Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 15
Исламның әртүрлі мазхабтары шапағатты заңды тақырып және Исламның ұлық пайғамбарының қиямет күні шапағат сұрайтындардың бірі екенін қуаттайды.
Уаһабшылар өздері Ислам дініне көптеген бедғат енгізіп, соларға қатысты ешқандай ақылға сай дәлелдер мен құжаттар ұсынабаған жағдайда шиіттерді Ислам дініне бедғат енгізді деп айыптап, оларды діннен шыққандар деп санайды. Тәкфиршіл лаңкестік топтардың бедғаттарының бірі Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ды еске алып, құрметтеу рәсімін харам деп санауы болып табылады. Бұл туралы өткен бағдарламада баяндадық. Құран пайғамбарды мадақтап: «Сенің абыройыңды көтермедік пе?» деп айтқан жағдайда тәкфиршіл уаһабшылар Алла елшісі мен басқа діни тұлғаларды еске алып, оларға құрмет көрсетуге тыйым салуда. Тәкфиршілердің ақылға сыймайтын пәтуаларын зерттейтін Мысырдың орталығы бұл пәтуаға жауап ретінде: «Құран Кәрім исламның ұлық пайғамбарын әлемдіктер үшін жіберілген рақым пайғамбары деп атады. Рақым арнайы іспен шектелмейді. Пайғамбар тәлім-тәрбие беріп, адамзатты тура жолға нұсқау үшін жіберілген әрі тек белгілі бір тарихи кезеңге ғана емес, барлық кезеңдерге қатысты. Ваххабизм ағымынан басқа барлық исламдық мазхабтар Исламның ұлық пайғамбарының туған күнін тойлауды бедғат санамаған. Сол себепті Сауд Арабиясынан басқа барлық исламдық мемлекеттерде Ислам пайғамбарының туған күні – демалыс",- деді.
Тәкфиршіл уаһабшылардың келесі қате наным-сенімі шапағат мәселесіне қатысты. Тәкфиршілердің пікірінше, адамның ғайыппен қарым-қатынас орнатуы бұрыс әрі мүмкін емес іс. Сондықтан, ғайыппен қатынас орнату күпірлікке себеп болады. Өйткені, ғайып тек Алланың ықтиярындағы іс. Тәкфиршіл топтар Құран мен шариғаттан дәлел келтірмей, қабірге зиярат ету, танымал адамдардың қабірі мен зарихын сүйіп, олардан көмек сұрауға тыйым салып, бұл істерді күпірлікке себеп болады деп санайды. Исламның әртүрлі мазхабтары шапағатты заңды тақырып және Исламның ұлық пайғамбарының қиямет күні шапағат сұрайтындардың бірі екенін қуаттайды. Тәкфиршілер ғайып күшіне ие болуды Алланың құдыретіне қайшы және күпірлікке себеп болады деп санайды. Құранның әртүрлі аяттарында таңдаулы адамдардың, әсіресе пайғамбарлардың ғайып күшіне ие болуы расталған. Бұл туралы Құран Кәрімдегі хазірет Юсуф оқиғасына тоқталуға болады. "Юсуф" сүресінде мақтадан жасалған хазірет Юсефтің жейдесі хазірет Яқұптың бетіне тиіп, хазіреттің көзіне көру қабілетінің қайта оралуына себеп болды. Бұл – хазірет Юсуфқа берілген ғайып құдыретінің белгісі. Алайда, хазірет Юсуфтың көзінің көруіне мақтадан жасалған жейде емес, хазірет Юсуфтың пәк болмысы себеп болды.
Тәкфиршіл уаһабшылар кейбір аяттар мен рауаяттарға сүйеніп, шапағатты тек Алланың ісі санайды. Олар "Зумәр" сүресінің "(Мұхаммад с.ғ.с.): “Барлық шапағат Алла үшін. Көктер мен жердің иелігі Оған тиесілі. Сонсоң Ол жаққа қайтарыласыңдар” де" деп айтылған 44-ші аятына сүйенеді. Жауап ретінде "Шапағат жоғары дәреженің қасында орын алады" деп айтуға болады. Жаратылған әлемде Алладан жоғары адам бар ма? Әрине, Алла барлық жаратылыстан артық әрі жоғары. Ол ешкімнің қасында шапағат жасамайды. Расында былай ойлауға да болмайды. Өйткені, ол аспандар мен жердің Иесі. Сондықтан аятта айтылған "Барлық шапағат Алла үшін» деген сөздің мағынасы Алланың шапағаттың негізгі иесі екенін білдіреді. Негізінде Алла Тағала рұқсат берген адам шапағат ете алады. Бірақ әрбір шапағат нәтижесінде Аллаға оралады және оның рұқсатынсыз шапағат ету мүмін емес. Құран аяттары шапағатты тек Жаратушымен шектеме»ді. "Мәриям" сүресінің 87-ші аятында: "Рахманның қасында уәде алғаннан басқа ешкім шапағат ету күшіне ие бола алмайды", "Бақаре" сүресінің 255-ші аятында: "Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді?",- деп айтылған. Осы аяттарға сәйкес, Алла Тағала рұқсат берген адамдар шапағат ете алады. Тәкфиршілер "Таһа" сүресінің "Сол күні Рахман рұқсат берген, сөзін жақтырғаннан басқаның шапағаты пайда бермейді" деп айтылған 109-шы аятында сүйеніп, шапағатты қиямет күнімен байланыстырып, оны тек Алланың ісі деп санайды. Алайда, Құран аяттары Исламның ұлық пайғамбарының дүниедегі шапағатын дәлелдейді. Мәселен, "Ниса" сүресінің 64-ші аятынан: "Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне бір кесір істеген заман саған келіп, Алладан жарылқану тілесе, әрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, әрине олар Алланы тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді",- деп оқимыз. Тәкфиршілер пайғамбар мен дін әулиелерінің шапағатын теріске шығарып, өлген адамдардан шапағат тілеуді пайдасыз санайды. Бұл туралы "Нәмл" сүресінің 80-ші аятында: "Шынында өліктерге естірте алмайсың. Әрі бұрылып, қашқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың",- деп айтылған. Бұл аят кәпірлер мен шындықтан теріс бұрылғандарды естімейтін өлгендерге теңейді. Құранның айтуынша, шәһидтер – тірі, әрі олар Алланың сүйіктілері. Сондықтан, Алланың алдында жоғары орынға ие пайғамбар бұл дүниеде де, өлгеннен кейін де біздің дұғаларымыз бен өтініштерімізді естиді. Сондай-ақ, пәк әрі таңдаулы адамдардың аруақтары барзақта біздің сөздеріміз бен тілектерімізді естиді.
Айта кететін жайт, барлық мұсылмандар күнделікті бес намаздарында Исламның ұлық пайғамбарына сәлем жолдайды. Егер Алланың елшісі бұл дүниедегілердің сәлемін естімесе, сәлем жолдаудың мағынасы болмас еді. Яғни, біздің сәлеміміз бен дұғаларымыз пайғамбарға (с.ғ.с.) жетеді. Сол себепті хазірет біз үшін шапағат ете алады. Ахмад Ханбалдың "Мостанад" еңбегі мен "Сахих Бухари» кітабында Исламның ұлық пайғамбарының шапағат етушілігі туралы хадис келтірілген. Бұл хадисте былай деп айтылған: "Маған бұдан бұрын ешкімге берілмеген бес нәрсе берілді: жерді мен үшін сәжде жасайтын мекен етті; олжаларды халал етті; дұшпанның жүректеріне үрей мен қорқыныш тудыру арқылы маған көмек көрсетілді; маған Құран жіберіліп, шапағат берілді". Сонымен бірге Ахмад бен Ханбал пайғамбардың: "Пайғамбарлар Алланың жалғыз екендігіне ықыласпен куәлік еткен әрбір адамға шапағат етіп, оларды тозақтан шығарады",- деп айтқан сөзін жеткізді. Сүнниттердің әйгілі ғалымы Әли Ибн Ахмад Самхудидың "Вафа әл-Вафа" кітабында: "Алланың алдында пайғамбарға (с.ғ.с.) бұл дүниеде, хазірет дүниеден озған кезде, барзақ әлемінде және қиямет күні де шапағат тілеуге рұқсат етілген. Сондықтан Омар бен Хатабтың хазірет Адамның Исламның ұлық пайғамбарына тавассул етуі туралы рауаятта былай деп айтылған: "Хазірет Адам келешекте Исламның ұлық пайғамбарының дүниеге келетіні туралы мәліметке ие болып, Алланың алдында: "Уа, Алла! Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның атымен Өзіңнен мені кешіруді сұраймын",- деген. Шапағаттың алдын ала қойылатын шарттары да болады. Адам иман келтірген әрі түзу ғамал иесі болған жағдайда ғана пайғамбар мен Алланың әулиелерінен шапағат тілей алады. Сондықтан, Алланың сенімінен шығып, илаһи тағылымдардан ауытқып, бұзақылықтар мен қылмыстарға ластанған адамдар шапағаттан мақұрым қалады. Құран аяттары шапағатқа қатысты ешбір күмән келтірмейді. Бірақ, тәкфиршіл ағымдар негізсіз әрі әлсіз дәлелдерге сүйеніп, шапағат мәселесін теріске шығарады.