Жетекшілік хадисы 134
Дүниеқұмарлықтың түпкі мақсат болуы жағымсыз саналады. Дүние адамның мақсаты болса, адам соған жету үшін ұрлық, қиянат, пара алу мен осыларға ұқсас басқа да жамандықтарды іске асырады.
Алланың адамға сыйлаған ең үлкен нығметтердің бірі тәубе етіп, қараңғылықтан жарыққа қарай оралу. Қараңғылық пен зұлмат күнә жасау және Алланы еске алуға немқұрайдылық танытудан пайда болады. Күнә жасау мен Алланы еске алуды ұмыту дүниеқұмарлықтан тамырланады. Исламның ұлық пайғамбары: «Дүниеқұмарлық – барлық қателік пен барлық күнәнің тамыры»,- деген болатын. Хазіреттің бұл сөзі дүниеқұмарлықтың барлық қателіктер, күдік-күмәндер мен бұрмаланушылықтардың қайнары екенін және бұл айыптан өзін тазартып, тәубе еткен адамның барлық айыптарынан алыстап, олардың барлығы үшін тәубе еткен саналатынын көрсетеді.
Имам Саджад (ғ.с.)-нан: «Алланың алдында ең жақсы амал не?»- деп сұраған кезде имам: «Алла мен Оның елшісінің мағрифатынан кейін дүниемен дұшпан болудан артық ешбір амал жоқ»,- деп жауап берген. («Усул Кафи», 3-ші том). Дүниеге теріс қарау және немқұрайдылық таныту деген адамды мақсаттары мен талап-тілектерінен алыстатып, бақытқа жететін жолдан бұрмалайтын дүниеге теріс қарау болып табылады. Имам Әли (ғ.с.) дүниеден алыстап, оны балағаттаған адамға дүниені мадақтап: «Шын мәнінде, дүниемен әділ қарым-қатынас орнататын адам үшін ол шынайы сарай, оны дұрыс түсінген адам үшін илаһи азаптан құтқаратын қауіпсіз кеңістік. Дүние – ғибадат ететін, Алланың достары құлшылық ететін, Алланың періштелері намаз оқитын әрі Алланың уәһиі түскен мекен. Дүние Алланың достары сауда жасайтын мекен. Бұл мекенде илаһи рақымға ие болуға болады. Бұл саудада сый ретінде адамға жәннат ұсынылады. Олай болса дүниені айыптайтын адам кім?»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 126-шы сөз).
Имам Әли (ғ.с.) келесі бір сөзінде дүниенің болмысын анықтап: «Дүние оған ғибрат көзімен қарайтын адамды хабардар етіп, дүниенің зейнеттеріне ғана көзі түсетін адамды соқыр етеді»,- деді. («Наһдж ул-Балағе», 81-ші құтпа). Сондықтан, егер дүниеге ғибрат көзімен қарайтын болса, дүние көптеген ақыл-кеңес пен сабақ береді. Бірақ, егер ләззаттар мен шаһуаттарға ғана қарайтын болсақ, бізді соқыр етеді. Адам жақсырақ көру үшін көзілдірік киеді. Көзілдірік киіп қарау айналамыздағы дүниеге әйнектің артынан қарау сынды. Алайда, егер адам көзілдірікті айналасын қарауға пайдаланудың орнына оның өзі мен әйнектеріне қарап, таңғалатын болса, басқа еш нәрсені көрмейді. Бір адам имам Садық (ғ.с.)-ға: «Біз дүниені талап етіп, соған жетуді сұраймыз»,- дегенде имам: «Қолыңа түскен нәрсемен не істегің келеді?»- деп сұрайды. Адам: «Өзім мен отбасымның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, жақындарыммен қарым-қатынас орнатып, кедейлерге көмектесіп, кіші және үлкен қажылыққа барғым келеді»,- деді. Имам: «Бұл дүниеқұмарлық емес, ақырет талап ету»,- дейді.
Дүниеқұмарлықтың түпкі мақсат болуы жағымсыз саналады. Дүние адамның мақсаты болса, адам соған жету үшін ұрлық, қиянат, пара алу мен осыларға ұқсас басқа да жамандықтарды іске асырады. Имам Әли (ғ.с.) мұндай дүние туралы: «Мұндай дүние – астаң-кестең. Қуаныштары қуантпайды, сыйлары уайым тудырады. Бұл дүниеде өмір сүру қиын, Ол шындық іздегенді айыптап, атқа мінгенді құлатады. Оған сенген адамға қиянат жасап, қуанатын адамды өзінен алыстатады. Алланың пенделері! Айырылығыларың келмесе де сендерге теріс қараған дүниеге жабыспаңдар. Дүниенің жаңарғанын жақсы көргендеріңмен, ол ескіреді. Дүниенің зейнеттері мен тыныштықтарына қызықпаңдар, қиындықтарына сабыр сақтаңдар. Бұрынғылардан қалған белгілер дүниеқұмарлықтан алыстатпайды ма? («Наһдж ул-Балағе», 109-шы құтпа) деген.