Еуроодақ өкілінің сөздеріне шолу: Еуропа жойылуы мүмкін
(last modified Fri, 10 May 2024 15:15:09 GMT )
Maм 10, 2024 21:15 Asia/Almaty
  • Еуроодақ өкілінің сөздеріне шолу: Еуропа жойылуы мүмкін

Біз, еуропалықтар айналамызды достармен қоршағымыз келді. Оның орнына бүгінде оттың ортасында қалдық.

Еуроодақтың жоғары лауазымды өкілі Жозеп Боррель 3 мамырда Ұлыбританияның Оксфорд университетінде сөйлеген сөзінде сыртқы саясат пен қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, әлемдегі ең маңызды мәселелер, соның ішінде Украина соғысы, Палестина оқиғасы, халықаралық  жүйе, Қытайдың күшеюі және Еуропаның қауіпсіздік тұрғысынан АҚШ-қа тәуелділігін азайту керегі жайында пікір білдірді.

Төменде Еуропаның сыртқы іс-кимылдар қызметі сайтында жарияланған Жозеп Боррель сөздерінің бір бөлігін оқи аласыздар:

"Қырғи қабақ" соғысынан кейін қалыптасқан халықаралық жүйе енді жоқ. АҚШ гегемондық позициясынан айырылды. 1945 жылдан бері үстем болған біржақты халықаралық жүйе жойылып барады. Қытай бір алпауыт елге айналу үстінде. Қытайдың өткен 40 жыл ішінде атқарған іс-шаралары адамзат тарихында теңдессіз. Өткен 30 жылда Қытайдың жаһандық жалпы ішкі өнімдегі үлесі (сатып алу қабілеті бойынша) 6 пайыздан шамамен 20 пайызға жетті. Ал біз, еуропалықтар 21 пайыздан 14 пайызға төмендедік. АҚШ 20 пайыздан 15 пайызға түсті. Бұл экономикалық перспективада айтарлықтай өзгеріс саналады.

Қытай біз бен АҚШ үшін бір бәсекелеске айналып барады. Арзан тауар өндіруде ғана емес, бір әскери алпауыт ретінде де технологияны дамыту және біздің болашағымызды құрайтын технологиялар жасау саласында алғы шепке шықты. Қытай Ресеймен "шектеусіз достық" саясатын жүргізе бастады.  Сондай-ақ орта алпауыттар пайда болып жатыр. Олар маңызды ойыншыларға айналып барады. BRICS-қа мүше елдер мен мүше емес елдер арасында ортақтық өте аз, бірақ олардың бәрі әлемде маңыздырақ орынға ие болып, мықтырақ дауысқа және дамуға қажет артықшылықтарға ие болуды қалайды. Бұл мақсатқа жету үшін олар тәуелсіздікті барынша сақтап келеді, сондықтан біреуге жақтасуды қаламайды. Бір мезетте және белгілі бір мәселеге қатысты не ана тарапты, немесе мына тарапты жақтайды. Біз, еуропалықтар айналамызды достармен қоршағымыз келді. Оның орнына бүгінде оттың ортасында қалдық. Бұл от шеңберінің бір жағы Батыс Азия жағалауынан басталып, Кавказдан өтіп, енді Украинадағы соғыс алаңдарына жетіп жатыр.  

Қызыл теңіздегі сияқты кейбір бұғаздарда біз тіпті Еуроодақ теңіз күштерінің миссияларына қатысты қайшылыққа ұшырап отырмыз. Сондай-ақ халқы өз жері үшін күресіп жатқан екі соғыс бар. Бұл географияның кері айналғанын көрсетеді. Бізге жаһандану географияны жояды деп айтылды, бірақ олай болмай шықты. Аймақтағы қақтығыстардың көбі жерге қатысты. Палестина екі адамға уәде етілді. Украина да екі әлемнің тоғысқан жерінде орналасқан. "Бұл менің жерім", "Жоқ, менікі" деген жер үшін таласта талай адамның қаны төгілді.

Мұнымен бір мезгілде жаһандық үдерістердің қарқындап бара жатқанына куә болып отырмыз. Климаттық өзгеріс ендігәрі болашақта болатын мәселе емес. Ауа райы дәл қазір өзгеріп жатыр. Ертең емес, бүгін сезіліп отыр. Технологиялық өзгерістерде бәрі жасанды интеллект жайлы сөйлеп жатыр. ЖИ біз толық түсініп бола алмайтын өзгерістер тудырады.

Жер тұрғындары да жылдам өзгеріп жатыр. Мен тұрғындар теңгерімі туралы сөйлеген кезде миграция мәселесіне тоқталамын. Әсіресе Африка құрлығында 2050 жылы әлем халқының 25 пайызы өмір сүретін болады. 2050 жылы төрт адамның бірі Африкада тұратын болады. Сонымен қатар теңсіздіктің артқанына,  демократияның азайғанына, бостандықтарға қатер төнгеніне куә болып отырмыз.

Бұл сурет 1930 жылдары Францияның отары болған Сенегалда түсірілген. Мұнда африкалықтар бір еуропалықты орындықтың үстіне отырғызып, өзеннен өткізіп бара жатқаны түсірілген (Архив AFP).

Осы перспективада Еуроодақ пен Ұлыбританияның рөлі айқындалуы тиіс. Бізде қандай рөл болатынын білмеймін. "Еуропа жойылуы мүмкін" деген ескертулер естіп жатырмын. Бұдан кем айтылмайды. Жарайды. Енді не істеуіміз керек?