түбегінде қарқынды түрде таралуының басы болды. Ешбір қан төгіссіз қол жеткізген бұл жеңіс Пайғамбардың (с.ғ.с) абыройын көтерді. Ислам діні әлемнің саяси, мәдени және әлеуметтік саласында ең ықпалды дін ретінде пайда болған қазіргі кезде надандар рақымшылық пен достық жолдауын зорлық-зомбылық деп айыптауда. Бірақ Ислам Пайғамбарының (с.ғ.с) әрекеті, әсіресе Меккені басып алудағы әрекеті жалған әрі біржақты үгіт-насихаттарды бейтараптандыратын жарқын үлгі болып табылады.
Пайғамбардың (с.ғ.с) Медине қаласында он жыл өмір сүрген кезде жасаған әрекеттері толығымен Исламның жоғары армандарын жүзеге асыруға бағытталған еді. Бұл армандар Медине тұрғындарының сол кездегі мәдени-әлеуметтік құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асты. Ақырында Ислам мен исламдық тәлімдер бүкіл әлемге тарады.