Там 12, 2017 17:25 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 122

Тілдің зияндарының біріне не бұл дүниеде, не ақыретте пайдасы тимейтін бос сөз сөйлеуі жатады. Бос сөз харам болмағанымен, өте жаман әрі жағымсыз саналады.

Тіл - Алланың нығметтерінің бірі. Ол адамның алға ілгерілеуі және басқа адамдармен қарым-қатынас орнату құралы болуымен бірге көптеген зиян келтіріп, күнәларға себеп бола алады. Сондықтан, оны бақылауға алып, күнделікті «тіліңе абай бол» деп еске салып отырған жөн. Өйткені, адамның бұл дене мүшесі оны бақытқа немесе қорлыққа жақындата алады. Имам Саджад (ғ.с.) бұл туралы: «Күнделікті таңертең адамның тілі басқа ағзалардан «Қалайсыңдар? Таңды қалай қарсы алдыңдар?» деп сұрайды. Олар «Жақсымыз. Жақсы қарсы алдық, алайда сенің бізде жұмысың болмаса жақсы болар еді» деп жауап береді. Содан соң Алламен ант етіп, тілден орынсыз сөйлеп, оларды қиындықтарға душар етпеуді сұрап: «Сенің арқаңда бізге сауап пен сый беріледі немесе  сен үшін  біз кәпір боламыз»,- дейді» деп айтқа. («Бихар әл-Анвар», 68-ші том). Тілдің зияндарының біріне не бұл дүниеде, не ақыретте пайдасы тимейтін бос сөз сөйлеуі жатады. Бос сөз харам болмағанымен, өте жаман әрі жағымсыз саналады. Өйткені, уақытты, адамның бұл дүниедегі негізгі қоры өмірін босқа кетіруіне себеп болады.  Мылжыңдықтың қатері өтірік, ғайбат, тіл тигізу, өсек және осыған  ұқсас басқа күнәларға себеп болса, арта түседі. Хазірет Әли (ғ.с.): «Мылжыңнан абай болыңдар. Өйткені, көп сөйлейтін адамның күнәлары көп болады»,- деген. 

Исламның ұлық пайғамбарынан жеткен келесі бір хадисте: «Алла Тағала тілді басқа ешбір ағзаны тіремейтін азапқа салады»,- деп айтылған. Сол кезде тіл наразылық білдіріп: «Уа, Алла! Мені ешбір ағзаны душар етпейтін азапқа саласың ба?» деп сұрағанда Жаратушы оған: «Сенен Шығыс пен Батыс тұрғындарына жеткен сөз шығып, қанның төгілуіне, мүліктің талан-таражға салынуы мен намысқа кір келтіруге себеп болады. Сондықтан, өзімнің ғиззатыммен ант етемін, басқа ешбір ағза көрсетпеген азапты саған көрсетемін»,- деп жауап қайтарды.(«Усул Кафи», 2-ші том). Көп сөйлеу – көбінесе шынайы назар аударылмайтын тілдің зияндарының бірі. Өйткені, кейбір уақытта адамның жалғыздығы немесе шаршап-шалдығуы осындай жаман әдетке себеп болуы мүмкін. Алайда исламдық тағылымдарда көп сөйлеу топастықтың қатарында тұрады. Имам Әли (ғ.с.): «Ақыл толыққан кезде сөз азаяды»,- деген. (71-ші хикмет). Сондықтан, ақыл мен сөздің арасында қайшы қатынас орнатылған. Олар таразының екі табағы сынды. Егер ақыл артса, сөз азаяды. Егер сөз көбейсе, ақыл азаяды. Адам өзінің сөзі мен амалына жауапты. Рауаяттардың бірінде имам Әли (ғ.с.)-ның мылжың ер адамның қасынан өтіп бара жатып, тоқтап, оған: «Сен мына мылжыңдығыңмен өзіңді қорғайтын періштелерді үркітесің. Сондықтан, бос сөзден алыс бол»,- дейді. Адам сөзіне абай болуға талпынуы керек. Өйткені, әрбір айтылған сөз оның амал дәптеріне  тіркеледі. «Қаф» сүресінің 18-ші аятынан: «Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын»,- деп оқимыз. Рауаяттардың бірінде бір адамның Алла елшісінің қасына келіп, бос сөз сөйлегені айтылған. Исламның ұлық пайғамбары оны тоқтату үшін: «Тіліңнің неше есігі бар?»- деп сұрайды. Адам: «Екі есігі: ерін мен тіс»,- деп жауап береді. Хазірет: «Есіктер көп сөзге тосқауыл бола алмайды ма? Абай бол, бұл дүниеде тіл сияқты ақыретке ең көп зиян келтіретін нәрсе жоқ. Әсіресе, ол тіл мылжың әрі бос сөйлейтін болса»,- дейді. Имам Әли (ғ.с.): «Сөз айтылғанша сенің ықтиярында. Бірақ сөз айтылса, сен оның салдарларымен кезігесің. Тіліңді алтын мен күмістей сақта. Адамның нығметін азайтатын сөз қандай жаман. Сондықтан білмеген нәрсеңді айтпа. Алла Тағала ағзаларға қиямет күні олардан сұралатын әртүрлі міндетті уәжіп етті. Бұл күні тілін бақылай алмай, тілі оны билеген адам қорлық көреді. Мылжың адамның қателіктері де көбейеді. Мұндай адамның ұяты азаяды. Ұяты азайған адам күнәлардан алыстауды  ұмытып, соңында тозаққа кіреді»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 68-ші том).