Қыр 17, 2017 22:19 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (114)

Иранның валюталық және банктік саясаттарын өзгерту мәселесі соңғы апталарда жаңалықтардың басты тақырыбына айналды.

Орталық банк төрағасының халықаралық істер жөніндегі орынбасары ағымдағы жылдың соңынан бастап валюта бағамынбірегейлендіру бағдарламасының  жүзеге асырылатынын айтты.

Иранның Орталық банк төрағасының халықаралық істер жөніндегі орынбасары Ғоламали Камиаб валюта нарығын бірегейлендіру бағдарламасын жүзеге асырудың мерзімі туралы: «Орталық банк тарапынан валютаның бағамын бірегейлендіру бағдарламасының жүзеге асырылу мерзімі әлі нақты белгіленген жоқ. Бірақ жоспар бойынша оны жүзеге асыру жұмыстары жылдың соңында басталады деп болжанып отыр. Валюта бағамын бірегейлендіру жұмыстарын бастау үшін көптеген істер атқарылғанымен, тағы басқа шаралар да жасалып жатыр. Іске асырылып жатқан саясаттардың бірі – саяхатқа арналған валютаны сатуды тоқтату. Орталық банктің мәлімдеуінше, қыркүйек айының он бірі күнінен бастап саяхатқа арналған валютаны сату тоқтатылып, саяхатшылар өздеріне қажетті валютаны нарықтық бағамен ала бастады. Соңғы апталарда банктік пайыздық мөлшерлемелер бағамының төмендеуі мен оның макроэкономика көрсеткіштеріне тигізетін әсерлері туралы сөздер көбейе бастаған жағдайда Орталық банк осындай шешім қабылдады. Орталық банктің қаулысына сәйкес, депозит бойынша пайыздық мөлшерлеме 15 пайыз, ал пайда мөлшерлемесі 18 пайыз болып белгіленді» деді.

Банк ісі мамандарының пайымдауынша, Иранның Орталық банкішынайы түрде бел буғандықтан, шешімнің бұл жолы неғұрлым толығырақ жүзеге асырылатындығына үміт артуға болады.

Экономист әрі банк ісінің маманы Камил Тейби Орталық банктің осы қаулысының жүзеге асырылу мөлшері туралы былай дейді: «Кез келген жағдайда банк жүйесін реттеу үшін пайыздық мөлшерлемені азайту үшін әрекет ету керек. Бұл нұсқаулық бұйрық болса да, немесе банктердің бұл нұсқауды жүзеге асыруға ынтасы болмаса да, осындай шара қолдану қажет» деді. Ол ИСНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Тоқырау жағдайында банктерге қолдау көрсету керек. Олар бір-бірімен әріптестік жасап, Орталық банк те экономикаға көмектесу үшін талпыныс жасауы қажет» деді. Бұл экономист сонымен қатар Орталық банк қаулысының бұйрық бола алатындығына тоқталып: «Пайыздық мөлшерлемені бұйрықпен төмендетуге болмайды. Қазіргі жағдайға байланысты пайыздық мөлшерлеме нарықтың жағдайымен сәйкестендіріліп, экономикалық қызметтер мен нарықтық баланс пайда мөлшерінің тепе-теңдігін тудырып, депозит  бойынша пайыздық мөлшерлемені анықтауы керек. Осы аяда қаржы айналымын көбейтіп, төмен пайыздық мөлшерлемені ұсынуүшін банктер ынтымақтастық жасауы керек» деді.

Мамандардың пікірі бойынша, кейбір жайттар бойынша әлі де қиындықтар бар. Соның ішінде, банктік қарыздардың көп мөлшері мен үкіметтің банкке қарыз болуы қиындық тудырып отыр. Осы сын-қатерлердің болуына қарамастан, Экспортты кеңейту банкінің бас директоры Али Салехабади банктер арасындағы нарықтық пайыздық мөлшерлемені шамамен 18 пайызға төмендетудің банктік жүйеге оң әсерін тигізетінін айтып: «Пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі оң өзгеріс болып есептеледі. Оның төмендеу үдерісі  жалғасып жатқан жағдайда банктік депозиттер бойынша пайыздықмөлшерлеменің төмендеуі сияқты оң әсерлер де байқалып отыр» деді.

Капитал нарығының белсенділері де осы күндері банктік жүйеде пайыздық мөлшерлеме белгіленгеннен кейін капитал нарығының қайта жандана түсетіндігіне үміт артып отыр.

Иранмен көршілес елдердің 400 миллион адамды қамтитын нарығы ортақ сауда, серіктестік пен инвестициялар үшін бірден-бір мүмкіндік болып табылады. Осы нарықтың жұмысын қарқындату аясында ИИР мен Пәкістанның Сыртқы істер министрлері осы аптада Теһранда кездесіп, екі елдің байланыстарын кеңейтіп, нығайтуды қуаттады.

ИИР президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Пәкістанның Сыртқы істер министрімен кездесуінде экономикалық байланыстарды кеңейтіп, шекараны нығайтып, екі елдің саяси қатынастары деңгейін жоғарылатуға талпыныс жасау қажеттігін қуаттады. Пәкістанның Сыртқы істер министріТеһрандағы келіссөздерден кейін қасиетті Машһад қаласына сапар шегіп, Хорасан-Разави облысының әкімі Алиреза Рашидиан және облыс қайраткерлерімен кездесуінде Пәкістанның Хорасан-Разави облысының сауда-экономикалық мүмкіндіктерін пайдалануға мүдделі екенін баса айтып, жылына Пәкістаннан осы облысқа 200 мың зияратшының келуін екіжақты экномикалық қатынастарды кеңейтуге көмектесетіндігіне үміт білдірді.

Қазіргі таңда Иран мен Пәкістан арасында жүк тасымалдайтын пойыздардың қатынасы артқаннан кейін Пәкістанға тауар экспортының мөлшері он есе, Орталық Азиядан Пәкістанға тауар транзиті 3 есеге артты. Өткен сәуір айында Иран мен Пәкістанның экономикалық ынтымақтастықтарының ортақ комиссиясының 20-шы отырысы қарсаңында ИИР-ның Орталық банкі мен Пәкістан қайраткерлері банктік қатынастар саласында бір келісімге қол қойған болатын.

Пәкістанның Ирандағы елшісі Асеф Алихан Доурани жуырда ИРНА-ға берген сұхбатында екі елдің жоғарғы деңгейлі қайраткерлерінің сауда айналымының мөлшерін жылына 5 миллиард долларға жеткізуді қуаттағанын еске салып: «Иран мен Пәкістан өздерінің жақсы мүмкіндіктерінің арқасында сауда-экономикалық саладағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуде бір-бірін толықтыра алады» деді.

Жалпы халық саны 270 миллион адамды құрайтын Иран мен Пәкістан 909 шақырым ортақ шекарасы, жас әрі оқыған халқы, білікті әрі арзан жұмыс күші, бай табиғи ресурстары және бір-бірін толықтырып отырған экономикаға ие болғандықтан, ортақ экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту үшін көптеген мүмкіндіктерге ие.

Пәкістанның Сауданы дамыту ұйымының төрағасы сейіт Мұхаммад Монир бұл жайлы: «Алдағы қиыншылықтар шешілгеннен кейін Иран мен Пәкістанның экономикалық ынтымақтастықтары ешқандай шектеусіз кеңейе алады» деді.

Қазіргі таңда алда тұрған сын-қатерлердің бірі – екі ел шекараларындағы тауар контрабандасы. Ресми сауда үшін жағдай жасалғаннан кейін заңсыз сауда азайып, Иран мен Пәкістанның ресми сауда айналымының мөлшері күрт артады деп күтілуде. Иран мен Пәкістан Экономикалық ынтымақтастық ұйымының негізін қалаушы елдердің қатарында. Он мүше елден құралған бұл ұйым түрлі салаларда, әсіресе, энергия саласындағы ынтымақтастықтар үшін лайықты мүмкіндіктерге ие.

Өткен аптада Иран мен Еуропаның сауда-экономикалық қарым-қатынастары және алғашқы еуропалық банк өкілдерінің Иран жеріне келгенітуралы жаңалықтар жарияланды.

Аустрияның Oberbank банкі осы айда Иранның Орталық банкімен Иранда инвестицияларды арттыру саласында бір келісімшартқа қол қояды.

Аустрияның Oberbank банкінің бас директорының айтуы бойынша, бұл банк осы айда Иранмен жаңа инвестиция туралы келісімге қол қояды. Аустрияда несие беретін банктер арасында жетінші орында тұрған Oberbank-тің 20 миллиард еуро көлемінде жалғыз теңгерімі бар. Бұл банк қыркүйек айының жиырма бірі күні Иранның Орталық банкінің директоры мен Иранның Экономика министрі, сондай-ақ, Oberbankбас директорының қатысуымен келісімге қол қою рәсімдерін өткізеді.

Oberbank бас директоры Франц Гассальсбергер Reuters агенттігіне берген сұхбатында: «Менің ойымша, біздің банк –Иранмен келісім жасап отырған алғашқы еуропалық банк. Кейбір германиялық, италиялық және даниялық банктер де қазір Теһранмен келіссөздер өткізіп жатыр» деді.

Осындай байланыстардың жалғасында 30 адамнан құралған бір экономикалық делегация Украинамен экономикалық келіссөздерді жалғастыру мақсатында осы елдің астанасы Киев қаласына аттанды. Иранның Сауда, өнеркәсіп, тау-кен және ауылшаруашылық палатасының төрағасы Ғоламхосейн Шафаи бастаған Иранның экономикалық делегациясының осы сапары үшін қарастырылған бағдарламалар тізіміне Иран мен Украинаның бизнес-форумы және Иранның мамандандырылған көрмесін өткізу шаралары енді. Иран – Украинаның маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі.  Иран мен Украинаның 2016 жылғы сауда айналымы 745 миллион долларға жетті. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда 32 пайыздық өсімді көрсетті.

Осы сапардан бұрын ИИР, Әзірбайжан республикасы, Грузия, Украина мен Польшаның темір жолдарының басшылары Украинаның Одесса қаласында бесжақты отырыс өткізіп, «Оңтүстік-батыс темір жол дәлізін» құру туралы келісімге жетті.

Одесса отырысына қатысушы елдер сонымен қатар Бомбей-Бандар-Аббас-Астара бағыты бойынша жүк тасымалдау тарифтерін, сондай-ақ, осы жүкті Әзірбайжан республикасы мен Грузияға, Украина мен Польшаға жеткізу  тарифтерін реттеу және белгілеу туралы келісім жасады.

Темір жол арқылы жүк тасымалы аясында бұдан бұрын Грузияның темір жол басшылары бірнеше рет Иранға сапар шегіп, Астара қаласында ірі терминал салды. Грузияның Қара теңізге шығуы ирандық тауарлар мен жүктерді Еуропа одағына жөнелту үшін мүмкіндік тудырды. Бірнеше жақты ынтымақастықтармен қатар, Иран мен Армения да тасымал саласындағы әріптестіктерін арттырып отыр. Ынтымақтастықтардың маңызды қырларының бірі – Иранның Армения арқылы Еуропа одағына мүше елдерге қосылуы. Теһран мен Ереван түрлі экономикалық бөлімдермен қатар тасымал және транзит аясында да ынтымақтастық жасау үшін жақсы мүмкіндіктерге ие.

 

 

Тегтер