Қар 17, 2017 16:13 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 16

Тәкфиршіл уаһабшылардың көп өтірік айтқан келесі тақырыбына қабірлерге зиярат ету мәселесі жатады. Ислам тарихында мұсылмандар арасында танымал тұлғалардың қабірлеріне зиярат ету мұстахаб іс болып қалыптасқан.

Тәкфиршіл салафиттер  шапағат мәселесін толығымен теріске шығарып, оны күпірлікке себеп болады деп санайды. Негізінде Исламның әртүрлі мазхабтары, соның ішінде шиіттер мен сүнниттер шапағатты заңды тақырып және Исламның ұлық пайғамбарының қиямет күні шапағат сұрайтындардың бірі екенін қуаттайды. Сүнниттердің танымал ғалымы Әли Ибн Ахмад Самхудидың "Вафа әл-Вафа" кітабында: "Алланың алдында пайғамбарға (с.ғ.с.) бұл дүниеде, хазірет дүниеден озған кезде, барзақ әлемінде және қиямет күні де шапағат тілеуге рұқсат етілген. Сондықтан Омар бен Хатабтың хазірет Адамның Исламның ұлық пайғамбарына тавассул етуі туралы рауаятта былай деп айтылған: "Хазірет Адам келешекте Исламның ұлық пайғамбарының  дүниеге келетіні туралы мәліметке ие болып, Алланың алдында: "Уа, Алла! Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның атымен Өзіңнен мені кешіруді сұраймын",- деген.

Шапағат

Тәкфиршіл уаһабшылардың көп өтірік айтқан келесі тақырыбына қабірлерге зиярат ету мәселесі жатады. Ислам тарихында мұсылмандар арасында танымал тұлғалардың қабірлеріне зиярат ету мұстахаб іс болып қалыптасқан. Қабірге зиярат етуге бірінші болып тыйым салған адам Ибн Таймие болды. Ол қабірге зиярат ету туралы пайғамбардан қалған барлық хадистерді сенімсіз, ойдан шығарылған хадистер деп атады.  Саудиялық бұрынғы мүфти Бен Боз пайғамбар мен илаһи әулиелердің қабірлерінің қасында дұға оқу, құрбан шалу мен нәзір етуді пұттар, ағаштар және тастардың алдында дұға етімен бірдей санап, бұл істерді шерк деп атады. Ол сондай-ақ, қабірге зиярат ету үшін басқа елге баруды  бедғат санады. Ол қабірге зиярат ету мен Алладан басқаға дұға жасауды бұрыс деген кезде "Мүминун" аятының117-ші аятында сүйенді. Бұл аятта: "Біреу, Алла мен бірге дәлелсіз басқа бір тәңірге табынса, рас оның есебі Раббының қасында. Өйткені, қарсы болғандар құтылмайды",- деп айтылған. Тәкфиршіл топтар Құран мен рауаяттарды бұрмалап, қабірге зиярат етуді шерк деп біліп, оларды қиратуды уәжіп санайды. ДАИШ-тың бұрынғы басшысы Абу Омар әл-Бағдади бұл лаңкестік топтың ой-пікірін 2007 жылы 19 бапта мәлімдеді. Бірінші бабында шерктің көрінісі саналатын қабірлерді қирату болды. Ол: "Біз шерктің барлық көріністері мен оның барлық құралдарына тыйым салатындығымызға сенімдіміз",- деп жариялады. Сондай-ақ, дәлел ретінде Мүслімнің Абу әл-Хаяджден айтқан рауаяты бойынша Исламның ұлық пайғамбарының хазірет Әлиге: "Мен сені өзім жіберілген жақсылыққа қарай нұсқаймын. Сен барлық суреттерді жойып, биік орналасқан  барлық қабірлерді тегісте",- деп айтқан рауаятын келтірді.  

ДАИШ имамдар мен сахабалар қабірлерін қиратады

ДАИШ пайғамбарлар мен әулиелер және имамдардың ұрпақтары мен сахабалардың  зарихтарын шерктің көрінісі деп сылтауратып, қиратуда. ДАИШ пайғамбарлар мен илаһи әулилердің қабірлерімен бірге кейбір діни тұлғалардың, соның ішінде шиіттердің қабірлері мен басып алған жерлеріндегі мәдени және сәулет мұраларын талан-таражға салған әрекеттерін жасыру үшін жермен-жексен етуде. «Джебхат ан-Носрат» тобының лаңкестері Дамаск аумағында Алла елшісі сахабаларының бірі Худжр бен Удайдың қабірін қиратып, оны қазып,  сүйегін белгісіз мекенге ауыстырды. ДАИШ тобы келесі қылмысында имам Әли (ғ.с.)-ның адал серіктерінің бірі Увейс Қарани мен Сирияның солтүстігіндегі Раккадағы пайғамбардың сахабаларының бірі Аммор Ясердің қабірін қиратты.  Сеффейн шәһидтерінің зираты Ракка қаласының оңтүстік шығысында Евфрат өзені жағалауынан бір шақырым жерде орналасқан.  Аммар Ясер, Увейси Қарани және имам Әли (ғ.с.)-мен бірге Муавие әскеріне қарсы соғысып шәһид болған Аби бен Қейстің қабірі орналасқан бұл зират хиджри жыл санағы бойынша 37-ші жылы салынды. ДАИШ тобы сондай-ақ, Исламның ұлық пайғамбарының сахабасы Уабсе бен Мабад әл-Асадидің қабірін де қиратты. Бұл Сириядағы ең көне мұралардың бірі болған. Алайда мұсылман тұлғалардың мазарларын тек ДАИШ пен ан-Носрат топтары ғана қиратып жатқан жоқ.

ДАИШ Сириядағы Увейс Қарани мен Аммор Ясер қабірлерін қиратты

Ливия мемлекеті Қаддафи үкіметі  құлаған соң тәкфиршіл топтардың, әсіресе Ансар әш-Шариат тобының пайғамбардың (с.ғ.с.) немерелері мен хазіреттің адал сахабаларының қабірлерін қиратумен бетпе-бет келді. Ең үлкен апаттардың бірінде Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) мазлұм немерелерінің  бірі Абдулсалам әл-Асмардың мешіті мен кесенесі қиратылды. Бұл кесененің қасында мыңдаған жылдық құжаттар мен шиіттердің кітаптары жинақталған үлкен кітапхана орналасқан болатын. Ливияның Мәдениет министрінің айтуынша кітапхана елінің ең үлкен кітапханасы болған. Кесене қиратылған соң, кітапхананы босатып, өртеп жіберді. «Төрт мазхабтың фикхы» атты кітап бойынша сүнниттердің төрт мазхабы пайғамбардың (с.ғ.с.) қабіріне зиярат етуді мұстахаб санайды. Аталмыш кітапта: «Пайғамбардың қабіріне зиярат ету – ең жоғары мұстахаб істердің бірі. Бұл туралы көптеген хадистерде айтылған»,- деп жазылды. Уаһабшылар құжаты немесе дәлелдері дұрыс емес кейбір рауаяттарды қолданып, Ислам дінінің танымал тұлғаларының қабірлеріне зиярат етуді тауһидке сай емес және шерк санап, «қабірлерге зиярат ету – оларға табыну» деген өтірікті таратады. Аяттар мен рауаяттар бойынша, қабірлерге зиярат ету – рұқсат етілген амал. «Ахзаб» сүресінің 56-шы аятында: «Расында Алла Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер»,- деп айтылған. Пайғамбар бұл дүниеден озғанымен, Алла мен періштелері хазіретке сәлем жолдайды. Сондай-ақ, Алла Тағала мүміндерден пайғамбарға үзбей сәлем мен салауат айтуды талап етеді. Яғни, уаһабшылардың пікірілеріне керісінше, пайғамбар Алла мен періштелерінің және мүміндердің сәлемін естиді. Сондықтан, пайғамбарға сәлем мен салауат айту пайдасыз іс емес. Бұл сәлем мен салауаттың берекелі сондай, дана Жаратушы бұл амалды қуаттайды.

әл-Наби мешіті

Құран тағылымдары бойынша,  Исламның ұлық пайғамбарының әулеті мен жақындарының махаббаты біз үшін қажет. Құран «Шура» сүресінің 23-ші аятында: «...(Мұхаммад с.ғ.с.): “Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін” де...»,- деп айтады. Зиярат – жақсы көрудің белгілерінің бірі. Сондықтан, пайғамбардың жақындарына махаббат білдірудің бір жолы – оларға зиярат ету. Яғни, адам пайғамбардың өзі мен әулетін жақсы көретіні мен олардың жолдары мен тәсілдерін үлгі етуге дайын екендігін көрсетеді. Алла елшісі: «Қабірлерді зиярат етіңдер, олар сендерге ақыретті еске салады»,- деген. Мүслім «Сахих хадис» кітабында пайғамдардың жұбайы Айшаның «Пайғамбар түнде Бақи зиратына барып, сол жерде жерленгендерге сәлем жолдайтын» деген сөздеріне назар аудартады. Сүннит ғұламаларының кітаптарында қабірді зиярат етудің мұстахаб екендігі туралы көп айтылған. Сондай-ақ, көптеген хадистер бойынша пайғамбар халықты қабірлерді зиярат етуге жігерлендіріп: «Мен өлген соң маған зиярат ететін әр адам мені тірі кезімді зиярат еткенмен бір»,- деп айтқан болатын. Қабірлерді, әсіресе Исламның танымал тұлғаларының қабірлерін зиярат ету туралы көптеген рауаяттарды кездестіруге болады.

 

 

 

Тегтер