Жетекшілік хадисы 130
Сыбырласуға тыйым салудың себептерінің бірі басқа адамдардың арасында күдік-күмән мен түсінбеушіліктің тууына байланысты. Екі адамның сыбырласып отырғанын көрген адам психикалық жағдаймен бетпе-бет келіп, сол ортада өзін бөтен сезінеді.
Сыбырлау немесе біреудің құлағына жақындап сөйлеу деп, құпия сұхбаттарға айтылады. Құпия сөйлесу – адамның өмірінің қажеттіліктерінің бірі. Қасиетті ислам діні құпия сұхбаттарға рұқсат берген. Өйткені, адамдар жеке мәселелерін басқалар түсінбейтіндей, әсіресе өсекшілерге естіртпей талқылағысы келеді. Ислам діні оңаша сөйлескен кезде басқалардың сезімдеріне сызат түспей, қайшылық тумайтындай сөйлесуге рұқсат еткен. Осыған орай Исламның ұлық пайғамбары: «Үш адам бірге отырған кезде екі адам жекеленіп, үшінші адамнан жасырып, бір-бірінің құлағына сыбырламағаны жөн. Өйткені, шайтан үшінші адамды өзінің күмәнымен уайымға батырып, күйзеліске түсіруі мүмкін. Алайда, егер оларға төртінші адам қосылса, екі-екіден құпия сөздерін айта алады»,- деген.
Сыбырласуға тыйым салудың себептерінің бірі басқа адамдардың арасында күдік-күмән мен түсінбеушіліктің тууына байланысты. Екі адамның сыбырласып отырғанын көрген адам психикалық жағдаймен бетпе-бет келіп, сол ортада өзін бөтен сезінеді. Сонымен қатар сыбырласу күмәндар мен жаман ниеттерге себеп болып, қастарында отырған адамды «сыбырласып отырған адамдар ғайбат айтып, немесе тіл тигізіп әлде қастық ойластырып отыр ма, әйтпесе сыбырласпайтын еді ғой» деген ойға түсіруі мүмкін. Мұсылман күмән тудыратын жағдайдан алыс болып, күдікке себеп болатын іске бармауы керек. Сондықтан, Құран аяттарында Алла Тағала адамдар жиналған жердегі мақсаты жақсылық емес сыбырласуға рұқсат етпей, оны іс әрі шайтанның ісі деп таныстырады. «Шын мәнінде, құпия жиналыс мүміндерді кейіту үшін шайтан ісі..». («Мүжәдәлә» сүресі, 10-шы аят).
«Ниса» сүресінің 114-ші аятында: «Олардың өзара күңкілдерінің көбінде қайыр жоқ. Бірақ, кім бір садақаны, не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, ол қайырлы. Және біреу осыны Алланың ризалығын іздеп істесе, сонда оған жедел ірі сауап береміз»,- деп айтылған. Бұл аятта Алла Тағала достық кеңістік пен халықтың абыройын сақтау үшін ғана сыбырласуды рұқсат санайды. Егер адам жиынның ортасынан адамды білдірмей садақа беруге немесе адамдар арасындағы қарым-қатынастарды өзгертуге немесе оларды татуластырып, достық қарым-қатынасты қайтару үшін сыбырлап шақырса, сондай-ақ, кешіруге және соған ұқсас ғамалдарға насихаттаса, ең жақсы ғибадат саналады. Бұл ерекше жайт туралы: «Әй, мүміндер! Егер сыбырлассаңдар; күнә, дұшпандық және Пайғамбар (с.ғ.с.)-ға қарсылық жайында сыбырласпаңдар. Жақсылық, тақуалықта сыбырласыңдар...»,- деп айтылған. («Мүжәдәлә» сүресі, 9-шы аят). Өйткені, бұл қасиетті кітапта мүмін әйелдер мен ерлерді азаптау үлкен күнә деп аталған: «Сондай, мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар жала жауып, ашық күнә жүктеп алды». («Ахзаб» сүресі, 58-ші аят). Имам Әли (ғ.с.) ислам тұрғысынан сыбырласу туралы: «Сыр сақтаудың ең жақсы тәсілі – дін мен тақуалықтың негіздеріне сүйеніп, дұрыс жолға түсіп, нәпсімен қарсыласу»,- деген. («Мизан әл-Хикмат», 12-ші том). Қорыта айтқанда Құранның көзқарасы бойынша мақсаты жақсылық жасау болмаса, сыбырласу – жағымсыз іс. Сондықтан, сырласатын адамымыз сыр тыңдау қабілетіне ие болғаны жөн. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Білімді ғалым және сөзді тыңдай білетін тыңдарман болмаса, сыбырласу жақсы емес»,- деген болатын. («Мизан әл-Хикмат», 12-ші том). Алла Тағала барлық жерді бақылаушы. Алла мейірімді, өйткені ол пенделерінің бірінің басқалардың сыбырласуынан күдік пен күйзеліске түсуін жақсы көрмейді. Сондықтан, мұсылман өзінің сөзі мен істерін бақылауға алып, басқаны азаптап, Алланы наразы етпеуге міндетті. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Алланың естуші деп аталуы үш адамның ортасында Ол төртінші болмаса, бұл үш адам бір-бірімен сыбырласпайды»,- деп айтылған.