Қар 15, 2017 16:14 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 137

Хазірет Әли (ғ.с.): Алланың алдындағы ең сүйікті құлдардың бірі – Алланың нығметтеріне шүкіршілік білдіріп, оларды дұрыс пайдаланатындар. Алланың алдындағы ең жағымсыз адамдар – Оның нығметтерін теріс пайдаланатындар, яғни нығметтерге күпіршілік білдірушілер.

Нығметтерге күпіршілік білдіру оларға шүкіршілік білдіруге қарсы жаман іс саналады. Нығметке күпіршілік білдіретін адам Алланың көптеген құнды нығметтерін бағаламай, оларды теріске шығарып, олардың құқықтарын орындамаған саналады. Хазірет Әли (ғ.с.): «Нығметті бағаламау күпірліктің негізі және нығметтерге алғыс айтпау саналады»,- деген. («Мостадрақ әш-Шие», 12-ші том).

Алла Тағала Құран аяттарында адамның жағымсыз сипаттарын баяндаған кезде олардың бірі ретінде нығметтерге күпіршілік білдіруді атайды. «Нахл» сүресінің 112-ші аятында нығметке күпіршілік білдіретіндер туралы: «Алла сендерге бейбітшіліктегі жайбарақат бір кентті мысал берді: оған әр тараптан мол ризық келуші еді. Ақырында, Алланың нығметіне қарсы келді. Сондықтан Алла оларға қылықтарының салдарынан ашаршылық және қауіп-қатердің тонын кидіріп, жапа тарттырды»,- деді. Бұл аятта нығметке күпірлік білдіргендерге Алла оларға қылықтарының салдарынан ашаршылық пен қауіп-қатердің тонын кидіріп жапа тарттырды деп айтылды. Яғни, олар ашаршылық және қауіп-қатермен кезігіп, алаңдаушылыққа тап болады. Имам Садық (ғ.с.) бұл аятты түсіндіріп: «Алла Тағала халыққа нығмет береді. Бірақ халық нығметтерге шүкіршілік білдірмейді. Соңында сол нығметтер олардың бақытсыздығына себеп болады»,- деген болатын. Имам Джавад (ғ.с.): «Шүкіршілік білдірілмеген нығмет кешірілмейтін күнә сынды»,- деген. Яғни, кешірілмеген күнәнің азапқа себеп болатыны сияқты нығметке шүкіршілік білдірмеу де азап әкеледі. Нығметке күпіршілік білдіру тек дінсіз және кәпірлерге ғана қатысты емес. Кейде иман келтірген адамдар да нығметтерді бағаламайды. Осыған орай хазірет Сүлейман Белгейстің тағын өзінің қасынан көрген кезде: «Бұл Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік кылам ба, күпірлік қылам ба, мені сынау үшін. Кім шүкірлік қылса, әрине өзі үшін қылады. Ал кім күпірлік етсе, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мұқтаж емес), өте жомарт»,- деді. («Нәмл» сүресі, 40-шы аят). Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Алланың кітабында күпірліктің бес түрі көрсетілген. Соның бірі – нығметтерге күпіршілік ету. Содан соң хазірет Сүлейменнің сөзін баяндайтын Алланың сөзіне тоқталған»,- деп айтылған.(«Усул Кафи», 2-ші том). Нығметтерге күпіршілік білдіру олардан айрылуға себеп болады. Өйткені, Алла Тағала дана. Оның барлық жұмыстары хикмет пен мақсатқа негізделген. Сондықтан дәлелсіз ешкімге ешнәрсені сыйламайды және себепсіз ешкімнен еш нәрсені алмайды. Алайда шүкіршілік білдірмейтіндер илаһи нығметтерге ие болуға лайық емес. Сондықтан Жаратушы олардан нығметтерін алып қояды. Керісінше, илаһи нығметтерге шүкіршілік білдіріп, нығметтеріңді қадірлейміз деп айтатындардың нығметтерін арттырады. Имам Әли (ғ.с.): «Нығметтерге күпіршілік білдіру олардан айырылуға, нығметтерге шүкіршілік білдіру олардың артуына себеп болады»,- деген. («Мастадрақ әл-шие», 11-ші том). Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Егер шүкіршілік білдірсе, нығметтер тұрақты қалады, ал егер күпіршілік етсе таусылады»,- деп айтқан.

Құдайға шүкіршілік білдіру

 Нығметтерге күпіршілік білдіргеннің жазасы осы дүниеде адамды тез арада қиындықтарға тірейтін күнә саналады. Имам Реза (ғ.с.)  бұл туралы: «Ең жылдам жаза нығметтерге күпіршілік жасағандарға тиесілі»,- деген. («Васаел әл-Шие», 16-шы том). Имам Әли (ғ.с.) Алла елшісінің: «Үш күнәнің жазасы жылдам әрі осы дүниеде орын алып, ақыретті күтпейді. Бұл үш күнәға ата-анадан безу, халыққа зұлымдық жасап, нығметтерге күпіршілік білдіру жатады»,- деп айтқан хадисін есіне алатын. («Васаел әл-Шие», 12-ші том). Нығметтерге күпіршілік етіп, илаһи нығметтерге шүкіршілік білдірмеу адамның басқа адамдардың алдында алғыс айтпауына себеп болады. Мұндай адамдар халықтың еңбегі мен қызметін олардың міндеті санап,  әрқашан адамдарды өзіне міндетті деп санайды. Сондықтан халық одан теріс айналып, шүкіршілік білдірмейтін адам оқшауланып, жалғыз қалады. Оның досы болмайды. Имам Хасан Мұджтаба (ғ.с.) нығметтерге шүкіршілік білдірмеуді зұлымдықтың бір түрі деп атаған. («Бихар әл-Анвар», 75-ші том).

***********************************

 

 

Тегтер