Қаз 11, 2017 16:18 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 79

Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, мәдениет экономика мен саясатқа қарағанда маңыздырақ әрі олардан жоғары.

Мәдениет, салт-дәстүр, рәсімдер мен құндылықтар – бір елдің халқын танытатын факторлар. Мәдениет халықтың болмысына әсерін тигізеді. Мәдениетке ерекше назар аудартатын Ислам революциясы жетекшісінің пікіріне сәйкес, мәдениет қоғамның ой-пікірі мен іс-әрекеттерін қалыптастырады. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, «қоғамдық мәдениетті өзгерту барлық жұмыстардан маңызды. Өйткені, бұл іс – басқа жұмыстардың негізі».

Аятолла Хаменеи

Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, мәдениет экономика мен саясатқа қарағанда маңыздырақ әрі олардан жоғары. Ислам революциясының жетекшісі елдің мәдениет саласындағы белсенділері мен қайраткерлерінен күн сайын халықтың қоғамдық ахлағы мен мәдениетін арттыратын жолдарды  тауып, халықтың қоғамдық мәдениетін алға ілгерілетуді күтеді. Қоғамның ахлақи және рухани саулығы  артқан сайын адамның жүрегі тыныштыққа бөленеді. Ислам революциясының жетекшісі  мәдениетті дем алуға қажет ауаға теңеп: «Мәдениет – біздің дем алуымыз үшін қажет ауа сынды. Сіздер ауаны қажет етесіздер. Қаласаңыздар да, қаламасаңыздар да, ауа таза болса, адамға әсерін тигізеді. Егер ауа лас болса, теріс салдары болады. Оның салдарларын адамның денсаулығынан көреміз. Егер түтін және есірткімен ластанған ауамен демалсаңыздар, іс-әрекеттеріңіз бен мәдениеттеріңіз дем алған ауаға сай болады. Сондықтан, мәдениетке немқұрайдылық танытпаңыздар. Ол өте маңызды»,- деді.  Әрбір жөнсіз, заңсыз әрекет қоғамдағы адамдарға теріс әсер етіп, мәдениеттің құлдырауына  соқтырады. Сыбайлас жемқорлық пен бұзақылық, заңсыз істер мен күнә және осыған ұқсас істер адамдарға теріс әсер ететін уланған азық-түлік сынды. Адамдар оларға табиғи реакция көрсетеді. Мәселен, өтірік сенімсіздікке, аманатқа қиянат жасау қоғамдық қарым-қатынастардың бұзылуына, зұлымдық келесі зорлық-зомбылыққа, азаттықты өз мүддесіне пайдалану диктатураға, мақұрым адамдардың құқықтарын бұзу кекке, кектің жиналуы дұшпандыққа себеп болады. Сондай-ақ, жыныстық шаһуат қоғамды азғындыққа душар етеді. Қорыта айтқанда,  әрбір бұрыс әрі ахлаққа қайшы іс мәдени құлдырауға себеп болады. Діни жетекшінің пікірінше, «егер мәдени негіздерді күшейту мақсат етілсе, халықтың дінге деген иманы мен мәдени мұралары күн сайын нығаюы қажет».

Иман

Иманның артуы мәдениеттің нығаюына себеп болады. Өйткені, діндар адам ахлаққа табандырақ болады. Діни жетекшінің пікіріне сәйкес, өтірік айту, уәдеге тұрмау және басқа жаман істер адамды Алладан алыстатады. Сондықтан, илаһи ризалыққа ие болу үшін  күнә мен жамандықтардан алыстау керек. Қоғамда мұндай адамдардың көбеюі ахлақи және мәдени сапаны арттырады. Сол себепті, Ислам революциясының жетекшісі  халықтың дінге, иман мен ұлттық болмысқа табанды болуын қуаттап, оларды мәденитетті көтеру саласындағы маңызды факторлардың бірі деп атап: «Дін мен иман – барлық адами құндылықтардың негізі»,- деді.

"Дін мен иман - барлық адами құндылықтардың негізі".

 Мәдениеттің артуына себеп болатын халықтың діні мен иманын арттыру үшін өтпелі және үстірт жұмыстармен қанағаттануға болмайды. Бұл өте маңызды мәселе кәсіби жұмысты қажет етеді. Аятолла Хаменеи бұл тұрғысында маңызды ұсыныс жасады. Хазірет «мәдени инженерияны» қуаттап, мәдени саладағы қайраткерлерді, әсіресе үкіметті  әртүрлі мәдени салаларда инженерлік бағдарламаны жобалап, ұзақ мерзімді перспективаларды анықтауға міндетті деп санайды. Діни жетекші мәдени инженерия туралы: ««Қоғам мәдениеті» деп аталған мәселенің маңыздылығына назар аудармасақ және оны қорғамасақ, әртүрлі факторлар әсерін тигізеді. Олар әсерлерін тигізіп, өз жұмыстарын атқарады. Ислам республикасы жүйесінің басшылары ретіндегі біздің міндетіміз не? Біздің басты міндеиміз – «мәдени инженерия», яғни ұлттық мәдениет, қоғамдық мәдениет, ішкі қозғалыс пен мәдениеттің адамдар мен қоғамның ішінен пайда болатынын анықтау. Мәдениеттің мақсаты не? Оның кемшіліктері не? Қоғамымыздағы мәдениет қандай?» деді.

Мәдени инженерия

Мәдени инженерия мәселесіне қатысты Ислам революциясының жетекшісі үкіметті мәдениетті көтеру саласында толық бағдарлама ұсынуға міндетті деп санайды. Қоғам адамдарының иманы мен діндарлығын арттырумен бірге үкімет мәдениетке құндылықтың бағдарды ұсынуы керек. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Үкіметтің мәдени басшылары бір минут кешіктірмей қоғам мәдениеті мен мәдени құралдарға құндылықтың бағдарын көрсетуі керек. Сондықтан, мәдени ағымдарды және өнер мен әдебиет, өлең мен кинемотографияның және басқа салалардың құнсыз жолға түсуіне көптеген талпыныс жасалды. Сіздер елдің мәдени алға ілгерілеуіне құндылық бағдар беруге көмектесіңіздер",- деді.   

Ислам революциясы жетекшісінің пікірі бойынша, мәдени инженерияның рөлін қалыптастыру үшін мәдениет саласында қандай жұмыстар жасағымыз келетінін анықтауымыз қажет. Хазірет бұл жерде мәдени жұмыстардың мақсаттарын дұрыс анықтау қажеттілігін қуаттап: "Мақсатты анықтау өте маңызды. Оған немқұрайдылық танытуға болмайды. Біз халықтың ахлағы және мәдениетімен не істейміз? Біз исламдық үкімет ретінде өз қоғамымыздың мәдениетіне немқұрайдылық таныта аламыз ба? Әрине, жоқ. Біздің міндетіміз – мүмкіндігімізше халықты дұрыс жолға нұсқау",- деп баса айтты.

Үкімет пен үкіметтік органдарда халықты жақсылыққа қарай нұсқайтын әртүрлі құралдар бар. Олар дұрыс басқарып, қоғам мәдениетін арттыру саласында көптеген пайда көре алады. Діни жетекші бұл туралы: "Халықты дұрыс жолға нұсқайтын құралдардың қатарына Телерадио бірлестігі, Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі, Ғылым министрлігі, Білім және тәрбие министрлігі жатады. Бұлардың барлығы халыққа қызмет етіп, дұрыс жолға нұсқайтын органдар. Біз оларды қалай пайдаланамыз? Біз діндар адам тәрбиелейтіндей, діни негіздер құрметтелетіндей амал етуіміз керек. Барлық салада осы бағдарды ұстануымыз керек. Мәдениет министрлігінде кітап, өнер, бейнетаспа  және басқа мәселелер көтеріледі. Біз барлығымыз халықты дінге, Аллаға қарай бейімдеуіміз керек",- деді.

"Біз барлығымыз халықты дін мен Аллаға қарай бейімдеуіміз керек".

Басты мәселелерді белгілеу – мәдени инженерия негіздерінің бірі. Аятолла Хаменеи өзі тікелей мәдени істерге араласып, үкіметке басты мәселелер топтамасын ұсынды. Ислам революциясының жетекшісі өз сөздерінде сан рет үкімет басшылары мен мәдени саладағы қайраткерлерді  мәдени істердің шынайы іс екендігіне назар аудартып, ол үшін көптеген талпыныс жасау қажет екендігін қуаттады. Хазірет сан рет: "Үстірт жұмыстармен қанағаттануға болмайды. Бір жұмыстан ондаған жұмыс шығатын маңызды жұмыстарға көбірек көңіл бөлу қажет. Мен бір кезде  қажет маңызды жұмыстардың тізімін президент мырзаға тапсырдым. Мәдени салада абай болуымыз қажет. Бөгде шапқыншы мәдениетке көмектеспейік. Ол қатерлі. Егер біз әртүрлі таптар мен зиялылардың мәдениетін бір мақсатта алға ілгерілетпесек, дұшпанның соққыларынан аман қалмаймыз. Жұмыс қиындайды. Сіздер шешім қабылдағанменен, дұшпан оларды бұзып, басқаша сараптайды",- деп ескертті.

 

Тегтер