Қаз 28, 2017 18:45 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 80

Адамзат қоғамдары бір-бірінен алыс орналасқан мекендер мен аралдар емес, олар бір-бірінің қасында орналасқан. Бір мекенді басқа мекеннен ерекшелендіретін нәрсе – ол географиялық шекараларымен бірге сол аймақтың жергілікті мәдениеті.

Әр аймақ өзінің тілі мен салт-дәстүрлеріне ие. Жергілікті мәдениет әдет-ғұрып пен тіл мен мекеннің болмысын көрсетеді. Үлкен бір қоғамдағы жергілікті мәдениеттер ұлттық мәдениеттің аясында дамып, ұлттық мәдениетке ғиззат пен күш-қуат сыйлайды. Ұлттық мәдениет халыққа ұлттық болмысты ұсынып, ұлттық мәдениеттің тамыры нығайған сайын ұлттық болмыс күшейеді. Ислам революциясының көзқарасы бойынша, халықтың болмысы мен мәдени құндылықтары оның шынайы рухын көрсетеді.

Аятолла Хаменеи

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, қоғамның мәдени мәселесі өміршең мәселе. Хазіреттің көзқарасы бойынша, мәдениет – бір қоғамның негізі және қоғамның қырағылығының белгілі. Егер бір қоғамның мәдениеті дұрыс мәдениет болса, қоғамның экономикасы мен тұрмысы, азаттығы мен басқа да факторлары алға басады. Ислам революция жетекшісі жақсы мәдениет экономикалық, ғылыми және саяси тұрғылардың дамуына ұластырады және мұндай қоғам азаттық тұрғысынан да өз мақсаттарына жетеді деп санайды.

Аятолла Хаменеи Батыс мемлекеттерінің жастарына жолдаған хатында жергілікті және ұлттық мәдениеттің әдеміліктеріне тоқталды. Хазірет хатында тамырланған мәдениеттерді нысанаға алатын үнсіздіктің бет пердесін ашып, Батыс жастарына: «Әлем мемлекеттерінің көбі өздерінің жергілікті және ұлттық мәдениеттерін мақтан тұтады. Бұл мәдениеттер жүздеген жылдар бойы адамзат қоғамдарын жақсы қамтамасыз етті. Ислам дүниесі де бұл мәселеден тысқары емес. Бірақ, қазіргі кезеңде Батыс қоғамы дамыған құралдарды пайдаланып, әлем мәдениеттеріне қысым көрсетуде. Мен Батыс мәдениетінің басқа халықтарға таңылуы мен тәуелсіз мәдениеттерді кішірейтуді көп шығын келтіретін үнсіз зорлық санаймын. Бай мәдениеттерді кемсітіп, олардың ең маңызды бөлімдеріне тіл тигізу орынындарына басқа мәдениет ұсынылмаған жағдайда жасалуда. Өкінішке орай, ызалану мен ахлақтық тұрақсыздық Батыс мәдениетінің негізгі факторларына айналды. Егер біз мағынасыз және дөрекі мәдениетті қаламасақ, күнә жасағанымыз ба? Егер жастарымызды нысанаға алып, оларды бұзатын өнер өнімдерінің тасқынына тосқауыл қойсақ, кінәлі боламыз ба?» - деді.   

Аятолла Хаменеи еш уақытта мәдени байланыстар мен қарым-қатынастарға қарсылық білдірмеді. Бағдарламаның басында айтылғандай, адамзат қоғамдары бір-бірінен алыс орналасқан аралдар емес, керісінше олар бір-біріне әсер етеді.

Діни жетекші өз хатында оң және теріс мәдени қарым-қатынастарға көңіл бөліп, мәдени байланыстардың маңыздылығы мен құнын білетінін айтты. Бұл байланыстар табиғи жағдайда және қоғамды құрметпен алға ілгерілетеді. Бірақ, оларға керісінше мәжбүрлеу арқылы орын алған қарым-қатынастар сәтсіз әрі зиянды болады. Хазірет өкінішпен гетерогендық мәдени байланыстарға тоқталып, солардың салдарынан лаңкестік топтардың пайда болғанын мәлімдеп: «ДАИШ сынды лаңкестік топтардың бөгде мәдениеттермен сәтсіз байланыс орнатудың салдарын екендігін өкінішпен айтамын. Тарихи құжаттар отаршылардың экстремистік ой-пікірлерімен аймақта экстремизмнің тұқымын сепкенін анық көрсетеді. Әйтпегенде, әлемнің нағыз ахлақтық және адамгершілік негіздеріне сүйенген, әрі бір адамды өлтіруді бүкіл адамзатты өлтіру санайтын діни мектебінен ДАИШ сынды қоқыстың шығуы мүмкін бе?»

Мәдени байланыстар кейде дамуға, кейде қирауға себеп болады. Ұлттық мәдениетті қорғап, оны байыту – маңызды. Мәдениеттің кері кетуі қоғам үшін орны толмас шығын келтіреді. Ислам революциясы жетекшісі бұл туралы: «Егер мемлекеттің мәдениеті кері кетіп, бір ел болмысынан айрылса, тіпті, бұл елге енгізілетін басқалардың жетістіктері мемлекетті адамзаттың қоғамында беделді орынға орналастырып, бұл елдің халқының мүдделерін сақтай алмайды»,- деді.

 Өзіне деген сенім ұлттық болмысқа үлкен әсерін тигізеді. Егер бала кезден және мектеп қабырғасында, сондай-ақ, кейін жоғары оқу орындарында өзімізге сенім артуды үйренсек, ұлттық және мәдени болмысымыз басқа мәдениеттермен бетпе-бет келген кезде азырақ шығын көреді немесе тіпті, оған ешқандай нұқсан келмейді.  

Мәдениет факторы өте маңызды. Шын мәнінде, мәдениет көптеген бұтақтары мен жапырақтары бар көне ағаш сынды. Бағбан ағашты күтіп, уақытында суарып, артық бұтақтары мен жапырақтарын қиып, жинап отырса, ағаш дәмді әрі мол жеміс береді. Ал егер ағаш дұрыс күтілмесе, құрт жеп, ішінен шіри бастайды. Мәдениет те ағашқа ұқсас. Ол да күтімді қажет етеді.

Аятолла Хаменеидің пікірінше, мәдениет басқаруды қажет етеді. Хазірет үкімет пен оның қарамағындағы органдардың елдің мәдениетін басқаруын маңызды санайды. Ислам революциясының жетекшісі: «Мәдени тұрғыдан үкімет  бағбан сынды қамқоршы болып, елдің мәдени кеңістігін жауапты түрде қадағалауы қажет»,- деді.

Дұрыс  және жауапты басшылықтың болмауы талан-тараждан басқа нәтиже әкелмейді. Діни жетекші: «Мәдениет шек пен шекара және заңға кепілдік береді. Халыққа дәрі-дәрмек пен шіріген азық-түлікті таратуға рұқсат етпейтін Денсаулық министрлігі сияқты мәдениетте де халыққа шіріген тауар таратылмай, олардың жүрегі мен ойларының ластанбауына көңіл болу керек»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі мәдени мәселеге қатысты қысымды қолдамайды. Аятолла Хаменеи мәдени бақылау туралы: «Мәдени мәселені үкімет қырағы әрі ақылды, хабардар түрде бақылап, қоғамды дұрыс жолға нұсқап, сонымен бірге қоғамдағы адамдардың мәдени дамуына көмектесуі керек. Қоғамның азаматтары, әсіресе жастарын дұрыс жолға нұсқап, дамытқан жөн. Біз бейберекеттікке жеткізетін салғырттық пен  азаттық және қатаң бақылауға алуды дұрыс санамаймыз. Алайда бақылау мен басқару шындықтарды дұрыс пайдалануға себеп болады» деді.

 

 

Тегтер